Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ару» макроконцептісі.




«Арудың киімі»

«Сұлу жар»

Қазақ танымында марал – киелі жануар және де сұлулықтың символы. Мысалы, “Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу” жырында, Қозының әкесі Сарыбай маралды атқаннан кейін “кие ұрып” өледі. Қозы анасымен елінің тілегін тыңдамай кетіп бара жатқанда қара жер сілкінеді. Талай рет жауларынан қашқандарға пана болған Шоқ терек те, басына ақ сәлде орап келген, бабасының аруағы да Қозыға көмектесе алмайды, себебі Қозы анасының құрсағында жатқанда әкесі Сарыбай киелі аңды атып кесірге ұшырыған, оның кесірі өзінен кейінгі өмірге келген ұрпағын да шарпығандықтан, жат жерде жалғыздықтың азабын тартып, ақыры Қодардың қолынан қаза табады./157,37/. Маралды тағы басқа кейбір адамдарадың киелілігін адам рухы, аруағы аңдар, құс, жылан кейпінде көріне алады деген ұғымдармен түсіндіруге болады. “Өліктің рухы мен қой арасындағы сакральды байланыс нәтижесінде белгілі уақыт өткен соң адамның қайта жанданған рухы арқар, бұғы, тау ешкі, елік қатарлы тағыларға көшетіндіктен, кез келген аңды жөн-жосықсыз көп ату аңшыға қатер, қайғы әкеледі деп ырымдаған” /161, 174/ Сондықтан да болуы керек киелі аңдарды қазақтар “қоңыр аң”, “құдайдың малы” деп түсінген /185, 13, 16/. Киелілігімен қатар марал сұлулықтың символы. “Қыз Жібек жырында” Жібек сұлулығы былай паш етіледі:

 

Кер маралдай керіліп,

Сары майдай еріліп,

Тәңірі берген екі аяқ,

Бір басарға ерініп,

Үйден шықты Қыз Жібек.

(“Қыз Жібек”) /186,56/.

 

Адам мінез-құлқының халық танымындағы сипаты тілдік атаулар арқылы көрінеді. Бұл атаулар әр халықтың өзіндік ой-танымымен байланысқа ерекшеленіп тіл арқылы танылатын ұлттық психологияның көрінісін береді. Этнопсихологиялық тұрғыдан ана тілдің табиғатын зерттеу қазақ тіл білімінде жаңа бастау алып жатқанмен, төл топырағымызда адам дүниесін жан ілімі арқылы танудың іздері ғұламалар Әл-Фараби, А.Ясауи, Ж.Баласағұнилардың кемеңгер Абайдың еңбектерінде сөз етіледі, кейіннен Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, м.Жұмабаев, М.Дулатовтардың оқу құралдарында ұлттық психиканы тануға жетелейтін ой-пікірлер тілінің бойында өзінің табиғат сыйлаған мінез-құлқы сайрап жатыр деген қорытындыға жеткізеді. Мысалы, адам баласының жоғарғы қабілет күшіне тән, дара қасиеттерінің бірі – ақыл. Ақылдың ерекше танымдық сипатын, адамның асқақтығын көрсететін ерекше интеллект түрі екендігін көне жырлар мен ауыз әдебиеті үлгілерінен де кездестіреміз. Мәселен, “Қыз Жібек” жырында адамдардың әр түрлі мінез-құлқына байланысты ұлттық таным-қасиеттер былайша сипатталады:

- Кім бар? Деп бұл күймеде дауыстады,

Ақылын ашуланып тауыспады.

Төлеген үш қайтара шақырса да,

Қыз Жібек сөйлеуге намыстанды.

/45-б/. - деген жолдардан Төлегеннің ұстамдылығы мен парсаты көрінсе, соңғы тармақтар Жібектің текті жерден өңген тәрбиесін айғақтап тұр, немесе халқымыздың қыз тәрбиелеуде имандылық қасиеттерді ерекше ескеретініне мына жолдар дәлел:

Көрінбей қалсам көкеме,

Бір ұяттық өте ме?

Амандасу үлкен жол,

Көкеме адам жете ме? – деген Жібектің Қаршығаға амндаспас бұрын ойлаған ойы ана сүтімен дарыған адамдық қасиетін танытады. Ендеше халықтың тұрмысымен біте қайнасқан этнотілдік деректер сол жұрттың мінез даралығы мен жан дүниесін танытады деп білеміз. Өмірдің сан алуан құбылысы әр халықтың рухани өміріне сай өрбіп, жалпы адамзаттық мұралардың тууына зор себепші болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 156; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты