КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Этиологиясы. ДР дамуына әкелетін басты этиологиялық түрткі созылмалы гипергликемия болып табыладыДР дамуына әкелетін басты этиологиялық түрткі созылмалы гипергликемия болып табылады. Басқа түрткілердің маңыздылығы айтарлықтай емес (артериялық гипертензия, дислипидемия, темекі тарту, жүктілік).
Патогенезі ДР патогенезінің басты тармақтарына жатады: • гипоперфузияның дамуына әкелетін қантамыр саңылауын тарылтатын торлы қабық қантамырларының микроангиопатиясы; • микроаневризманың түзілуімен сипатталатын қантамырлардың дегенерациясы; • қантамырлар пролиферациясын үстемелейтін және майлы дистрофия мен торлы қабықта кальций тұздарының жөгуіне септігін тигізетін үдемелі гипоксия; 7.17 кесте.Диабеттік ретинопатия
• жұмсақ «мақталы дақтардың» дамуына әкелетін экссудациямен микроинфаркттар; • тығыз экссудаттардың түзілуімен липидтердің жиналуы; • торлы қабық гипоперфузиясының өршуіне және көктамырлардың дилатациясына әкелетін, шунттар мен аневризманы дамытатын қантамырлар пролиферациясының торлы қабықта артуы; • инфильтраттар мен тыртықтардың дамуына әкелетін, ишемизацияны әрі қарай үдететін ұрлау феномені; • ишемиялық дезинтеграция нәтиежесінде торлы қабықтың сыдырылуы және витреоретинальді тракциялардың түзілуі; • геморрагиялық инфаркт, массивті қантамырлық инвазия және аневризманың жыртылуы нәтижесінде шыны тәрізді денеге қан құйылу; • екіншілік глаукоманың дамуына әкелетін нұрлы қабық қантамырларының пролиферациясы (диабеттік рубеоз); • торлы қабықтың ісінуімен макулопатия.
|