КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
СИНДРОМ
Семіздік —жиі энергияны қабылдау мен энергия шығына арасындағы дисбаланстың дамуына әкелетін, генетикалық бейімдеушілік тән созылмалы жүйелік гетерогенді ауру (11.1 кесте).
11.1 кесте.Семіздік және метаболикалық синдром
Этиологиясы
| Алиментарлы-конституционалды (төменгі тип, айқын тағам қабылдаудың бұзылысымен, пубертантты-жасөспірімдік) симптоматикалық
| Патогенезі
| Генетикалық бейімділік, тағамның жоғарғы құндылығы, тағам қабылдаудың бұзылуы, физикалық белсенділіктің жеткіліксізділігі
| Эпидемиологиясы
| Семіздіктің таралу жиілігі шамамен жалпы халықтың 30%-ын, метаболикалық синдром 15–25 %-ын құрайды, висцеральді семіздің 95%-ды алады
| Басты клиникалық көрінісі
| Артериялық гипертензия, ЖИА, дислипидемия, гиперкоагуляция, қант диабеті 2 тип және оның кеш асқынулары, көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы, ұйықтау барысындағы апноэ синдромы, өкпелік жүрек, өт-тас ауруы, поликистозды аналық без синдромы, несеп-тас ауруы, тізе және ұршық буындарының остеоартрозы, апатия, ұйқышылдық, тез шаршағыштық, депрессия, әлеуметтік дезадаптация
| Диагностикасы
| 1. Жалпы қарау, салмақты өлшеу, дене массасының индексін анықтау (ДМИ), саниметрлік лента арқылы бел мен бөксе айналымын өлшеу, олардың арақатынасын анықтау
2. Метаболикалық синдром висцералды семіздіктің келесі өзгерістердің біреуімен ұштасқанда диагностикаланады: триглицеридтер↑, ЖТЛП↓, АҚҚ↑., гипергликемия немесе қант диабеті2 тип
3. Тамақтану мен физикалық белсенділігін мұқият зерттеу
4. Метаболикалық синдром асқынулары мен компоненттерін диагностикалау
| Салыстырмалы диагностикасы
| Симптоматикалық семіздік
| Емі
| 1. Гипокалориялық емдәм, физикалық жүктемені арттыру
2. Орлистат, сибутрамин
3. Липидті спектрлі реттеу
4. Гипотензивті терапия
5. 2 типті қант диабетін және көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуын емдеу
6. Хирургиялық ем: кіші асқазанның түзілуі (гастропластика), асқазанды шунттау, жіңішке ішек резекциясы және т.б.
| Болжамы
| 25–30 жас аралығында дамитын морбидті семіздік әсерінен дамитын өлім көрсеткіші қалыпты дене массасымен адамдармен салыстырғанда 12 есе жоғары.
10 %-ға немесе одан да көпке науқас арықтағанда өлім көрсеткіші 20 %-ға төмендейді.
|
Май тінінің таралу сипатына қарай гиноидты (әйел типті, алмұрт пішінә тәрізді) және андроидты (еркек типті, алма пішіні тәрізді, висцеральді) семіздікті ажыратуға болады. Семіздік (ең алдымен висцеральді) метаболикалық синдромның (МС) басты компоненті болып табылады. Соңғысы семіздікпен, оның асқынуларымен және метаболикалық бұзылыстармен сипатталады. МС терминінің бірнеше синонимдері белгілі:
Х синдромы, инсулинорезистенттілік синдромы. Сонымен қатар, ЖИА-ның дамуына әкелетін басты түрткілер қатарына кіретіндіктен (семіздік жоғарғы типі, көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы, гиперлипидемия, артериялық гипертензия) оны «өлім квартеті» деп те атайды. МС компоненттері түрлі жіктемелердің болуына орай ауытқиды. Басты құрамдас бөліктеріне висцеарльді семіздік, гиперинсулинемия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қант диабеті 2 тип, атерогенді дислипидемия,
артериялық гипертензия, әйел адамдардағы гиперандрогения жатады.
|