Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Электр разрядындағы реакциялар




 

Озон алу. О2 молекуласын тыныш разряд арқылы өткізгенде озон алынады. Озон шығымы 1,7-1,9×10-4 моль/кДж (30-50 г/кВт-сағ), яғни 60-36 эВ/молекула. Бұл теориялық шығымнан (1,5 эВ/молекула) айтарлықтай төмен, бұл озонның озонаторда электрондардың әсерінен қарқынды ыдырауымен байланысты:

 

О2 (3Sg-) ® О2* (3Su-) ® 2О: ; О: + О2 ® О3.

 

Аммиак синтезі. Шоқтанушы разрядтағы NH3 шығымы 1,5-15×10-5 моль/кДж (1-10 г/кВт-сағ). NH3 түзілуге қажет электрондардың минималды энергиясы 17 эВ-қа тең. Сызбанұсқасы:

 

N2 ® N2+; N2+ + H2 ® N2H+ + H;

N2H+ + H2 ®N2H2 + H+; N2H2 NH3.

 

Метаннан ацетилен алу. Доғалық разрядта метаннан С2Н2 шығымы (ток бойынша) 1,3×10-3 моль/кДж (120 г/кВт-сағ). Сызбанұсқасы:

 

СН4 ® ·СН3 ® СН2 ® С2Н4 ® С2Н2.

 

***

Сонымен бұл бөлімде жүйені таза химиялық активтендіру тәсілдерінен (катализ, тізбекті реакциялар) басқа физикалық тәсілдер де бар екені қарастырылды. Зат молекулалары жарық немесе жылдам бөлшектердің (электрон, протон, нейтрон және т.б.) әсерінен активтенеді. Мұндай әсерлер нәтижесінде электронды-қозған күйдегі реакцияға түсу қабілеті жоғары молекулалар түзіледі. Жарық әсерінен қозу бір актпен өтеді:

Молекула + жарық кванты ® қозған күй.

Жылдам бөлшектермен әсер бергенде молекула бөлшекпен соқтығысып, алдымен ионданады, сосын иондардың кері рекомбинациясы қозған молекулалардың түзілуіне алып келеді. Мұндай активтену жылулық активтенуден қатты өзгешеленеді, онда молекулалар соқтығысқанда тербелмелі және айналмалы қозған бөлшектер түзілетін.

Химиялық процестерді жарық және бөлшектер әсерімен активтендірудің басқа тағы бір ерекшелігі – олардың жоғары таңдамалылық қабілеті. Реагенттер реакцияға жоғары энергетикалық күйде түсетін болғандықтан, элементар реакцияларлың өнімдерінің бұл жағдайда артық жоғары энергиясы болады, бұл химиялық реакцияларды төмен температурада өткізуге мүмкіндік береді. Төмен температурада реагенттер химиялық тұрақты, яғни кейбір реакциялардың талғағыштығы жоғарылайды; жүйе зерттелетін температуралы аралық кеңейеді; төмен температурада физикалық әдістремен зерттегуе жеткілікті мөлшерде лабильді бөлшектерді (атомдар, бос радикалдар) жинауға мүмкіндік туады.

Затқа қуатты энергия импульсымен әсер ету қысқа уақыт аралығында активті бөлшектердің жоғары концентрациясын алып, олардың жойылу кинетикасын зерттеуге жағдай жасайды.

 

2.3. Электр разрядындағы реакциялар

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 327; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты