Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Батыр» макроконцептісі.




«Тұлпар»

«Батырдың киімі»

Р.Сыздықтың “Адырна” сөзіне қатысты пікірінен үзінді келтіргенді жөн көрдік: “... адырнадеп жаугершілікте, аңшылықта қолданылған сыбызғы сияқты көне үрмелі музыкалық аспапты да атаған дейді. Соған қарағанда, адырна сөзі садақтың кермесінен гөрі, дыбыс шығаратын аспапқа жуық келмес пе екен деген ой туады” [87. 18-б].

“Батыр” концептісінің мазмұнын неғұрлым толығырақ ашу үшін оның сыртқы маңызды атрибуттарының бірі – атына (әдетте асыл тұқымды тұлпар) арнайы тоқталу қажет.

Жаугершілік заманда батырдың ажырамас, сенімді серігі болған атқа бұл роль қазақтың халық ауыз әдебиетінде, кең мағынада алғанда мифологиялық санасында-ақ кеңінен орын берілген. Мәселен, ертегілердегі және эпостық жырлардағы: Байшұбар, Қара қасқа ат, Ақ боз ат т.б. тұлпар бейнелерін еске түсіріңіз. Бұл концептіге қатысты мәселелер қазақ эпостық жырларының материалдары негізінде С.Жапақовтың кандидаттық диссертациясында [88], Г.Сағидолланның монографиясында [89] жан-жақты қарастырылған.

Мысалы,

Тұлпардан туған көк жорға ат,

Ор қояндай секірді.

Қаршығаменен ілесіп,

Атқа қылды өкімді,

Көк жорға тұлпар кәрленді,

Екі көзі жалтылдап

Өмілдірік сом алтын,

Омырауда алқылдап.

Солқылдады қара жер,

Көк жорға ат басса былқылдатып,

Ұршықтай саны бұлтылдап,

Құйыңдай шаңы бұрқылдап.

Алмас қылыш белінде,

Қолында найза қылтылдап.

Төрт тұяқтан шыққан от.

Шақпақ тастай жылтылдап,

Құлақ салсаң дауысы,

Тау суындай сыңқылдап.

Тіліміздің сөздік қорында аса ауқымды семантикалық өріс құрайтын “жылқы” геперонимі лингвокогнитивтік зерттеуде де айырықша көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені көшпелі халықтың тұрмысында маңызды роль атқарған Тілдік тұлғасын танытуда оның концетілік өрісін құрайтын негізгі компоненттерінің бірі – қазақ этносы ұғымындағы “ер қанаты – ат ”. “Жылқы” геперонимінен таралатын гиперонимдердің ішінде ақынның бізге жеткен мәтіндерінде ең жиі (30 рет) қолданылғаны - “Ат” лексемасы. Бұл атау концептуалдық құрылымда актив қолданылатыны және “Батыр”, “Соғыс”, “Ерлік”, “Мінез”, “Туған жер”, “Бейбіт өмір”, “Өлім” концептілерін объективтендіруде алуан түрлі эпитеттермен тіркесе жұмсалатыны, сөйтіп ұлттық ғалам бейнесінің ақын когнитивтік санасындағы үзігін, оның аялық білімдері қорын анықтауға, сол арқылы Тілдік Тұлғаның ішкі менталдық лексиконына жол ашатынына көз жеткізілді. Бір айта кетер жайт, этнос өмірінің тұрмыстық, әлеуметтік саласында айырықша орны болған төрт түлік мал атаулары Махамбет шығармаларында түгелге жуық кездеседі.

Ақын әрбір түлікке тән қасиеттер мен сын-сипаттарды “Адам” немесе “Батыр” макроконцептісіне қатысты “ер - азамат” бейнесін сомдау үшін шебер жұмсай білген. Әсіресе қай түліктің болмасын асыл тұқымды түріне қатысты атаулар мен түрліше сын-сипатын білдіретін тілдік деректердің оның қарабайыр түрімен салыстырғанда анағұрлым жиі қолданылуы заңды. Мысалы, ақын өлеңдерінде “Арғымақ” сөзі – 18 рет, ал “жабы” – бар болғаны 2 рет қолданылған.

Тоқсан мыңды не қылса қандырды тез,

Әдебі жоқ, Қодардан без.

Кәпірдің денесінің бәрі де артық,

Жалпағы жауырының үш жарым кез.

Қодардың өзі дардай, сөзі дардай,

Жүреді жанның бәрін көңіліне алмай

Өзінің денесенің молын қара,

Сыңар ғана жұдырығы қол ағаштай.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 228; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты