Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның саяси ойларының тарихы.




Жоспар:

1. Құлдық дәурінің саяси ой-пікірлері. Ежелгі Шығыс, Грек және Рим ойшылдарының саяси идеялары.Орта заман саяси ойы.

2. Қайта өрлеу дәуірінің ойшылдарының саяси көзқарастары

3. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата т.б. саяси көзқарастары.

4. XIX-ХХ ғ.ғ. Қазақстандағы саяси ой.

 

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

 

 

Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет, үкіметтер үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.

Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді. Сондай-ақ, бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мемлекеттің шығуымен тұстас еді.

1. Б.э. дейінгі (І-ІІ мың жылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды.

Б.э.д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі өмірде, тіршілікте адамдар арасындағы қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Соңдай-ақ, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да байқалды. Ендігі жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйене бастады. Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Заратуштраның (Перссия), Конфуцийдің, Мо-цзының (Қытай), Будданың (Индия) ілімдері басты рөл атқарды.

Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (б.з.д. 551-479 ж.ж.) өзінің саяси доктринасын моралды максималарға негіздендірді, үлгілі адам концепциясын жасады. Конфуций бойынша, ондай адам адмгершілікті (жень), адал, таза ниетті болуы керек. Ойшыл идеяларын жанұйя, қоғамға, мемлекет ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций ел басқарудың «адамгершілікті басқару» принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал болып өз халқының жағдайын ойлап түру керек деген. Дана адам-басқарушы жақсы біледі – адамның бәрі абырой мен байлаққа үмытылады, ал кедейлік пен беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқанда, Конфуций үшін әлеуметтік дифференциацияны жақтау және қоғам мүшелері арасында міндеттерді иерархиялық бөлу сипаттамалы.

Гректің ғүлама ойшылы Гераклит б.э. дейінгі шамамен 520-460 жылдарда өмір сүрген. Ол: "Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп өзгеріске ұшырайды" - дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінеді. Аристократия жағыңдағы Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап, мемлекеттегі зандардың тұрақты болуына үлкен мән береді.

Гераклит: "қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қарсылық, екінші бір қарама-қарсылыққа өтеді. "Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады" деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта. Қарама-қарсылық өзара мәңгі күресте.

Демокрит (б.э. дейінгі 460-370 жылдар шамасында) өмір сүрген, құлдық демократияны жақтаған, антикалық материализмнің өкілі болды. Егер адамдар бір-бірін күндемесе, зияндық жасамаса, бір-біріне сенсе онда заңдардың да қажеті шамалы деген пікір айтады. Сондай-ақ, ол қоғамның пайда болуы мен даму сырын зерттеуге талпынады.

Әйгілі ежелгі грек ойшылдары Платон және Аристотель алдынғы тарихи материалдарды талдап саяси өмір туралы біртүтас ілім құрастырған. Платонның (б.з.д.427-347) мемлекет жайлы ойының философиялық негізі – идеализм болып табылады, ол мемлекеттің идеалды ұлгісін құрастыруін мақсат еткен. Идеалды мемлекет туралы Платон «Мемлекет», «Заңдар», «Софист», «Парменид» еңбектерінде айтады, бұнда ол адал мемлекетті адам мен салыстырады, мысалы: адамның жанының үш бастамасына (ақылдығы, каһарлығы мен қозулығы) мемлекеттің үш бастамасы сәйкес (келісімділігі, қорғаныстығы, іскерлігі). Ал осы соңғы үш бастамаға елдің ұш қатары сәйкес: басшылар, жауынгерлер, жұмысшылар. Адалдыққа келгенде, осы әр қатардың адамдары тек өз қатарымен араласып тек өзінің ісімен айналысуы керек, сонымен басқа қатардың жұмысымен араласпасын дейді. Және де осы бастамалар бір бірінің алдында иерархиялық бағынуда болғаны міндетті, мысалы: ақылды бастаманың өкілдері - философтар басшы болу керек, қаһарлық – жауынгерлер елін қорғау керек, қозулық бастаманың өкілдері - жұмысшылар ел басшыларына жағдайын жасап бағынуі міндет.

Платон бойынша, ең дұрыс идеалды мемлекетті іріктелген, асыл тұқымның адамдары басқарады, басшысы бір болса – монархия, ал ақ сүйекті басшылары бірнеше болса – аристократия болады. Платон аристократиялық басқаруды идеалды деп белгілейді және оған керісінше нашар мемлекеттті басқару түрлерін көрсетеді. Егер елде осындай иерархиялық бағыну жойылса, жер мен ұйлер жеке меншікке айналса, құлдар еркін адам қатарына қосылса, таза асыл тұқымды ақ сүйекті адамдар шекке шығарылып, атаққұмарлық адамдардың билігі - тимократия орнайды. Бұл мемлекеттің адамдары басшылыққа дана, ақылды адамды жолатпайды, және байлық біршама адамның қолында ғана болғандықтан олигархия азғантай бай адамдардың билігі орнайды. Сонымен, кедейлік көбееді, бай адамдарға жек көрушілік белгілі бір уақыттан кейін міндет түрде төнкеріске келтіреді, ал осының нәтижесінде халық билігідемократияпайда болады. Платон бойынша, осы кезде «шексіз бостандық» адамдарды бұзады, қара тобыр адамдар билікке сайлаған адамын шығарады, ал қара тобыр халық көбіне сауатсыз болғандықтан билікке ешқандай дайынғы жоқ адамды шығарады. Ондай адамның билігі белгілі бір уақыттан кейін тиранияға қатал, мейірімсіз, езуші адамның билігіне айналады. Сондықтан, тирания – басшылықтың ең нашар түрі. Платон айтқан: «Заңға бағынбайтын мемлекет тез қирайды, ал егер де басшы – заң болса мемлекет өрлейді, елі Құдайлардың ризалығында болады».

Аристотель(б.з.д. 384-322) мемлекет деген де оны Полис – ежелгі грек еліндегі қоғам мен мемлкеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекетті айтады. Негізгі саяси еңбектері - «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика». Аристотель бойынша, биліктің дұрыс түрі – монархия, аристократия, политияны жатқызады. Ал бұрыс түріне – тирания, олигархия мен демократияны.

Аристотель бойынша, демократия белгілі бір уақыттан кейін охлократияға – қара тобыр адамдардың билігіне айналады. Жалпы айтқанда, ойшыл демократияның барлық түріне қарсы болған. Аристотель: «адам – саяси жануар» деген.

Орта Заман саяси ой діннің ықпалы түседі. Үкімет басында дін иелері болды. Билік Құдайдың құдіретінен деп шығарылды. Осы заманның көрнекті өкілдері – Аврелий Августин, Фома Аквинский және көптеген басқалары. А.Августиннің саяси көзқарасы «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.

Христиан дінінің теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) өмір сүрді. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын котолик дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты. Атап айтсақ ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін негізге алды. Жалғыз адам әу бастан өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке - дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп мемлекет болып өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел баста жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты - "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және соның бұйрығымен жүзеге асырылады. Билік басындағылардың халыққа жасаған жақсылықтарының бәрі бір жаратушының арқасы деп түсіндірді. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы тиіс. Оның пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек. Ол биліктің монархиялық түрін жақтады. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Онда билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун (1332-1406 жж.) өмір сүрген. Ол "өзінің Тарихқа кіріспе" деген еңбегіңце қоғам мен билік түрін ғылыми талдап береді. Адамның жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді деген пікір айтады. Оның осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды:

а) қоғамдық топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы;

б) басшы топтар билігінің шеңберлі айналу түрінің қағидасы.

2. Қайта Өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері – Никколо Макивелли, Жан Боден.

Никколо Макиавелли (1469-1527) буржуазиялық жаңа саяси ойдың негізін салушы болды. Оның атақты шығармалары «Патша» («Государь», «Тақсыр»), «Тит Ливийдың бірінші онкундігі жөніндегі ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли дінге қарсы болды. Саясаттану ғылымына жасаған жаңалығы: саясатты теологиялық түсінуден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Шындықтың тәжірибесі сенім емес, тәжірибе дейді, өткенді түсініп, осы күнгіні басқаратын – тәжірибелі ғылым. Саяси ойға «мемлекет» ұғымын алғашқы рет еңгізген. Оның әйгілі қағидалары: «Мақсат амалды ақтайды», «Басшы астындағы бағыныштылардың сүйіспеншілігіне бөлінбесе де қаһарына ұшырамас үшін елді қорқытып қатал болу керек» және басқалары.

Томас Мюнцер (1493-1525 жж.) Германиядағы Ұлы шаруалар көтерілісі кезіндегі "халық реформасы" ағымының ірі саяси қайраткері. Ол қоғамда шешуші рөл атқаратын саяси бағдарлама жасауды ұсынды. Бағдарламадағы негізгі талап, жеке меншікті жою мүліктерді біріктіріп, таптық айырмашылықтарды теңсіздікті, болдырмау жалпы бірдей теңдікті кіргізуді жақтады. Мюнцердің мұндай негізсіз, қарапайым коммунизмі кейіннен діни мазмұн алып өзгеріске ұшырады. Ниеті түзу прогресшіл рөл атқарғанымен, оның іс жүзіне асуы өте күрделі еді.

Мюнцердің замандастары алғашқы социалист утопистер Т. Мор мен Т. Кампанелла да халық мүддесін ойлап, келешек адамды адам қанамайтын қоғам туралы өз ойларын, тұжырымдарын білдірді.

Жаңа заманның буржуазиялық революциялары арқылы орналды, Ұлы Француз революциясының ұраны: бостандық, теңдік, бауырмашылық болды. Осы кездің әйгілі ойшылдары – Т.Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо. Осы ойшылдардың еңбегінде қоғамдық келесімдік теориясы пайда болды. Бұл дәуірдің ағылшын ойшылы Томас Гоббс «мемлекет- жасанды дене, басындылар – тұтастың бөлігі» деген.

XVII-XVIII ғ.ғ. Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Метрополия – коластында колониялары бар мемлекет. Колониялар метрополиядан толық тәуелді болатын. Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсон (1743-1826) атымен байланысты. Ол сол кездегі АҚШ-тың «Тәуелсіздік Декларациясы» авторы.

19 ғасырда коммунисттік және утописттік көзқарастарды қалыптастырған француз ойшылы Фурье болатын. Осы заманда утописттік социализм ілімін қалыптастырған – Сен-Симон, Фурье, Оуэн.

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:конфуцийшылдық, полис, монархия, аристократия, тимократия, полития, олигархия, тирания, охлократия, демократия, республика, утопия, марксизм, топтық күрес.

 

 

2 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 445; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты