КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Болжамы. ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 2%-да соқырлық дамидыҚД-мен сырқаттанған науқастардың 2%-да соқырлық дамиды. ДР байланысты соқырлықтың жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 3,3 жағдайды құрайды. ҚД-1 кезінде HbA1c дейгейінің 7,0 % түсуі ДР даму қаупін 75%-ға және оның үдемелі даму қаупін 60%-ға төмендетеді. ҚД-2 кезінде НbA1c деңгейінің 1%-ға төмендеуі ДР даму қаупін 20%-ға азайтады.
7.8.3. Диабеттік нефропатия Диабеттік нефропатия (ДНФ) ҚД-мен сырқаттанған науқастарда несеп инфекциялары, жүрек жеткіліксіздігі және басқа да бүйрек аурулары болмаған жағдайда альбуминурия (тәулігіне 300 мг альбумин немесе протеинурия тәулігіне 0,5 г ақуыз) және/немесе бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуімен анықталады. Микроальбуминурия альбумин экскрециясы 30–300 мг/тәу немесе 20–200 мкг/мин болуымен анықталады.
Этиологиясы мен патогенезі ДНФ дамуына әкелетін басты түркілеріне ҚД ұзақтығы, созылмалы гипергликемия, артериялық гипертензия, дислипидемия, ата-анасындағы бүйрек аурулары жатады. ДНФ кезінде ең алдымен бүйректің шумақтық аппараты зақымданады. 1. Гипергликемиянәтижесінде шумақтардың зақымдалуына әкелетін механизмдердің бірі, глюкозаның полиолдық метаболизм жолымен белсенуі арқылы сорбитолдың аккумуляциясы және гликирленудің қалдықты өнімдері болып табылады. 2.Гемодинамикалық бұзылыстар, соның ішінде шумақ ішілік артериялық гипертензия (бүйрек шумақтарында қан қысымның жоғарылауы) ДНФ патогенезінің дамуында маңызды тармақ болып табылады. Шумақ ішілік гипертензияның себебі артериола тонусының бұзылысы болып табылады: әкелетін артериоланың кеңейіп, шығаратын артериоланың тарылуы.
7.19 кесте. Диабеттік нефропатия
Бұлар, өз кезегінде ангиотензин-2, эндотелин секілді гуморальды факторлар, сондай-ақ шумақтардың базальды мембраналарының электролитті қасиеттерінің бұзылыстары нәтижесінде дамиды. Сонымен қатар, шумақ ішілік гипертензияның дамуына ДНФ көрініс берген науқастардың басым көпшілігінде анықталатын жүйелік гипертензия себеп болады. Шумақ ішілік гипертензия базальды мембраналар мен фильтрациялық саңылаулардың зақымдануына әкеледі, нәтижесінде олар арқылы алғашында ізді (микроальбуминурия), кейін көлемді мөлшерде альбуминдер (протенинурия) өте бастайды. Базальды мембраналардың жуандауы олардың электролитті қасиеттерінің бұзылуына, яғни бұл фильтрациялық саңылаулар көлемінің өзгермеуіне қарамастан ультрафильтратта көп мөлшерде альбуминнің түсуіне себеп болады. 3. Генетикалық бейімділік. ДНФ-мен сырқаттанған науқастардың туыстарында жоғары жиілікте артериялық гипертензия дамиды. ДНФ дамуының ААФ гені полиморфизмімен байланысы жөнінде мәліметтер белгілі. ДНФ кезінде микроскопиялық шумақ базальды мембраналарының жуандауы, мезангий экспансиясы, әкелетін және әкететін артериолалардың фиброзды өзгерістері анықталады. Клиникалық созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне (СБЖ) сәйкес келетін ДНФ-нің соңғы сатысында алғашында ошақты (Киммельстиль-Уилсон), кейін диффузды гломерулосклероз дамиды.
|