Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Заңгер мамандығына саяси білімнің қажеттілігі.




Заңгер дегеніміз – заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді (құқықтық нормаларға сәйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін және қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды реттеуші) жүзеге асыратын маман. Жоғарғы оқу орындарында заңгерлікке даярлық қазіргі заман талабына сәйкес жүргізілуі тиіс. Мұның өзі, сонымен қатар, оқыту процесінің негізгі мазмұнын құрайды және оның маңызды мәселелеріне жауап береді.

Негізінен, заңгер кәсібіне қойылатын талаптар: нақты теориялық білімді, қазіргі құқықтық және экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс, мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу керек. Сондай-ақ, олар заңдарды біліп, өзінің білімін кәсіби қызметтегі тәжірибеде пайдаланып, мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп, жұмысында қолдана алуға қалыптасуы керек. Ал, заңгерлердің кәсіби мәдениеттілігі – басқару әдістерін білу, ел арасында тәрбиелік және құқық жұмыстарын жүргізіп насихаттау, үнемі біліктілігін жетілдіру, нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қатынас жасай білу қасиетін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруды басты мақсат ретінде алдына қоя отырып, өзінің Ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,...» деп көрсеткен. Тәуелсіздігін алғаннан бері азаматтық қоғам қалыптастыру барысында, мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы демократиялық мемлекет құруда бірден-бір дұрыс жол болып табылады. Бүгінгі таңдағы жаһандану жағдайында шын мәнінде демократиялық, құқықтық, әділ мемлекет және өркениетті, азаматтық қоғам қалыптастыру заңгерлік білімі жоғары мамандардың қатыспауынсыз мүмкін емес. Ал азаматтық қоғамның саяси фундаменті болып құқықтық мемлекет және демократия болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасы шын мәнінде құқықтық мемлекет болып даму үшін ең алдымен заң білімі дұрыс жолға қойылуы тиіс.

Біздің қоғамымызда заңгер мамандығы қызметін қамтитын салалары кең. Бұған мемлекетіміздің заң шығару, атқару және сот билігінен бастап, басқару органдарының барлық сатыларындағы қызметті, кәсіпорындардың қызметін, құқық қорғау органдарының қызметін жүргізу, адвокаттық, нотариалдық қызметті және әртүрлі саладағы заңгерлер қызметі мен оқытушылық қызметті қоса қамтитын әлеуеті зор ауқымды мамандық. Сондықтан құқықтық білім беру кезінде ондағы болашақ мамандарға ерекше назар аударған жөн.

Жалпы әлсіз құқықтық мәдениет жағдайында жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс жасау үшін қолайлы орта сақталады, сондықтан қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру алға қойылуы тиіс. Жоғары құқықтық мәдениет қалыптастыру саласындағы қызмет екі бағытта жүруі тиіс: біріншісі - кәсіби заңгерлерді дайындау сапасын көтеру, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қоса алғандағы мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне құқықтық білім беру; екіншісі - ел халқын құқықтық тұрғыдан ағарту. Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша ҚР-да қазіргі таңда 45 заң ЖОО-ы мен факультеттер бар және олар жылына 90 мың маманды дайындап шығарады. Заңгерлік білім беру бойынша зор жетістіктерге жеткен Америка Құрама Штаттарында құқықтық мектептер саны Қазақстандағы көрсеткіштен 4 есе көп болса, халқының саны 19 есе көп. Бұл көрсеткіштерді салыстырмай-ақ біздің еліміздегі заңгерлер саны, ал олардың білімінің сапасының төмендігі біздің қоғамымызда ең өзекті мәселенің бірі болып отырғандығы айқын.

 

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:саясат, парадигма, саяси философия, саясаттың субъектісі, саясаттың объектісі т .б.

 

1 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 242; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты