Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Концепт – концептуалды жүйенің бір бөлігі.




Тілдік тұлға мәселесін қарастырғанда тек тілге қатысты деректерді ғана емес, өзге де пәндер бойынша қол жеткізілген нәтижелерді пайдаланудың тиімділігі зор. Осыған орай, соңғы жылдары зерттеушілер назарына жиі ілініп жүрген аса күрделі концепт ұғымын біз де айналып өтпегеніміз жөн деп санаймыз.

Тіл біліміндегі әр түрлі бағыттағы зерттеушілер бұл ұғымды әр алуан мәнде қолданылады. Аталмыш термин, әсіресе, тілді логикалық талдау, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика салалары бойынша жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Санамаланған ғылым салаларында бұл терминнің түрліше түсіндірілуі, ең алдымен оған негіз болған латын сөзінің (conceptus) көп мағыналылығына байланысты. Оның жалпы мағынасы “көптеген формалардың мазмұнын қамтитын, оның бастауы болатын, жинақтаушы” дегенді білдіреді /54. 222/.

Кең мағынасында алғанда, концепт ғалам туралы білімдер жүйесінің(ғаламның концептуалды бейнесінің) бір үзіндісі ретінде түсініледі де, индивидтің қоршаған ортадағы, ақиқат болмыстағы бар заттар мен құбылыстар, алуан түрлі объектілер туралы білетінінің, ойларының қиялындағы көріністернің бәрін қамтиды.

Қазіргі тіл ғылымында аталмыш термин түрліше түсіндірілетінін жоғарыда айттық. Осы мәселеге орай, В.С.Ли сол ұғымға берілген анықтамалардың бәрін жинақтап, мазмұны жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылатын екі топқа бөлуге болады дейді:

1) концепт – рухани мәдениеттің кілт сөзі;

2) концепт дегеніміз – сөз туындауына түрткі болатын психоменталдық құбылыс ретінде танылатын бастапқы түсінік /55.91/.

Осымен байланысты концепт, ұғым, сөз терминдерінің арақатынасын проблемасы бой көтереді (актуалданады). Алдымен аталмыш терминдерге қазіргі ғылымда беріліп жүрген анықтамаларға тоқталайық:

Ұғымдардеп заттардың ойша түсірілген суреттері аталады. Олар сезімдер мен түйсінулер, бір заттардың қасиет-белгілерін дерексіздендіру арқылы екінші біреулеріне телу негізінде пайда болады. Ұғым мазмұныдегеніміз – заттардың сол ұғымда ойша бейнеленетін қасиеттері мен байланыстары, олар сол заттың белгілеріретінде танылады. Ұғым көлемі дегеніміз – заттар тобы, ол заттардың әрбіріне осы ұғымның мазмұнын құрайтын барлық белгілер тән болады” /56.15/.

А.Вежбицкая “әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және семантикалық метатілдің әмбебап бірліктері болып табылатын ең кіші, ұсақ мәндерді” бөліп көрсетеді. Олар белгілі бір нақты тілге қатысты, бағынышты болмайды, сондықтан да кез-келген тілде қолданыла береді. Осы бірліктерге индивидуалды, ұлттық мән-мағыналар үстеліп, “жамалады” да, тіл мен мәдениеттің ұлттық спецификасын көрсетеді /25.115/.

М.М.Копыленконың анықтамасы бойынша, “когнцепт” термині “тек ұғымдарды ғана емес, ұғымалды (яғни ұғым болғанға дейінгі) және концептуалдануға дейінгі жасалымдарды да қамтиды. Олар бірігіп біртұтас мәнді құрайды (қалыптастырады). Ал реалийлерді таңбалану (белгілеу) үшін сөздер ғана емес, фразеологиялық тіркестер де қолданылады” /57. 44-45/.

Зерттеуші Е.И.Диброва концептіні “ақиқат болмыстағы құбылыстардың сезімдік, көрнекілік образдары ретіндегі түсініктерге негізделетін айырықша ұғымалды мәнділіктер қатарына” жатқызады (бұл жерде ой түсініктен ұғымғақарай концептарқылы жылжиды). Сөйтіп осы мәнділіктер біртұтас мәнді (смысл) құрайды /58.133/. Осы жерде М.В.Никитиннің “концептілер дегеніміз – ең алдымен, ұғымдар мен түсініктер” деген тұжырымын еске түсірген жөн /59.85/. Б.С.Жұмағұлова: “Концепт ұғымынананағұрлым кең, ол ұғымның мазмұнын қамтиды, сондай-ақ оның құрылымын “бастапқы формалар” (этимология), мазмұнның негізгі белгілері сығымдалған тарих, қазіргі заманғы ассоциациялық бағалаулар тағы басқа құрайды. Ұғымғалам туралы ғылыми білімдерге сүйенеді, олар логикалық қатынастар жүйесіне орнығады. Концептсөздің сөздіктегі мағынасынан бөлек, адамның эмоциялары мен сезімдеріне негізделген жеке тәрбиесіне сүйенеді”, - деп көрсетеді /60.21/. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың бәрінде де концепт ұғымның бүкіл құрылымдық мазмұнымен қоса ұжымдық және индивидуалдық саналарда белгілі бір тілдік формада орныққан, көп қырлы, мәдени маңызды социо-психикалық жасалымдарды да қамтитыны айтылған.

Қазіргі тіл білімінде концептуалды семантиканы зерттеуде “концепт” ұғымын қарастыратын (интерпретациялайтын) екі: семантикалықжәне логикалық бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Бұл бағыттар концепті мен сөзді және концепті мен ұғымды әр түрлі түсіндіруге байланысты қалыптасты.

Семантикалық бағыт өз бастауын С.А.Аскольдов-Алексеевтің “Концепт и слово” деген еңбегіндегі тұжырымдардан алады. Ол бойынша, “концепт біздің ойлау әрекетіміз кезінде бір текті заттардың көпшілігін алмастыратын ойша жасалым (түзілім)” /61.28/. Д.С.Лихачев осы теорияның тұжырымдарын дамыта отырып, әрбір сөздің ғана емес, сөздің әрбір негізгі (сөздік) мағынасының да концепті болатынын айтады. Ғалымның пікірінше, концепт мағынаның біз ауызша және жазбаша сөзжұмсам барысында пайдаланатын жиынтық көрінісін білдіреді. Сөздің көптеген сөздік мағыналарының қайсысын концепт алмастырып отырғаны әдетте контекстен, кейде жалпы ситуациядан түсініледі. Концепт тікелей сөз мағынасынан пайда болмайды, сөздің сөздік мағынасы мен дамуының жеке және халық жинақтаған тәжірибесінің ұштасуы нәтижесінде жасалады /62.4/.

Логикалық бағыттыжақтаушылар (Ю.С.Степанов, Р.И.Павиленис тағы басқа) “ұғым” және “концепт” терминдерін ұқсастырады. Концепт ретінде әдетте жинақтаудың аса жоғары дәрежесінде болатын грамматикалық немесе семантикалық категория көрінеді. Ю.Степановтың анықтамасы бойынша, концепті ұғым сияқты, сонымен бір қатарда тұрған құбылыс, оны белгілі бір сөзге қатысты түсініктердің, ұғымдардың, білімдер мен ассоциациялардың, әр түрлі күйлердің “бумасы” деуге болады /63.40/.

Е.С.Кубрякованың пікірінше, “концепт” және “ұғым” терминдері адам санасы мен ойлау жүйесінің әр түрлі қырларын сипаттайды. Ұғым – ақиқат болмыстың белгілі бір логикалық формада бейнеленуінің аса маңызды түрлерінің бірі. Ал, концепт оперативті сананың түсініктер, образдар, ұғымдар сияқты бірліктерін қамтиды. Олар бірге отырып концептуалды жүйені немесе ғаламның концептуалды моделін (ҒҚМ) құрайды /64.143/.

Концептілерді зерттеу (концептуалды талдау) нақ тілдік интроспекцияны көрсетуге мүмкіндік береді. Ол бойынша сөз семантикасы қоршаған ортадағы заттар, яғни денотаттар арқылы емес, олардың (объектілердің) адам санасындағы идеалды образдары, яғни прототиптері арқылы интерпретацияланады. Бұл тұрғыдан алғанда, концептілер - әлемді тіл арқылы көру, тану катергориялары, идеалды әлемдегі “жасаушы”, әрекет етуші және сонымен бір мезгілде сол әрекеттердің нәтижесі де болып табылады. Концептілерді, ең алдымен, ұлттық-мәдени менталдылық жемістері, нәтижелері деуге болады /55.47/.

В.В.Колесов концептмәнін түсініктен көреді. Концепті мен түсінік арасындағы байланыстың әлсіздігін, тұрақсыздығын С.Аскольдов былайша анықтайды: “Көптеген концептілер схемалық түсініктер сияқты, қандай да бір нақты детальдарсыз, белгі-нышандарсыз қабылданып жүр, мысалы, көшеде келе жатқан адам дегенде көз алдымызға бойы, түрі, жынысы, жасы белгісіз, әйтеуір бір адам елестейді. Көзбен көруге болатын, ұқсас заттардың жиынтығын атайтын концептілерге сызбалылық (схематичность) тән болады. Ал абстрактылы ұғымдарға қатысты алғанда “түсінік” терминін қолдану орынсыз деуге болады. Бұл жерде концептінің, белгілі бір әрекет жасауға қабілеттілік, әлеуметтілікке негізделген алмастыру қасиеті туралы айтқан тиімдірек болар” /65.40/.

Д.С.Лихачев концептсөздің өзіне емес, біріншіден, сол сөздің әрбір негізгі (сөздік) мағынасына жеке-жеке тән болады деп ойлайды, екіншіден, концептіні мағынаның бір өзіндік ерекшелігі бар “алгебралық мән” (алгебралық таңбалану) деп санауды ұсынады. Зерттеушінің пікірінше, біз ол таңбаны ауызша және жазбаша сөзде ыңғайымызға қарай пайдаланамыз, оның аса күрделі мән-мағынасын түгел қамтуға адам тіпті үлгермейді де, кейде оған шамасы да жетпеуі мүмкін, ал кейде оны өз біліміне, жеке тәжірибесіне, жүрген ортасына мамандығына тағы басқа сәйкес етіп, өз қабілетіне орай түсінеді, саралап ұсынады. Концептінің “орынбасарлық” яғни орын алмастырушылық қызметі бір жағынан тілдік қатынасты жеңілдете алады: “яғни ол адамдардың арасындағы кейбір сөздерді түсінуге, оларды ұғынуға қатысты болатын аздаған айырмашылықтарды байқатпай, білдірмей жібереді” /62.4/. Тілші ғалымдар алдында концептіні сипаттайтын көптеген дұрыс және дәл емес терминдерді өзара салыстырып, сараптап, жүйелеп, солардың ішінен ең дәлелді де дәйектісін таңдап алу міндеті тұр деуге болады. Әзірге зерттеу еңбектерінде аталмыш терминнің мынадай синонимдері қатар қолданылып жүргені белгілі: “кілт сөздер”, “лингвокультурема”, “мәнді сақтаушы қойма, сауыт” (контейнеры смысла), “абстрактылы (дерексізденген) сөздер”, “жалпы семиотикалық сөздер”, “сөздің когнитивтік жады”, “құдыретті сөздің “ұрығы” (зародыш божественного логоса)”, “ойдың түпнегізі” (архетипі). Бұл тізімді осылайша жалғастыра беруге болады. Ол тәжірибе (өзімен өзі әйтеуір емес), белгілі бір адамдар ортасына, адамзат идеосферасына тән болады.

Санамаланған нұсқалардың алғашқысының (“кілт сөздер”) семантикасы анықтама ретінде аса күрделі саналады, онда белгілі бір сөз арқылы таңбаланған ұғымның мәні (философиялық, ғылыми сана деңгейінде де, сонымен бірге қарапайым сана деңгейінде де) алуан түрлі түсіндірілетіні аңғарылады /66.23/. Лингвистикада мұндай термин лексикалық жүйеге қатысты әр алуан аспектіде жүргізілген зерттеулерде қолданылады. Зерттеушілердің кейбірі жекелеген тақырыптық топтарға қатысты кілт сөздерді бөліп көрсетсе (О.Н.Трубачев), О.И.Фонякова деген ғалым көркем сөз стилистикасы мен поэтикадағы кілт сөздерге тән белгілерді анықтаған. Оның пікірінше, кілт сөздерге тән ондай межелеуіштер (критерий) ол сөздердің мәтінде атқаратын семантика-стилистикалық және эстетикалық қызметтерінен келіп шығады /66.24/.

Зерттеуші А.Б.Жуминова “лингвомәдени мәнге ие сөздерді кілт сөздер деп санауға болады” дейді. Автордың пікірінше, кілт сөздер белгілі бір тіл ұстанушының қоршаған әлемге (ғаламға) деген көзқарасын, қатынасын білдіретін ұлттық менталитетін түсіну үшін үлкен маңызға ие болады. Орыс тілді қазақ ақыны О.Сүлейменовтың тілдік тұлғасын зерттеуге арналған еңбегінде лингвист аталмыш сөз зергерінің шығармасында орыс менталдылығын хоровод, баня, печь, блины, балалайка, кафтан сөздері, ал қазақы менталдылықты киіз үй, бәйге, байырсақ, домбыра, сексеуіл, дермене немесе жусан, арғымақ тағы басқа сөздер көрсетеді деген ой түйеді. Яғни О.Сүлейменов шығармашылығындағы кілт сөздер ретінде аталған лексикалық бірліктер танылады /67.50/.

“Концепт” терминінің түсіндірмесімен қатар оның құрылымы туралы мәселеде де зерттеушілер әлі бірізді пікірге тоқтала қоймаған. Р.И.Павиленс концепт құрылымын мағынаның объективті және субъективті мазмұнымен байланыстырады: “Қоршаған болмыстағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар жүйесі (объективті мазмұн) адам санасында (субъективті мазмұн) мағыналар тіліне аударылған (таңбаланған) болмыс, объективті шындық (ақиқат) ретінде беріледі”. Мұндағы ұғым мен нақ мағына тілдік таңбаның субъективті мазмұнының когнитивтік және коммуникативтік инварианты ретінде өзара байланысады /68.240/.

Кей зерттеулерде концепт құрылымының тізбекті, радиалды және араласболатыны айтылады /69.73/.

Ю.С.Степанов концепт құрылымы үш компоненттен тұрады дейді:

1. Негізгі, актуалды белгісі;

2. Қосалқы немесе пассив белгілері;

3. Сырттай сөз формасына берілетін ішкі форма. Концептінің негізгі, актуалды “қабатты” бүкіл тіл ұстанушыларға белгілі, ал қосалқы (қосымша) пассив қабат белгілі бір әлеуметтік топтар үшін ғана маңызды болса, ішкі формаға тек арнайы зерттеушілер ғана назар аударады /63.44/.

Жоғарыда айтылған ойларды жинақтай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: концепт – аса күрделі құбылыс. Ол бір жағынан сөз мағынасын сөйлеушінің тәжірибесін қамти, іске қосып отырып ашады, яғни “Тіл мен ойлау” қостағанымен байланысады, екінші жағынан “Өзіндік ассоциациялар шеңбері, мағыналық реңктері бар, сонымен байланысты концептінің әлеуметтік мүмкіндіктеріне қатысты ерекшеліктері бар адамның мәдени тәжірибесі неғұрлым бай да кең, көп болса, ол қолданатын концептінің әлеумет-қуаты да соғұрлым кең және зор, терең болмақ” деген Д.С.Лихачевтің сөзі /62.5/ нақтыланып, дәлелдене түседі. Д.С.Лихачев, Ю.Н.Караулов, Ю.С.Степанов сияқты ғалымдардың еңбектерінде концепт мәдениетпен байланыста алынып түсіндіріледі, яғни мәдени құбылыс ретінде танылған концептінің құрылымы бірнеше қабаттан тұрады және оның әрбір қабаты әр түрлі дәуірлерге тән мәдени өмірдің “қалдықтарын, із-таңбаларын” көрсететін нәтиже болып табылады /70.47/.

Әлі күнге концептіге берілген анықтамалардың әр алуан сипатта болып келе жатқандығын ескере отырып, біз “Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігіндегі” нұсқаны басшылыққа алғанды жөн көрдік: “Концептдегеніміз – адамның білімі мен тәжірибесін бейнелейтін ақпараттық құрылымның және біздің санамыздағы менталдық психикалық ресурстардың бірліктерін түсіндіру үшін қолданылатын термин; адам жадының менталдық лексиконның, мидағы концептуалды жүйе мен тілдің, сондай-ақ адам психикасында таңбалынып-бейнеленген бүкіл ғалам бейнесінің шұғыл түрде жұмсалатын, әрекет ететін мазмұндық бірлігі”. Концепт ұғымы адамның ойлау әрекеті барысында пайдаланатын және оның тәжірибесі мен білімдерінің мазмұнын көрсететін, адам баласының бүкіл тіршілік әрекеті мен ғаламды тану процесінде қол жеткізген нәтижелерін білдіретін (қандай да бір) білім “кванттары” түрінде болатын мәндер туралы түсініктерге сәйкес келеді /54/.

Адам жадындағы пропозиционалды құрылымдардың әрбір қиылысындағы түйіндерде орналасқан концептінің ұлттық танымдағы күйі бастапқы деп саналады, ақын сол концептілердің этномәдени санадағы негізгі мәнін сақтай отырып, өз ой-елегінен өткізеді де жаңаша сипат береді, яғни түрлендіреді. Ол үшін түрлі тілдік құралдарды, амал-тәсілдерді қиюластыра пайдаланады. Ондай аса тиімді тәсілдер қатарына метафора, символ, теңеу тағы басқа айшықтау амалдарын жатқызамыз. Я.С.Кубрякованың пікірінше, ішкі лексикон – керекті бірлікті іздеп табуды түсіндіру үшін ұйымдастырылған “қойма” ғана емес, әрбір “бірліктің” қолданылуына қатысты “жазылып қойған” нұсқаулығы, іс-жүзінде пайдаланылып келе жатқан жүйе. Осындағы оперативті (шұғыл) когнитивтік құрылым –концепт деп аталса, ол концептіні вербалдайтын тілдік құрылым – кең мағынасында алынған тілдік таңба (сөз, фразеологизм, сөйлем) болмақ.

Концептіні репрезентациялаушы тілдік таңбаларға сөз, фразеологизм, сөйлем жатады. Тілдік таңба семантикасы – репрезентацияланушы концептінің мазмұны туралы білімнің (мәлімет алудың) ең негізгі, басты көзі болып саналады. Сондықтан да тілдік таңба семантикасынан концепті мазмұнына қарай зерттеу –ең дұрыс жол деп танылуы тиіс.

Концепт - әмбебап кодтың бірлігі, яғни индивидуалды сезімдік-заттық бейне (образ) ретінде туындайды. Ол образдың негізінде сезімдік, яғни сезу арқылы жинақталатын тәжірибеде жатады. Ол бейне мейлінше нақты болады. Мысалы: “кітап” деген концептіні бір адам “Әліппе”, екіншісі “Құран”, үшіншісі Абайдың өлеңдер жинағы түрінде елестетеді. Уақыт өте келе ол нақты образ абстракцияаланып, реалды заттан ойдағы (адамның өз ойындағы) бейнеге айналады (Е.С.Кубрякова, З.Д.Попова, И.А.Стернин тағы басқа). Дегенмен адамның жеке тәжірибесіне сүйенетіндіктен ол бейне қашан да индивидуалды болады. Концепт негізінде жатқан бейне (образ) қоғамдық санамен тығыз байланысты. Сондықтан да жеке тұлғаға тән бейнелер этномәдени түсініктермен байланыса отырып, түптеп келгенде, не жалпы этникалық немесе топтық бейнеге айналады, не болмаса жеке күйінде қалады.

Заттық-бейнелілік код концепті өзегін құрайды. Ол объектіні біршама тереңдете тану барысында жаңаша мәндік белгілермен байи түседі, соның нәтижесінде концептінің көлемі ұлғаяды да, мазмұны қоюланып, қалыңдай түседі. Мәндік белгілер тұлғаның (адамның) жеке әлеуметтік мәдени тәжірибесіне байланысты өзгеруі, жоғалуы немесе актуалануы, күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан концептінің құрылымы айқын болмайды, олардың бөлшектері мен компоненттері іштей ұйымдастырылмаған, еркін, түрленгіш, құбылмалы, өзгермелі болады. Дегенмен, концептіні бей-берекет (хаосты) деуге болмайды, оның компоненттері (белгілері) белгілі бір сипатта реттелген болады.

Концептінің әр алуан қабаттары бір-бірінен туындап отырады. Осы қасиеттері бойынша концепт ұғымнан принципті түрде ерекшеленеді. Концепт ұғымдардың емес, заттық бейнелердің байланысуынан туындайды.

Ұғым – ойдың құрылымдық бірлігі болса, пайымдау – ойдың құрылымдық формасы. Бұл концепция Л.С.Выготскийдің (1956) сөз арқылы ойлау онтогенезі теориясымен сабақтасады. Осы айтылғандарды жинақтай келе, зерттеуші Н.Ф.Алефиренконың когнитивтік семантика үшін маңызды болатын мынадай тұжырымдарын есте сақтау қажет деп ойлаймыз!

*Пайымдау генетикалық жағынан ұғымнан бұрын пайда болған.

*Ұғым қашан да тек пайымдаудың құрылымында (жұмасалады) болады.

*Пайымдаудың бәрі бірдей ұғымдардан тұра бермейді.

*Ұғым – біршама күрделі когнитивтік құрылым, ол – ойдың құрылымдық бірлігі.

Кәдуілгі қарапайым пайымдауда (ой бірлігі ұғымы болмаған жағдайда) мұндай құрылымдық элемент ретінде, бірінші (бастапқы) немесе екінші (вторичный) образ жұмсалады.

Образ (бейне) – сөз арқылы ойлаудың құрылымдық компоненті, бірақ құрылымдық бірлігі емес. Сонда ойдың құрылымдық бірлігі ұғымды – молекулаға теңесек, образды – оның атомы деуге болады.

Ұғымдардың, образдардың, тілдік мағыналар мен бейтілдік мәндердің күрделі конфигурациялары – концептілер қалыптастыру үшін когнитивтік база бола алады. Концептілерді жалпы ұғымдар, құрылымдық сипаты аса мықты емес менталдық мәнділіктер деуге болады. Сонымен концепт мәселесіне қатысты мынадай қысқаша тұжырымдар жасауға болады:

1.Ұғымнан айырмасы, концепт термині екі когнитивтік мәнділікті білдіру (таңбалау) үшін қолданылады: бір жағынан, ол – инвариантты жинақталған образды қалыптастыратын және сөзді туындатушы – бастапқы (әуелгі) түсінік, ол бірінші концепті (1 к) немесе заттық бейнелік концепті деп аталады, екінші жағынан, ол – этномәдениеттің кілт сөзі немесе концепт атауы (имя), ол екінші концепт (2 к) деп аталады. Ол лингвокреативті ойлау барысында пайда болып, этнотілдік санада оның негізгі базалық элементтерінің бірі болатын концепт.

2. Бірінші концепті мен екінші концепті когитивтік әрекеттің екі фазасын көрсетеді: а) бастапқы фазада сөзтаңба қалыптасады (оның таңбаланушысы мен таңбаланушысының әр түрлі модивикациясы), ә) соңғы фазада белгілі бір этномәдени кеңістікке енгізілген сөз мәдениеттің өзін түсіну және интерпретациялау құралына айналады. Бірінші концептіні де, екінші концептіні де лингвомәдени құбылыстар деп санау керек. Өйткені, біріншіден, сөзтудырым процесі барысында оқиға жинақталып (сығымдалып, шағынданып), заттық-образдық тәжірибе кодталады. Ол тәжірибе сәйкес мәдени-тарихи формация шеңберінде жиналады, екіншіден, белгілі бір лингвомәдени парадигма құрамында (мәдениет атауы ретінде) пайда болған, бұрыннан ьар сөз мағынасы дискурсивтік мәндермен толықтырыла отырып культуремаға айналады. Культуреманың таңбалаушысы барлық тұтастығымен түгел алынған тілдік таңба болса, таңбаланушысы -этнолингвалды мәдениет “пәні” (предмет) болады. Тілдік құбылыс ретінде және культурема ретінде екінші аталым таңбасының қазіргі заманғы және ретроспективті мазмұндарын салыстыру нәтижесінде бірінші концепті мен екінші концептінің лингвомәдени маңыздылығы анықталады: бірінші концепті дүниені (ғаламды) заттық-сезімдік қабылдау арқылы меңгерудің жемістерін, нәтижелерін кодтаушы, ал екінші концепті бірінші концепті мазмұнының кодын ашушы деуге болады.

Бірінші концепті бейнелі сөздің жинақталған тұтас мағынасын қалыптастыруға қатысады. Концепт типтері мен олардың вербалдануы туралы мәселе поэтикалық мәтіндер негізінде А.Әмірбекованың кандидаттық диссертациясында жан-жақты талданған. Зерттеуші концептілерді “санада танылу деңгейіне қарай:

I. метафизикалық; ұлттық-мәдени; эмоционалдық концептілер деп шартты түрде жіктейді /Әмірбекова, 10/.

II. әр түрлі ассоциативтік түсінікте танылу деңгейіне қарай контрастық және калейдоскоптық концептілер деп бөледі /7.11/.

III. тұлға немесе ұжымның концептіні тілдік таңбалармен объективтендіру шеберлігіне қарай эстетикалық-көркем танымда объективтенген концептілер деп топтастырады” /7.11/.

Н.Ф.Алефиренко мазмұндық сипатына қарай концептінің мынадай типтерін көрсетеді: “представление, схема, понятие, фрейм, сценарий, гештальт” /187/.

Фрейм –статикалық (қозғалыссыз, тұрақты), сценарий – динамикалық (қозғалмалы) ойлау образы. Фрейм – стереотипті ситуацияға қатысты ойлау образы... /187/. Фрейм мазмұны міндетті (негізгі) және қосалқы (факультативті) белгілерден немесе “түйіндер” мен “терминалдардан” (М.Минский) тұратын құрылымнан тұрады.

а) Міндетті, негізгі белгілер фреймның когнитивтік-пропозиционалды құрылымымен объективтенеді. Олар мәндік элементтер ретінде екінші аталым бірліктерінің семантикалық құрылымына енеді;

ә) қосалқы белгілері фреймнің құрылымында нақтылаушы қызметін атқарады. “ұяшық” түрінде көрінетін олар таным процесі барысында “қажетті, лайықты, сәйкес мысалдармен немесе деректермен толықтырылады”.

Гештальт – бейнеленіп отыпған денотивтік ситуациядағы барлық сезімдік және рационалды элементтерді өзіне шоғырландыра ұстап, жинақтай алатын бейнелі-тұтас құрылым. Тұтастың бөлшектерден құралатына және олардың бүгінге тәуелді, бағынышты болуы гештальт тұтас гештальтқа тәуелді болады. Гештальт психология бөлшектердің қабылдануына тұтастың тигізер әсерін және бөлшектердің тұтасқа бірігу факторын анықтайды. Осыдан келіп дискурсивтік таңбажасамға тән мынадай аса маңызды заңдылықтар шығады:

1.әр түрлі тұтас құрылымдарға енгізілген бір ғана элемент түрліше қабылданады;

2. жекелеген элементтері ауыстырылып, бірақ олардың ара қатынасы сақталса, образдың жалпы құрылымы өзгеріссіз қалады;

3. тұтастың бөлшектерден артықшылығын көрсететін үшінші форма – жекелеген бөліктері түсіп қалғанына қарамастан интегралды құрылымның сақталуы /193/.

Фразеологиялық мағына жасаушы гештальттың мән тудырушы рөлі оның когнитивтік құрылымының идиомалылығына байланысты болады. Гештальт мәнділігін идиомалылығы анықтайды: ол (гештальт) әрі тұтас, әрі бөлшектенетін (талданатын) болады, ол бөліктерден тұрады, бірақ оны сол бөліктредің жиынтығы деп қарауға болмайды (Дж. Лакофф).

Фразеологиялық полисемияның жасалуы гештальттың қасиеттері мен оның бөліктерінің арақатынасына негізделеді. Ол қатынастар басшылыққа алынған көзқарасқа немесе дискурсивтік контекстке қарай әр алуан болады.

Фрейм-құрылым – біртұтас күйінде ойланылатын көпкомпонентті концепті. Ол кең көлемді түсініктер мен барлық тұрақты ассоциацияларды; сәйкес стандарт білімдерді қоса қамтитын клише түріндегі ситуацияларды бейнелейді (тұрақты ассоциациялар – негізінен адгерентті сипатта болады). Дискурсивтік идиомалардың семантикасын сипаттау екі қажеттіліктен туындайды:

1. дискурсивтік идиомалар семантикалық макро және микро өріс құрайды, олар өзара ортақ концептсөзбен байланысады. Ал фрейм номинативтік бірліктерді осындай өзгерістерге, топтарға, қатарларға біріктіруге уәж болған, оларды құрылымдайтын және анықтайтын білімнің әмбебап құрылымы (Ч.Филлмор);

2. идиомаларды коммуникативтік актіге енгізу тәсілдері, олардың мәтіндегі тіркесімділігі ол бірліктердің дискурсивтік-концептуалды табиғатымен анықталады.

Фрейм-құрылымдардың екі маңызды қасиеті бар: а) олар стереотипті ситуацияларды құрылымдау мен сақтау құралы болып табылады (М.Минский); ә) тілдік және бейтілдік білімдердің біріктіріліп, адам санасында бірге өмір сүруінің құралы болып табылады.

Концептосхема (сызбаконцепті) – метонимиялық сипаттағы идиома семантикасындағы контурлы-жинақталған түсінік. Мысалы: оң қол – а) адамның оң қолы; ә) біреудің бірінші көмекшісі, сенімді тұлға. Мұндай идиоманың фразалық мағынасына когнитивтік негіз болатын – контурлы, схемалы түсінік образды гипероним. Ол бір жағынан бейнеленуі бойынша көмескі, айқын емес, екінші жағынан, ұғымдық анықтыққа да жетпеген болады. Концептосхеманың фраземогендік потенциалы едәуір жоғары болады, мұны оның түсінік (ойсурет – мыслительная картинка) пен ұғымның арасындағы мәртебесімен түсіндіруге болады. (З.Д.Попова, И.А.Сернин).

Скрипт – қозғалыс белгісі бар стереотипті эпизод немесе кеңістік-уақыттық динамикадағы фрейм (Мысалы, жар(ғақ) құлағы жастыққа тимеді). Фразеологиялық мағынаның негізінде жатқан дискурсивті ситуация эпизодтылығы көбінесе өзіндік бір сценарийге не фреймге (жекелеген элементтердің немесе кезеңдердің кеңістік-уақыттық жиынтығына) айналады (Мысалы, мысық-тышқан ойнау – екі адамның бір-бірін алдамақ болып арбасуы, құлық жасауы). Сонымен фразеологиялық мағыналар дискурсивті-концептуалды генезисі бойынша адгерентті субъективті, антропоцентрлі және этномәдени сипатта болады.

Этноэйдемикалық компонент (қай түрінде алынса да) – идиоманың семантикалық құрылымында ұлттық-мәдени концептінің қалыптасуына когнитивтік негіз болады.

Концептінің а) әмбебап (универсалии); ә) бірегей (уникалии) түрлері болады.

А) Әмбебап концептілер когнитивтік санада білімдердің, түсініктердің, ассоциациялардың, басқа да күйлердің “жиынтық” “түйдегі” ретінде өмір сүрсе (Т.А.Фесенко);

Ә) бірегей концептілер когнитивтік (яғни этноэйдемдер мен ономатопоэтикалық түсініктер) ғаламның тілдік бейнесін еске түсіріп, жасап, туындатып қана қоймайды, этномәдени бейнелерді асқан шығармашылықпен (жасампаздықпен) этнотілдік дүниетанымның бір “жанды” фрагменттері ретінде қайта жасайды (Алефиренко, 195). Аталған түрлерді әр алуан ойлау құрылымдары емес, концептінің әр түрлі қырлары, яғни кешенді ойлау бірлігі ретінде қарастырған жөн. Ол кешенді ойлау бірлігі (концепті) сөз арқылы ойлау әрекеті барысында өзінің бір қырынан ұғым, фрейм, схема немесе елестету түрінде көрінеді.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында бұл концептуалды мәнділіктер алуан түрлі комбинацияда құрақтала қолданылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 1875; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты