КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Этиологиясы. —инсулин, сондай-ақ сульфонилмочевина дәрілері мен олардың—инсулин, сондай-ақ сульфонилмочевина дәрілері мен олардың туындыларын шамадан тыс қабылдау; — өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында тағамды жеткіліксіз қабылдау; — алкогольді ішімдіктерді қабылдау; — өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе қосымша көмірсуларды қабылдамай физикалық жүктемемен айналысу; — өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында (бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ҚДТД-ды қабылдауды жалғастыру және оның кумуляциясы, инсулиннің бастапқы мөлшерін өзгертпеу) ҚД-нің кеш асқынуларының (гастропарезбен автономды нейропатия, бүйрек жеткіліксіздігі) және бірқатар аурулардың дамуы (бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер); —инсулин енгізу техникасының бұзылуы (тері астына енгізудің орнына бұлшықетке енгізу); — артифициальды гипогликемия (науқастың өзі ҚДТД шектен тыс қабылдауы); — органикалық гиперинсулинизм — инсулинома (10.3 бөлімді қараңыз).
Патогенезі Гипогликемия патогенезі қанға глюкоза түсуі мен оның утилизациясы және инсулин мен контринсулярлы гормондардың деңгейі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына негізделеді. Қалыпты жағдайда гликемия деңгейі 4,2–4,7 ммоль/л деңгейінде болғанда, β-жасушалардан инсулиннің бөлінуі тежеледі. Гликемия деңгейінің 3,9 ммоль/л-ден төмендеуі контринсулярлы гормондардың өндірілуін үстемелейді (глюкагон, кортизол, өсу гормоны, адреналин). Нейрогликопениялық симптоматика гликемия деңгейі 2,5–2,8 ммоль/л төмендегенде көрініс береді. Инсулин мен/немесе сульфонилмочевина дәрілерін шектен тыс қабылдағанда гипогликемия экзогенді немесе эндогенді гормондардың гипогликемиялық әсер етуінен туындайды. Сульфонилмочевина дәрілерін шектен тыс қабылдағанда гипогликемиялық симптоматика дәрілік заттың тәулік бойы немесе одан да көп әсер етуіне байланысты бірнеше рет қайталануы мүмкін. ҚДТП (метформин, тиазолидиндион) әдетте өздері гипогликемияны дамытпайды, бірақ науқас сульфонилмочевина немесе инсулинмен бірге қабылдағанда қант деңгейін төмендететін дәрілердің ағзада кумуляциялануына байланысты гипогликемияның себебі болуы мүмкін (7.15 кесте).
7.15 кесте.Гипогликемия
Алкогольді қабылдау нәтижесінде бауырда глюконеогенез тежеледі, бұл гипогликемияға әкелетін басты түрткі болып табылады. Физикалық жүктемелер глюкозаның инсулинге тәуелсіз утилизациясына әкеледі, нәтижесінде қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе қосымша көмірсуларды қабылдамағанда гипогликемияға әкелетін себепке айналады.
|