КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Рамдардың жануы.Подпись владельца тр. ср – ва:
Пиротехникалық заттар мен пиротехникалық құрамдардың жалпы сипаттамасы. рамдардың жануы. Пиротехникалық құрамдардың (ПҚ) жануын тотығу-тотықсыздандыру реакциясы ретінде қарастыруға болады. Тотықтырғыш және тұтану көзі болған кезде ғана жану жүреді. Жанудың сыртқы сипаттамасы жалын. Жалын жарықтанады және жылу бөледі. Кейбір конденсірлі жүйелер жанғанда жалын болмайды, сол кезде жалынсыз жану немесе шоқтану болады. Жану процесін басқа да химиялық реакциялардан айыратын негізгі белгілері төмендегідей: 1. жоғары температурасы және жану реакциясының өнімінен бастапқы затты айыратын реакцияның жылжымалы аумағы (жану фронты) болу керек; 2. реакция аумағында жоғары қысым болмау керек (жану процесі жарылыстан осы қасиетімен ерекшеленеді); Жану кезінде реакция аумағынан бастапқы зат қабатына жылу беріледі, сол кезде жану процесіне дайындық жүреді (жалын алдындағы аумақ). Пиротехникалық заттар мен құрамдардың жану процесі жылу импульсі, жалын сәулесі және жылытылған дене әсерінен жүзеге асады. Пиротехникалық құрамдардың ашық кеңістіктегі сызықты жану жылдамдығы секундына милиметрді құрайды. Егер жану жабық кеңістікте немесе бастапқы импульс ретінде соққы не болмаса капсуль-детонатор жарылысы қолданылса, онда пиротехникалық құрамның жануы жарылысқа айналуы мүмкін, себебі жылдамдық бірден артады. Пиротехникалық құрамдардың көп мөлшері жанатын болса, онда жану процесі жарылысқа айналады. Пиротехникалық құрамдар көп жағдайда механикалық қоспалардан тұрады. Пиротехникалық құрамдар қалыпты әсер ету үшін құрамындағы компоненттер өте ұсақ болу қажет және бір-бірімен жақсы араласуы керек. Құрамның тығыздалуынан жану процесі баяулайды.
|