Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Таратылатын материал. Биообектідегі СО (II) анықтау әдістері




Биообектідегі СО (II) анықтау әдістері

Қандағы СО-ны анықтау

Қандағы СО-ны анықтау үшін, алдын ала сынамаларды, спектрофотометрияны, газды хроматографияны және арнайы әдістерді және т.б. әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Қандағы СО-ны анықтау не СО мөлшерімен, не қандағы СО, СО,. О,, N. Газ қоспасын бөліп алып, газ мөлшерін өлшеп, СО (ІІ) мөлшерін анықтайды.

Зерттеудің алдын ала әдістері (химиялық). Төменде көрсетілген реакцияларды жүргізу барысында параллельді екі сынаманы НЬСО-сы жоқ қанды және уланған қанды тексереді. Сынамаларға реактивтердің бірдей мөлшерін қосып, боялудың өзгерісін байқайды. Бояу тек қалыптьы қандажүреді. Уланған қанның түсі өте аз өзгереді не өзгермейді.

Экспресс-тестерді улану жерінде не науқастың клиникаға түскен мезетінде жүргізеді. Мақсат-тез арада НЬСО-ны анықтау.

Тест /. 15 мл суға 1—2 тамшы зерттелетін қанды және бөлек донор қанын қосып, шайқайды. Қалыпты жағдайда сынама ашық-қызыл түсті, НЬСО болғанда шие-қызыл. Содан соң 5 тамшы 20% натрий гидроксидін қосады.Жақсылап шайқағаннан соң НЬСО болғанда бірнеше секунд бойы ашық-қызыл түс сақталады ( НЬСОконцентрациясы 20%-дан кем емес). Егер ашық-қызыл түс сарыға ауысса НЬСО-ның қанда болмағанын не 20%-дан кем екенін көрсетеді. Донор қанымен бақылау сынама жүргізеді.

Тест 2. Екі пробиркаға 10 мл-ден дистиллир.су тамызады,1-не 5 тамшы анализденетін сынама (қан) және 5 тамшы жаңа дайындалған аммоний сульфиді ерітіндісін, екіншісіне — 5 тамшы донор қанымен 5 тамшы жаңа дайындалған аммоний сульфиді ерітіндісі. Ақырын араластырғаннан кейін екі пробиркаға 2—3 тамшы 30% сірке қышқылын қосады. Анализирденетін сыныма НЬСО болса-қызыл түске, бақылау сынама (донор) — лас жасыл түске боялады..

Тест 3. 5 мл қанға (анализденетін және донорлық), 100 есе сумен сұйытылған, 5 тамшы концентрленген мыс сульфидінің ерітіндісі.Көп уақыт бойы қатты шайқайды. НЬСО бар қан қызыл түске боялады, болмаған жағдайда жасыл түске боялады.

Тест 4. 1 тамшы қан (анализиденетін және донорлық ), 40 тамшы су және 5 тамшы 40% фенилгидразин ерітіндісін қосады. НЬСО бар қан ашық-қызыл түске боялады, ал болмаса қара-қызыл түске боялады..

Тест 5. 5 мл қанды (анализиденетін және донорлық), 100 есе сұйытылған 1% калия (ІІІ) гексаиианоферраттың 5 тамшысын қосады. НЬСО бар қан қызыл шие түсті, ал болмаса ашық қоңыр түске боялады.

Басқа да химиялық сынамалар.Жануар бауырының қанын және зерттелетін қанды 2-5 мл 100мл сумен сұйытылады. НЬСО бар қан ашық-қызыл түсті, бықылауға алынған жануар қаны бурлы реңге боялады.

Содан кейін келесі химиялық реакцияларды жүргізеді.

• 1:100 қатынвста болатын зерттелетін және бақылау қанына 30% натрий гидроксидінің бірдей мөлшерде қосады. Көміртек оксиді бар қан күлгін түсін сақтап қалады. Бақылау қаны жасыл-қара түсті болады.

• 1:4 қатынаста сұйытылған зерттеу қаны мен 3 көлемді бақылау қаны танин ерітіндісін қосады. Көміртек оксидімен қан күлгін түсін сақтап қалады.Бақылау қаны қоңыр түске боялады.

• 1:20 қатынаста сұйытылған зерттеу қаны мен бақылау қанына бірдей мөлшерде 20% калий (ІІІ) гексанианоферрата және 2 мл 1:2 сұйытылған сірке қышқалын қосады. Көміртек оксиді бар қан күлгін түсін сақтап қалады.Бақылау қаны бурлы түске боялады.

• Бақылау қанына 5 бөлік қорғасын негізгі ацетатын кір-жасыл түске боялады.Көміртек оксиді бар қан өз түсін сақтап қалады.

• Бақылау қанын формалинмен сүйытқанда бірнеше минут өткеннен кейін кір-бурлы түске боялады,көміртек оксиді бар қан өзінің қызыл түсін бірнеше апта бойы сақтап қалады.

Сұйытылған қанды ақ фильтр қағазына малып оны реактивке тамызып реакцияны жүргізуге болады. Жоғарыда көрсетілген реакциялар аз жарамды ол қанда НbСО аз мөлшерін анықтайды..

 

Әдебиеттер:

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. - М.,"Медицина", 1994. –189с.

Бақылау сұрақтар, тестер, есептер және т.б. :

1. СО қандағы сапалық анализі.

2. Карбоксигемоглобинді қанда анықтаудың химиылық экспресс-әдісі

3. Қанда карбоксигемоглобинді спектроскопиялық зертеуі

4. Әдіс принциптері. Зерттеу әдістері.

5. Көміртек оксидін газосұйықтық хроматографиялық анализі

6. Химия-токсикологиялық анализ нәтижесін талдау .

 

Тақырыбы 3.Қандағы карбоксигемоглобинді спектроскопиялық және спектрофотометриялық әдістермен талдау. Әдістер принциптері.

Мақсаты:Студенттерді қандағы карбоксигемоглобинді спектроскопиялық және спектрофотометриялық талдау әдістермен таңыстыру.

Оқу мақсаты: Студенттерді қандағы карбоксигемоглобинді спектроскопиялық және спектрофотометриялық талдау әдістеріннен алған білімдерін бекіту.

Өткізу түрі: тақырыпты терең меңгеру

Тақырып бойынша тапсырмалар –карбоксигемоглбинді қанда спектрофотометриялық әдіспен анықтау анализ презентациясы


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 83; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты