КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Болжамы. КЭН-2 синдромы кезінде болжамы басқа КЭН-мен салыстырғанда нашар, себебі синдром қалқанша бездің медуллярлы обырымен жәнеКЭН-2 синдромы кезінде болжамы басқа КЭН-мен салыстырғанда нашар, себебі синдром қалқанша бездің медуллярлы обырымен және феохромоцитомамен көрінеді. ҚБМО кезінде бесжылдық өмір сүру көрсеткіші 40-80%-ды құрайды. МЭН-2В көрінісінде дамитын ҚБМО болжамы нашар.
11 БӨЛІМ ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІНІҢ БҰЗЫЛУЫ
11.1. МАЙ ТІНІ Май тіні — көптеген мүшелер мен дене бөліктерінде орналасатын май жасушаларының жиналуы. Қалыпты жағдайда ер адамдарда ма тіні шамамен дене массасының 15–20 %-ын, әйел адамдарда — 25–30 %-ын құрайды. Май тінін ақ және қоңыр деп ажыратуға болады. Соңғысы жасуша құрамында цитохром және басқа қышқылды пигменттердің болуына байланысты қоңыр май деп аталады. Егер ақ май адам ағзасында кеңінен тараса, қоңыр май нәрестелерде болады. Адамда май тінінің таралуы тері астылық және висцералды деп жіктеледі. Ақ май тіні тері астында, әсіресе құрсақ қабырғасында, бөксе мен санда орналасып, шарбыда, шажырқайда және шажырқай арты кеңістігінде тері асты май қабатын түзеді. Май тіні борпылдақ талшықты тіндермен түрлі көлемдегі бөліктерге бөлінеді, май жасушалары арасында барлық бағытта жіңішке коллаген талшықтары таралады. Қантамырлар мен лимфа капиллярлары борпылдақ талшықты дәнекер тіні мен май жасушалары арасында орналасып, май жасушалары тобын қармайды. Адипоциттер көлемі әр адамдарда түрліше, сонымен қатар тері асты май жасушалары саны мен висцералды май жасушаларының саны бір-бірінен ерекшеленеді. Семіздік кезінде май жасушаларының гиперплазиясы да, гипертрофиясы да дамып, жоғары типті семіру (абдоминальді) көрініс береді. Май тіні ағзада өте маңызды энергетикалық қойма болып табылады, ал май тінінің энергияны май ретінде жинап тұруы энергияның түсуі шектелген кезде маңызды екенін көрсетеді. Май тінінде энергияның жиналуы есебінен адам 2 ай бойы ашыға алады. Май тінінде май қышқылдарының, көмірсудың алмасуы жүріп, көмірсулардан май түзіледі. Май тіні ыдырағанда көп мөлшерде су бөлінетіндіктен, май тіні су қоймасы да болып табылады. Май тіні мен тері фосфор-кальцийдің алмасуында (D дәрумені түзілуінің бастапқы сатылары) және жыныс стероидтардың метаболизмінде (май жасушаларының ароматазасы бүйрек үсті безі андрогендерін эстрогендерге айналдырады) маңызды қызмет атқарады. Май тіні инсулин өз әсерін көрсететін басты жер болып табылады, сондықтан басқа тіндермен салыстырғанда май тінінің инсулинге сезімталдылығы ерекше жоғары. Инсулин май тінінде гормонға сезімтал липазаның белсенділігін тежеп, нәтидесінде қанда бос май қышқылдарының, глицериннің мөлшерін азайтады. Инсулин липогенезді, ацилглицеролдардың биосинтезін, пентозофосфатты жол арқылы глюкоза қышқылдануын жоғарылатады. Адреналин, норадреналин, глюкагон, АКТГ, меланинынталандырушы гормон, өсу гормоны, вазопрессин секілді гормондар май тінінің бос май қышқылдарының бөлінуін жылдамдатып, қан сарысуында олардың концентрациясын жоғарылатады, триацилглицеролдардың липолиздену жылдамдығын арттырады. Көрсетілген гормондардың көпшілігі гормон сезімтал липазаның белсендірушісі болып табылады. Тиреоидты гормондар мен глюкокортикоидтар липолизге тура әсер көрсетпейді, басқа гормондар әсеріне қарағанда пермиссивті әсер етеді. Қоңыр май тіні көптеген зертттеушілер пікіріне қарағанда жаңа туылған нәрестелерде басты термогенез көзі болып табылады. Сау адамдарда минимальді қоңыр май мөлшері тағам қабылдаумен индуцирленген термогенезді іске асырады. Семіздікке шалдыққан адамдарда қоңыр май тіні мүлдем болмауы да мүмкін. Мұндай термогенез қосымша энергия жұмсалуымен сипатталып, тағам қабылдағанда белсеніп, май тінінің шектен тыс жиналуына жол бермейді. Көмірсулардың артық болуы немесе аралас тағам қабылдау бос Т3 деңгейін жоғарылатып, қан сарысуында реверсивті Т3 (рТ3) деңгейін төмендетеді. Қоңыр май жасушалары глюкоза мен май қышқылдарын қиындықсыз қышқылдандырады. Сонымен, қышқылдану нәтижесінде көп мөлшерде жылу бөлінеді, тек аз мөлшерде ғана АТФ түрінде сақталады. Ақ май тіні лептин синтезделетін басты орны болып табылады. Лептин- пептидті табиғатты гормон. Лептин әсерінен науқас тәбеті төмендеп, ағзаның энергетикалық шығына артады. Қанда лептин концентрациясы май тінінің мөлшеріне тікелей тәуелді. Семіздікке шалдыққан адамдарда ол жоғарылайды. Лептин рецеп торлары көптеген мүшелерде анықталған: бас миы, жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, ұйқыбез, көкбауыр, тимус, простата, аналық без, жіңішке және тоқ ішек. Лептиннен басқа тәбетті реттеуге адипоциттер өндіретін басқа гуморальді түрткілер қатысады (адипонектин, грелин, β-эндорфин және т.б.).
11.2. СЕМІЗДІК ЖӘНЕ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ
|