КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Таратылатын материал. Металдардың және металлоқұрамды қосылыстардың әсерінен туындайтын кәсіби және экологиялықМеталдардың және металлоқұрамды қосылыстардың әсерінен туындайтын кәсіби және экологиялық тәуелді аурулардың аналитикалық диагностикасы. Қоршаған ортаның ластануы кәсіби, кәсіби шартталған және экологиялық тәуелді аурулардың пайда болуына әкеледі.Биологиялық ортадан улы химиялық заттарды анықтау актуалдылығы экологиялық жағдайлардың нашарлауынан өрістеп барады.Өнеркәсіптердің тез қарқындап дамуы, адамдардың өндірістік және қоршаған ортасын, организмге тағамдармен, дем алатын ауамен,сумен түсе алатын улы заттармен ластануына алып келді. Өнеркәсіптерге экологиялық өзгерістерді нашарлату фонында жаңа улы заттарды енгізу, әсіресе төтенше жағдайларда, адам биосубстратынан токсиканттарға экспрессті және сенімді анықтау әдістерін қолдану міндеттенеді. Кәсіби аурулардың басқа ауруларға қарағанда сирек кездесетініне қарамастан,олардың әлеуметтік мәні жоғары, еңбекке жарамды жастың көп мөлшерін зақымдайды,жиі ағымы ауыр өтеді және еңбекке жарамсыздықтың себебіне алып келеді. Біздің елімізде кәсіби аурулардың деңгейі жоғары, бірақ ауру ағымының жасырын формасында болады.Қоршаған орта факторларының жағымсыз әсерлерінен алғашқы белгілердің байқалуы,жоғары сезімталдықпен және дұрыс диагностикалық биосубстраттардан токсиканттардың деңгейін селективті валидтік әдіспен бағалаумен байланысты. Бұл әдістер өзге әлем елдерінде кеңінен қолданылады.Қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерін бағалау үшін таңдаған индикатор ретінде халықтың денсаулығын қарайтын жүйелердің бір бөлігі болып табылады. Тәжірибе нәтижелерінің дәлдігі ұйымдастыру іс-шаралары комплексінің орындалуымен және тәжірибелі практикаға жататын (НАП), қадағалау принциптерімен GLP қамтамасыз етіледі. Анықтаудың міндетті негізгі бөлігі болып тәжірибе аралық бақылау және интеркаллибровка (интеркаллибрация) нәтижелері, стандартты үлгілерді қолдану,іріктеу бойынша бірыңғай хаттаманы қадағалау,тасымалдау, дайындау және диагностикалық биосубстраттар үлгілерінің анализі. Преморбидті периодта кәсіби патологияны объективті диагностикалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді өңдеу, экологиялық тәуелді және кәсіби аурулар ағымын бағалау, емдеу іс-шараларының тиімділігі, бірінші кезекте токсиканттың табиғатымен және оның улы әсерінің (механизмдермен) ерекшелігімен байланысты. 1 кестеде, әсер еткенде кәсібиауру тудыратын кейбір токсиканттар келтірілген. Токсиканттарды биосубстраттардан анықтау биомаркерлер экспозициясы(әсер ету) ретінде қолданылады.Кәсіби аурулардың диагностикасында тек биомаркерлер экспозициясын анықтаумен шектелуге болмайды. Тәжірибеде мына жағдай бақыланады,биоортада токсикант мөлшері жоғары болса,адамның дені сау (немесе ауру симптомдары дәрігердегі әдістермен диагностикаланбайды) және керісінше, мысалы адамның генетикалық ерекшелігіне негізделе отырып,жоғары химиялық сезімталдылық синдромы ескерілмейді. Барлық дамыған елдердің кәсіби патологиясында донозологиялық диагностикаға және генетикалық экспертизаға жоғары химиялық сезімталдылық синдромын белгілерінің байқалуы үшін ерекше көңіл бөледі. Биомаркерлер экспозициясының сандық көрсеткіштерінен басқа, әсердің айқын дәрежесі туралы объективті информация болуы тиіс.Ол үшін организмге токсиканттар түскенде туындайтын молекулярлы және клеткалық деңгейдегі өзгеру сипаттамаларына анықтау жүргізеді. Кесте 1.Кәсіби ауру тудыратын токсиканттар Науқасты тексеру нәтижелерінің интерпретациясы — кәсіби негізделген және экологиялық тәуелді аурудың диагнозы сияқты — бұл ( РФ заңнамасына сәйкес) науқастың белгілі бір биосубстраттарындағы токсиканттар концентрациясымен организмде болған өзгерістер байланыс орнатса ғана мүмкін болады. Отандық гигиеналық зерттеуде сол немесе басқа диагностикалық биосубстратты таңдау жиі лабораториялардың аналитикалық мүмкіндіктерімен және биологиялық материалдан сынама алу қарапайымдылығымен негізделеді. Лабораторлық тесттерді клиникалық құндылығын бағалау үшін мына көрсеткіштер қабылданған: диагностикалық ақпараттылығы, диагностикалық сезімталдылық, патогномиялылығы және анықтау әдісінің диагностикалық ерекшелігі. Зертханалық сынаманың диагностикалық құндылығы жөніндегі ақпаратты доза-әсер, доза-жауап, әсер етудің айқындылығы- әсер етудің айқындылығы және әсері- жануарларға жүргізген тәжірибедегі жауап тәуелділіктерін зерттегеннен кейін алады. Өндірістік жағдайларда токсикантпен тікелей қатынаста болатын жұмысшыларды тексеру кезінде алынған нәтижелер өте құнды болып табылады. Доза ретінде биологиялық материалдағы токсикант концентрациясын қолданады, нәтижесінде пайда болған әсерді немесе жауапты бағалау үшін адамның токсикалық фактормен жанасуы кезінде ағзада болатын мамандармен бақыланған өзгеріс нәтижелерін қолданады. Ерте пайда болған өзгерістерді анықтау үшін зертханалық-иммунологиялық, биохимиялық,гематологиялық және басқа да көрсеткіштерді пайдаланады.
Әдебиеттер 1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет. 2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет. 3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с. 4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с. Қорытынды сұрақтар 1. Металлдармен және құрамында металл бар қосылыстардың әсерінен пайда болған кәсіби және экологияға тәуелді аурулардың аналитикалық диагностикасы. 2. Адам ағзасына қоршаған ортаның жағымсыз факторлар әсер етуінің белгілерін ерте болжау. 3. Сенімді зертханалық нәтижелермен қамтамасыз ету 4. Диагностиканың міндетті құрамдас бөлігі – зертханааралық бақылау және интеркалибровка, мәні 5. Жағымсыз әсері кәсіби аурулардың пайда болуына алып келетін токсиканттар. 6. Кәсіби аурулардың диагностикасы.
Тақырыбы 4. Ағзалар мен биосұйықтықтар минерализатындағы «металлдық уларға» химия- токсикологиялық талдаудың жаңа атомды- абсорбция және атомды – эмиссионды спектроскопиялық әдістер.
Мақсаты :Студенттерді ағзалар мен биосұйықтықтар минерализатындағы «металлдық уларға» химия- токсикологиялық талдаудың жаңа әдістері - атомды –абсорбциялық және атомды – эмиссиондық спектроскопия әдістерімен таныстыру.
Оқыту мақсаты: Студенттерге «металлдық улардың» атомды- абсорбция және атомды – эмиссиондық спектроскопия әдістерін үйрету.
Өткізу түрі : Презентациямен топтық пікірталас .
Тақырып бойынша тапсырмалар : тақырып бойынша презентация
1. Ағзалар мен биосұйықтықтар минерализатындағы «металлдық уларға» атомды – абсорбциялық анализ әдісі. 2. Атомды – эмиссионды спектроскопиялық анализ әдісі.
|