КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Саясаттанудың объектісі – мемлекет, билік, билік қарымқатынастары.Саясаттану пәні қоғамның саяси санасын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның құрлысы мен сан-алуан қызметтерін зерттейді. Ол адамзаттың қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастыру жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі саяси идеалық көзқарастар, саяси сананың дамуы туралы, дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол өткендегі және қазіргі саяси жүйелерді, адамдардың санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ал, бір жағынан жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Қорыта айтқанда саясаттану дегеніміз – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді. Саясаттану ғылымыдаму және қалыптасу жолында бірнеше кезеңдерден өтті: 1. Антика заманынан Жаңа Заманға дейінгі кезең, Аристотель, Платон, Цицерон, Ф.Аквинский ойшылдармен көрсетіледі. 2. Жаңа заман кезінен XIX ғасырдың ортасына дейін – Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс, Б.Спиноза және басқа көп үлес қосқан ойшылдардың кезеңі. 3. XIX ғасырдың 80-90 жылдары мен XX ғасырдың басы – саясаттану өзінің пәні бар, әдіс-тәсілдері бар ерекше ғылым ретінде бекітілген кезі.
2. Саясаттану пәнінің әдістері мен функциялары. Саяси құбылыстар мен процесстер әр түрлі саяси әдістер арқылы зерттелінеді. Саяси зерттемелердің негізгі саяси әдіснамасы біртіндеп тарихи жолында қалыптасқан, бірнешесі қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Салыстырмалы (comparative) әдіс - екі немесе одан көп саяси объектілерді бір бірімен салыстыру арқылы зерттеме жасау. Бүл әдіс арқылы объектілердің жалпы ұқсастығы және айырмашылығы табылады. Кезінде бүл әдіспен Аристотель, Платон, Монтескье зерттемелерінде қолданған. Салыстырмалы әдіс арқылы: 1) саясат туралы дәлелденетін білім жүйесін қалыптастыруға; 2) саяси тәжірибені, тәртіпті және саяси процесстерді бағалауға; 3) саяси құбылыстарды, оның келешегін болжауға мүмкіндік табуға болады. Саяси әлімнің шын мәнін түсіну үшін, оның әр түрлі аумақтардағы, региондардағы ар алуан түрлерін зерттеу керек. Мысалы, мемлекет құрылымы, заң шығару органдары, партиялар, сайлау жүйелері және тағы басқалары. Социологиялық әдіс – саяси өмірдің құбылыстарын талдау үшін бағытталған нақты социологиялық зерттемелердің жиыны: анкетирование, сұрақ қою, эксперименттер, статистикалық анализ, математикалық модель жасау. Социологиялық әдіс арқылы саяси болжамдау жасалынады. Қазіргі заманда осы әдістің негізінде қолданбалы саясаттану пайда болды, осында зерттемелердің нәтижесі интеллектуалды тауар болып табылады. Ал оған тапсырыс беруші – билік органдары, саяси партиялар, мемлекеттік ұйымдар. Психологиялық әдіс – саяси тәртіптің субъективті механизмдерін, мінездемелерін, индувидуалды қасиеттерін зерттеуге арналған тәсіл. Бұл әдістің негізінде Аристотельдың, Сенеканың, Макиавеллидың, Ж.Ж.Руссоның, Т.Гоббстың тұлға мен билік, адам табиғаты туралы, азамат тәрбиелеу жайында идеялары жатыр. Психоаналикалық зерттеме арқылы көбіне саяси елбасшылық феномені зерттелінеді, оының ішінде – психобиографиялық және психотарихи бағыт. Психобиографиялық бағыт бойынша, басшылық феномені адамның бала және жасөспірім кезіндегі ерекшеліктерімен байланысты. Бұл әдіс бірнеше зерттемелерде орын тапқан: З.Фрейд және У.Буллит еңбегінде «Томас Вудро Вильсон, 28-і президент АҚШ. Психологиялық зерттеме», Г. Лассуэл «Психопатология және политика», В.Витгенштейн «Революциялық тұлға. Ленин. Троцкий. Ганди» және т.б. 3. Саясаттану ғылымының негізгі парадигмалары және саясаттанудың негізгі мектептері.Көптеген гуманитарлы ғылымдар секілді, саясаттану пәні полипарадигмалық пәндерге жатады, яғни саясат зерттеуінде бірнеше концептуалды (тұжырымдамалы; жаңа ғылыми білім шығарған бағыт) бағыттардың мүмкіндігін мойындайды. Ал парадигма деген ол грек сөзінен алынған paradeigma – зерттемелі ғылыми есеп шығарудағы үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда келесі ғылыми парадигмалар бөлінеді: Теологиялық парадигма - әлемнің бәрін діни тұрғыдан түсіндірілген кезден пайда болған. Билік, мемлекеттік құрылым, елдің тұрмысы – бәрі де Құдай құдіретінен туындаған әлемнің бөлігі деп қа растырылған. Натуралисттік парадигма – саясатты табиғи факторлермен түсіндіреді: географиялық ортамен, ауа райының ерекшеліктерімен, адамдардың биологиялық және нәсілдік айырмашылықтарымен. Натурализм көне заманда пайда болған. Мысалы, Гиппократ, Платон, Аристотель еңбектерінде географиялық ортаның саясатқа ықпалын көрсеткен. Шарль Луи Монтескье «Заңдар рухы туралы» еңбегінде әр халықтың рухы, адамгершілік бейнесі, дамуы, мемлекетінің түрі географиялық ортамен байланыстырды. Сонымен, натурализм саясаттану пәнінде геосаясат, биополитика және психологиялық клнцепцияларға айналды. Биополитикалық парадигма – адамның саяси тәртібін анықтайтын – оның жынысы, тумалы генетикалық қасиеті. Осы парадигманың принциптарынан бихевиоризмбағыты қалыптасты – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. Бихевиоризм – XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында пайда болған американ саясаттану мен әлеуметтанудың басты бағытының бірі. Психологиялық бағыт - XX ғасырдың 50-60 жылдары пайда болған адамның психологиялық қасиеттеріне шексіз көңіл бөлген бағыт. Психологиялық бағыт З.Фред, К.Юнг еңбектеріне сүйенеді. Бұл бағыт бойынша, әр саяси құбылысты тұлғаның психологиясы арқылы түсіндіруге болады. Бұл концепция Б.Расселдің саяси зерттемелерінде орын тапқан. Рассел бойынша, билік психологиясы ерекше индивидуалды қасиеттерді зерттеуі керек: мысалы, қорқу, коллективті истерия, қажу, көпшіліктің қозу қасиеттері биліктегі адамды диктатор болуға итермелейді. Сондықтан, демократияны сақтау үшін, диктаторлық режимнен аулақ болу үшін осы қасиеттерге жол бермеу керек.
|