КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ⇐ ПредыдущаяСтр 12 из 12
«Экономикалық талдау» пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстары реферат түрінде және есептер шығару жолымен қабылданады.
Реферат тақырыптары: 1. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі шаруашылық қызметті талдау пәнінің алатын орны 2. Экономикалық талдау – кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың маңызды қызметі ретінде 3. Бухгалтерлік баланс – экономикалық талдаудың басты ақпарат көзі ретінде 4. Шаруашылық қызметті талдаудың дәстүрлі әдістері 5. Салыстыру әдісі – талдаудың негізгі дәстүрлі әдісі 6. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдауда факторлық талдаудың алатын орны 7. Тізбектеп алмастыру әдісінің ерекшеліктері 8. Айырмалар әдісін қолдану алгоритмі 9. Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдаудың қажеттілігі 10. Өнім ассортиментінің құрылымын талдаудағы АВС-талдау әдісінің ерекшеліктері 11. Құрал-жабдықтар паркін пайдалану көрсеткіштерін талдаудың мақсаты 12. Негізгі құралдардың қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығын талдаудың қажеттілігі 13. Кәсіпорында материалдық ресурстарды пайдалануды талдаудың негізгі мақсаты мен міндеттері 14. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері 15. Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың мақсаты мен міндеттері 16. Жұмыс уақытын пайдалануды талдау көрсеткіштері 17. Еңбек өнімділігін талдаудың қажеттілігі және оның деңгейіне әсер ететін факторлар 18. Еңбекақы төлеу талдаудың мәні мен маңызы 19. Өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау және оған әсер ететін факторлар 20. Тікелей материалдық шығындарды факторлық талдау алгоритмі. 21. Пайданы талдаудың негізгі мақсаты мен міндеттері 22. Кәсіпорын қызметінің рентабельділігін талдаудың қажеттілігі 23. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және оның көрсеткіштері 24. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдаудың мақсаты мен міндеттері, көрсеткіштері
Рефератты жазуға қойылатын талаптар: Реферат (латынша referat – баяндасын, referо – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шоу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми–ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларғы талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. 1. Мұқаба беті (үлгі бойынша толтырылады) 2. Мазмұны (реферат бөлімдері, беттері) 3. Кіріспе (зерттелетін мәселенің мәні, тақырыптың таңдалуы негізделеді, рефераттың тақырыбының маңызы және өзектілігі, мақсаты міндеттері анық көрсетіледі). 4. Негізгі бөлім (рефераттың әр бөлімі жекелеген мәселелерді қарастырады; ал келесі бөлімі жалғасын жоғалтуы қажет, кестелер, графиктер, суреттер қосуға болады). 5. Қорытынды (реферат тақырыбы бойынша қорытынды беріледі, ұсыныстар көрсетіледі). 6. Әдебиеттер тізімі. Реферат көлемі 10-15 бет мазмұны стильді және сауатты болуы қажет; текстті жазу кезінде алынған әдебиет мәліметтеріне сүйену қажет күшіндегі талаптарға сәйкес библиография толтырылады. Тапсыру мерзімі: пән бойынша сабақтаң соңына дейін.
|