Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Терапиялық антиденелер




 

Қазіргі уақытта емдеу практикасында антицитокиндер және цитотоксиндер (мысалы, нысана-клеткаға белгілі беткейлік антигендер жинағы бар радиоактивті изотоптар немесе ісікке қарсы заттарды тасымалдайтындар) секілді әсер ету механизмі бар моноклонды антиденелер негізінде дайындалған бірнеше оңдаған препараттар қолданылады. Нысана-клеткаларға моноклонды антиденелердің әсер ету механизмі әртүрлі; олар иммунитетке тәуелді (антиденелер және комплементке байланысты) цитотоксикалық механизмді, өспе клеткаларына фагоцитозды белсендіруді, рецепторларға блокада жасауды қосады, апоптоз бағдарламасын қосу қабілеттілігі және жаңа қантамырлар түзілуіне блокада жасап өспелердің өсуін тежейді.

Тек өспе клеткаларына әсер ететін моноклонды антиденелердің маңызы жоғары. Осы антиденелерді дені сау тіндерді қозғамай тек өспеге токсикалық әсер көрсетуге қолданады.

Фундаментальды медицинаның маңызды мәселесі - өспе тініне ғана әсер ету. Осы мақсатта арнайы антиденелерді қолдану аса перспективті ұстаным. Дегенмен, in vivo-да толық көлемді тышқан антиденелерін қолдануға шектеу жасалынады, себебі бөгде нәруыз болғандықтан өздері адам организмінде иммунды жауап тудырады. Бұл мәселенің бір бөлігін шешуге болады, егер толық антидене емес, тек антигенді тани алатын бөлігін қолданса, яғни бір тізбекті гуманизирленген антиденелерді іске қосса.

Бір тізбекті антиденелердің көлемі кіші болғандықтан тіндерге өтуі жеңіл, гематоэнцефалиялық барьерден өте алады, бейспецификалық иммунды жауапты аз тудырады. Оларды дәрілерді, иммунды токсиндерді жеткізуге, диагностикалық тест-жүйелерді, микрочиптерді дайындауға қолданады, бірақ организмде пассивті иммунитет қалыптастыруына сұранысы сирек (егер иммунды жауапты іске асыруына фагоциттер, комплемент Fc-фрагментімен қажет болған жағдайда). Мини-антиденелер, рекомбинантты толық көлемді антиденелер секілді фундаментальды зерттеулерде, биотехнологияда, түрлі аурулардың, әсіресе вирустық инфекциялар терапиясында қолданылады.

Биосенсорлы қондырғылар дайындауда мини-антиденелер толық көлемді антиденелерге кұнды алтернатива жасай алады, себебі олар тұрақты, ұсақ көлемді және антигенмен жоғары спецификалы байланыс орнатады. Оларға флюоресцентті нәруыздар, ферменттер және басқа полипептидтер де жеңіл қосылады.

Өспелерге іріктеп әсер етуін күшейту үшін нақты өспе клеткасына қажетті затты жеткізуіне арналған токсиндер немесе радиоактивті заттарды антиденелерге коньюгациялайды. Токсинмен байланысты моноклонды антиденелерді иммунотоксиндер деп атайды; оларды алу үшін антиденелерге жиі бактериялық (дифтериялық, псевдомонадалар) немесе өсімдік (рицин А, сапорин) токсиндерді қосады. Лимфомаларды және басқа да өспелер емдеуіне иммунотоксиндерді тағайындау тиімділігі дәлелденген. Радиотерапия мақсатында радиоактивті изотоптармен таңбаланған (йод-131, иттрий-90 және басқалар) моноклонды антиденелер коньюгаттары қолданылады. Осындай изотоптармен жүктелген мини-антиденелердің өткізгіштік қабілеті төмен болғандықтан оларды шағын көлемді өспелерде және метастазаларда қолдану тиімді, аса үлкен көлемді ісіктер ошағымен салыстырғанда.

 

СД20 нәруызы

 

Сурет 41. Ритуксимаб (син. - Мабтера, Ритуксан) – химерлі антиденелер препараты, константты аймағы – адам текті, ал вариабельді аймағы В-лимфоциттердегі СД20 антигеніне тышқандардан алынған, әсер ету механизміне антиденелік және комплементке тәуелді цитотоксикалық, және апоптозды индукциялау кіреді. Препаратты СД20 гипер экспрессиясы байқалатын төменгі және жоғарғы қатерлік лейкоздарда қолданылады. Ең алдымен химиотерапия резистентті болғанда тағайындалады. Препарат фолликулярлы лимфома, мантия аймағының лимфомасы, лимфоплазмацитарлы лимфома және т.б. аурулармен сырқаттанған адамдарға нәтижелі қорытынды берді. Дәстүрлі химиотерапияға резистентті топтағы 48% науқастарда емдеуден толық немесе жартылай ремиссия дамыған.

Жақсы зерттелген ісіктерге қарсы препараттарға Герцетин (Трастузумаб) жатады. Бұл рекомбинантты моноклонды антиденелер көптеген күрделі өспелер бетіндегі HER2/neu рецепторларымен байланысады. Герцетин асқындырылған сүт безі обырын емдеуіне тиімді. Сүт безі өбыры метастазаларын емдеуіне химиотерапия мен қоса Герцетинді тағайындауын қарқынды зерттелуде. Герцетин химиотерапияның емдік нәтижесін күшейтетіні анықталды.

Алемтузумаб гуманизирленген моноклонды антиденелерден дайындалған препарат, клетка беткейінде СД52 антигенімен байланысады және осы клеткаларды жоюға организмнің иммундық жүйесін бағыттайды; созылмалы лимфолейкоз, ревматоидты артрит, аутоиммунды аурулар емдеуіне аса тиімді.

Омализумаб – IgE тандамалы байланыстыратын және аллергиялық реакциялар медиаторларын бөлетін месклеткалардың жоғары аффинді рецепторларымен байланысуды шектейтін гуманизирленген моноклонды антиденелерден дайындалған препарат; бронх астмасында, аллергиялық ауруларда қолданады.

Егер моноклонды антиденелерді дәрі ретінде қолданған жағдайда, препараттың аталуы «mab» (ағылшын тілінен «monoclonal antibody») жалғауымен аяқталынады (кесте 10).

 

Кесте 10. Гуманизирленген моноклонды антиденелерден дайындалған кейбір препараттардың сипаттамасы

 

Антидененің аталуы Әсер ету механизмі Қандай ауруларда қолданатыны
CTLA4Ig CTLA4 клеткадан тыс рецепторы иммуноглобулиннің Fc-фрагментімен байланысқан Бүйректің трансплантациясы, псориаз, ревматоидты артрит
Алемтузумаб СD52-ке антиденелер, Т және В- лимфоциттердің төмендеуі В-клеткалы лейкоз, созылмалы лимфолейкоз
Базилисимаб CD25-ке антиденелер — Ил-2 рецепторының альфа-суббірлігі Трансплантаттың ажырап қалуын алдын алу
Бевасизумаб VEGF-ге антиденелер Тік ішек обыры, өкпе обыры
Гентузумаб озогамицин CD33-ке антиденелер, калихе-амицинмен конъюгацияланған Жіті миелолейкоз
Ибритумомаб 90Y — ибритумомаб Ходжкин емес лимфома
Инфликсимаб Ісікті некроздау факторына (ІНФ) антидене Ревматоидты артрит, Крон ауруы
Кленоликсимаб СD4 антидене,Т-лимфоциттердің активтілігін тежейді Ревматоидты артрит
Натализумаб VLA-4 адгезия молекуласына антидене Трансплантатты ажырату кризы, жайылмалы склероз
Омализумаб IgE-ге антидене Атопиялық БА және ринит
Пенитумумаб IgG2-ге антидене, эпидермистің өсу факторы рецепторына Тік ішек обыры
Ритуксимаб CD20 антидене, B-лимфоциттер В-клеткалы лимфома, Ходжкин емес лимфома
Тозитумомаб CD20 антидене, 1311-ге конъюгацияланған Ходжкин емес лимфома
Трастузумаб Trastuzumab) HER2 / neu-ге антидене Сүт безі обыры
Цетуксимаб Cetuximab (Her1) Адамның эпидермалық өсу факторы рецепторына химерлі антиденелер Тік ішек обыры, бас пен мойын обыры
Эпратузумаб CD22 - B-лимфоциттерге антидене Гемолитикалық анемия, СКВ, РА
Этанерцепт ФНО рецепторы –антиденелердің Fc фрагменті Ревматоидті артрит
Эфазилумаб LFA-1 адгезия молекуласына антиденелер Псориаз, бүйректің транспланта-циясы, лимфопролиферативті аурулар
Ранибизумаб Анти VEGF Өспелер, торқабықтың дегенерациясы

 

Гуманизирленген моноклонды антиденелерді донордың Т-клеткаларымен байланыстыру және «иесіне қарсы трансплантат» реакцияның алдын алу мақсатта сүйек кемігін трансплантация жасағанда қолданады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 104; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты