КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Этиологиясы. ГОК жиі ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарда дамидыГОК жиі ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарда дамиды. Мұндай науқастар жиі жалғыз тұрады, қараусыз, өз жағдайына немқұрайлы қарайды және қажетті мөлшерде сұйықтық қабылдамайды. Жиі декомпенсацияға инфекциялар (диабеттік табан синдромы, пневмония, жедел пиелонефрит), бас миы қанайналымының бұзылуы әкеледі, нәтижесінде науқастар нашар қозғалып, қант деңгейін төмендететін дәрілер мен сұйықтықты қабылдамайды.
7.14 кесте. Гиперосмолярлы кома (ГОК)
Патогенезі Үдемелі өршіген гипергликемия мен осмостық диурез нәтижесінде айқын дегидратация туындайды, жоғарыда келтірілген себептерге байланысты оның орны толтырылмайды. Гипергликемия мен дегидратация нәтижесінде плазма гиперосмолярлығы дамиды. ГОК патогенезінің басты компоненті салыстырмалы инсулин тапшылығы мен контринсулярлы гормондардың артық өндірілуі болып табылады, бірақ ҚД-2 кезінде сақталған қалдықты инсулин секрециясы липолиз бен кетогенезді тежеп тұруға жеткілікті болғандықтан, кетоацидоздің дамуына жол бермейді. Бірқатар жағдайларда тіндік гипоперфузия көрінісінде дамыған гиперлактатемия нәтижесінде орташа айқындылықтағы ацидоз анықталады. Айқын гипергликемия кезінде осмостық балансты сақтау мақсатында цереброспинальді сұйықтықта натрий мөлшері жоғарылайды, яғни натрий бас миы жасушаларынан шығады, оның орнына жасуға калий енеді. Жүйке жасушаларының трансмембраналық потенциалы бұзылады. Естің үдемелі бұзылуы құрысу синдромымен бірге ұштасып дамиды (7.10 сурет).
|