Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Диагностикалық антиденелер




Читайте также:
  1. Антиденелер препараттары
  2. Антиденелерді бөліп алу технологиялары
  3. Антиденелердің сипаттамасы
  4. Ауруханалардың емдеу-диагностикалық бөлімдері.
  5. Сүрет. Гибридомаларды алу және моноклоналды антиденелерді бөліп алу кестесі
  6. ТАҚЫРЫП 6. Антигендерді және антиденелерді алу
  7. Таңбаланған түрге қарсы иммуноглобулиндермен қолданып антиденелерді анықтау
  8. Терапиялық антиденелер

Ісіктік клеткаларының беткейіне экспрессияланған нақты антигендер қанайналымына түсуі мүмкін. Мысалы, аналық безі обырында альфа-фетопротеин (АФП) және адамның хорионды гонадотропиннің r-тізбегі және т.б. кіреді. Қанда ісіктік антигендердің жоғары деңгейін анықтау олардың ерте диагностикасына көмектеседі, ал өспеге қарсы дәрілер қолданғанда олардың деңгейі төмендеуі қолданған терапияның тиімділігін көрсетеді.

Радиоиммуносцинтиграфия әдісі ісіктік антигендерге троптылығы бар радионуклидтермен таңбаланған моноклонды антиденелерді қолдануға негізделген. Көптеген қатерлі ісіктерде түзілетін антигендерге аналық безі, тоқ ішеткің, сүт безі және т.б. өспелердегі альфа-фетопротеин (АФП), карцина-эмбрионды антиген, эпителиялық беткейлік антигендер жатады. Радионуклидтермен таңбаланған өспелік моноклонды антиденелер жоғары аталған антигендері бар тіндерге жинақталады, сканирлеуде олар жақсы көрінеді.

Мини-антиденелер өздерінің тұрақтылығына, аздаған көлеміне және антигенмен жоғары спецификалы қарым-қатынасқа түскендіктен толық көлемді антиденелерге құнды альтернатива бола алады. Оларға флюоресцентті нәруыздар, ферменттер және басқа полипептидтер жеңіл қосылады. Мини-антиденелер, толық көлемді моноклонды антиденелер секілді тек медицинада ғана емес, тағы молекулалық биологияда кеңінен қолданылады, әртүрлі құбылыстарды зерттеу үшін – ферменттер құрылысынан нерв жүйесінің қызметіне дейін, биотехнологиялық өндірісте және т.б. қолданысқа ие.

Моноклонды антиденелерді қолданатын негізгі диагностикалық реакцияларға иммунофлюоресцентті және иммундыферментті талдау реакциялары жатады (сур. 42, 43).



 

 

 

Тіндегі антиген флуоресцентті таңба антидене

 

Сурет 42. Иммунофлюоресценция реакциясы. Флюорохроммен таңбаланған

антиденелер

 

ИФА негізгі принципі – талдайтын қосылысты оған арнайы сайкес келетін антиденемен «тану»

Талдайтын қосылыс Арнайы антидене

Сурет 43. ИФА-диагностика

Моноклонды антиденелерді қолдану перспективасы және проблемалары

Моноклонды антиденелермен емдеу тиімділігін жоғарлату жолдары: - жауапты иммунды реакция бермейтін антиденелер өнімі, әсері жоғары спецификалы, ал диагностика үшін көлемі ұсағын алу ( in vitro-да биочипте, in vivo-да липосомаларда, өспелер маркерлері және т.б.);

- биспецификалы антиденелер бөліп алу, гипервариабельді доменнің бір иіғын өспе клетканың беткейлік антигенін ұштастырады, ал екінші иіғын Т-лимфоциттің антигендік рецепторымен байланыстырады, нәтижесінде олардың тығыз жанасуы жүреді;

- олардың иммуногенділігін төмендету: адам және тышқан нәруыздарының түрлі қатынастағы химерлі және гиперхимерлі (гуманизациялы) антиденелер;



- дәрілердің ізашарын ыдырататын ферментін қоса өспеге қарсы антиденелер конъюгаттар көмегімен дәрілерді қажетті орынға жеткізіп, нысана-клеткаға жақындағанда оларды дәріге ауыстыру технологиялары перспективті.

Моноклонды антиденелерді тиімді қолдануына кедергі келтіретін маңызды мәселелеріне өспе массасының гетерогенділігі, патогенді бактериялар мен вирустардың антигендік құрылымының өзгергіштігі және иммуногендік активтілігі әлсіз болуы, антиденелердің аффинділігі жатады. Өспенің гетерогенділігі – бұл барлық өспе клеткаларында нақты арнайы антиденелермен қатынасқа түсетін антигендердің болмауы. Сонымен қатар, гендік тұрақтылығы болмағандықтан өспе клеткаларында жиі мутациялар жүреді, соның ішінде беткейлік антигенмен байланыстысы. Сондықтан клеткалардың бір бөлігі нақты моноклонды антиденелердің терапиялық әсерінен жеңіл жалтарып кетеді. Осындай жағдай микроорганизмдердің антигендеріне де тән (мысалы, грипп, АИВ және т.б. беткейлік антигендерінің жоғары өзгергіштігі). Антиденелердің, әсіресе толық көлемді емес антиденелердің иммуногенділігі жеткіліксіз және төменгі аффинділігі маңызды фактор болып саналынады.

 

 


Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 24; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты