КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мір, өлім» макрокоцептісі.«Бақыт» «Қуаныш» «Татулық» «Жастық» «Махаббат» «Бата» «Өлім» “Қыз Жібек” жырында мифтік танымды бейнелейтін “теріс бата”, “алты қазбен қоштасу”, “Жібектің түсі” сияқты этностық болмысты айқындайтын оқиғалар кездеседі. Халқымыздың дүниетанымында қаз, аққу құстары тотемдік ұғыммен байланысты. Осы сенімге жырда Төлегеннің жан тапсырғалы жатқан кезде алты қазға бар өкінішін айтып, қоштасуы дәлел: Әуелеп ұшқан алты қаз, Етің шекер, сорпаң баз, Қонам десең жануар, міне майдан, міне саз, Қособаның жонында, Құс қонбас құла жапанда, Жылай-жылай бір жалғыз, Дүниеден өтті дегейсің. /“Қыз Жібек” 625-б ,/ Халықтың танымында қайтыс болған адамның жаны аққу мен қазға қонады деген ескілік сенім болған. Ал “алты қаз” атауындағы алты санының өзіндік ерекшелігі “шексіз, көп” деген көне мағынасымен байланысты (Алты Шекті), (Алты Алаш) сондай-ақ жырда аллитерация құбылысының қайталануы сезіледі. Қазақ халқының өмірінде асқақ қиял мен діни түсініктің жетегінде туған мифтік танымдар аңыз-әңгімелер, әпсаналар, ауыз әдебиетінің мол қорында сақталған. Бұл туралы деректердің көрінісі Ш.Уәлиханов, Қ.Жұбанов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Жанпейісов, С.Қасқабасов, Қ.Жұмалиев, А.Сейдімбек, Н.Уәлиев т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. Қосылған жаста арудың Көре алмай кеттім құлашын (“Арман” концептісі) – мұндағы “Жас қосылған жарымен бірге қартаю - “бақыт” концептісінің авторлық – индивидуалды ғалам бейнесіндегі нұсқасы, ұлттық ғалам бейнесіндегі нұсқасы - “қосағымен қоса ағару” Екі ғашық қосылып, Әңгіме дүкен құрады. Екеуінің суреті Ләйлі – Мәжнүндей болады. Екі бекзат қосылса, Күндей балқып тұрады. Екеуінің нұрына, Көрген жанның барлығы Тамаша – қайран қалады. “Жанын пида ету” - “Өлім” концептісінің ұлттық ғалам Бейнесіндегі вербалдануы. Ау жеңеше-ау, жеңеше-ау, “Түс түлкінің боғы” еді, Әр неме деп келмеші-ау! Жаратқан мені бір құдай, Өлім десе көңілім жай. Атамның атын айтайын Халықтан асқан Базарбай. Қой, ішінде марқа-ды. Омырауда ділдә алқа-ды, Шешемнің атын айтайын Алпыс жасар Қамқа-ды. Өліп кетсем артымда, Сансызбай атты інім бар Жібегім неге қорқады?!
“Өлім” концептісін объективтеуде “оқ тиген” тар қолтық, ауыз омыртқа, қыл мықын және “найза түйреген” “жүрек” пен “күйретілген, сөгілген қабырға”актив жұмсалған: Әуелеп ұшқан алты қаз, Етің шекер сорпаң баз! Атайын десем оғым аз, Қонар болсаң жануар, Міне майдан, міне саз, Өлмеген құлға, құдай-ай, Болып қалды енді жаз. Атамды айтып қайтейін, Шешемді айтып қайтейін, Мен кеткен соң дариға-ай, Көкешім деп санысзбай, Еркелеп кімге қылар наз. Әуелеп ұшқан алтаудың, Жерге түсіп көрмейсің. Сендер тірі, мен өлі, Жатырсың не ғып демейсің! Жалғыз шыққан Төлеген, Ақырет сапар жөнеді. Маңдайдан атқан жалғыз оқ, Желкеден ағып өтіпті. Алланың жазған пәрмені, Ажалы бүгін жетіпті. Айтып-айтпай немене, Сол секілді асылдар. Кебіні жоқ, кері жоқ, Ит пен құсқа жем болып, Мұратына жете алмай, Арманда болып кетіпті. Халқымыз ер азамат өлгенде қара жамылуды білдіру үшін киіз үйдің төбесінен (шаңырақтан) туды түсіру рәсімі болған. Желп-желп еткен ала ту. Жиырып алар күн қайда? ...Еңіреген ерлердің Жібектей желбіретіп ұстар туы бар...
|