КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ПлазмохимияПлазмохимия жартылай ионданған газдарда жүретін химиялық реакцияларды зерттейді. Физикада жартылай (шала) ионданған газды төмен температуралық плазма деп атайды (әлсіз ионданған плазма, ауыр бөлшектерінің температурасы < 105 К). Суық плазма да бар, оның температурасы ~ 103 К. Төмен температуралық плазма газ арқылы электр тогы өткенде түзіледі (газ разрядты плазма) және химиялық активті бөлшектердің (зарядталған бөлшектер - электрондар, оң және теріс иондар, атомдар мен бос радикалдар, қозған молекулалар, фотондар) жоғары концентрациясымен сипатталады. Қасиеттері: 1) Квазибейтараптығы (зарядтардың бөлінуін Дебай радиусынан үлкен қашықтықта ескермеуге болады); 2) Зарядталған бөлшектердің электростатикалық ұжымдық әрекеттесуі (жеткілікті сиретілген газда қалыпты жағдайда тек 2 бөлшек әрекеттеседі); 3) Плазманың күшті тәуелділігі, онда термодинамикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, яғни оған тек тепе-теңдіктегі емес химиялық кинетика қолданылады. 1-сурет. Энергия үлесіне байланысты заттың жоғары температурадағы күйлері 2-сурет. 1 атм қысымда тепе-теңдік жағдайында бір және екі атомды газдардың энтальпиясының температураға тәуелділігі
|