Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Таратылатын материал. 1. Антихолиэстеразалы препараттар.Холинэстеразалық сынама.Холинэстеразаның белсенділігін төмендету қабілетті бар көптеген




1. Антихолиэстеразалы препараттар.Холинэстеразалық сынама.Холинэстеразаның белсенділігін төмендету қабілетті бар көптеген химиялық қосылыстар белгілі.Осындай қасиеттке ие қосылысқа пестицидтердің тобынан ФОС және карбомин қышқылының туындылары жатады.Олардың әсер ету механизмі адам ағзасы мен жануарлардың барлық органдары мен тіндеріндегі ХЭ ферментінің каталитикалық функциясын бұзады, ОЖЖ зақымдайды ,сондықтан фосфорорганикалық пестицидтер және карбаматтар жүйкенің немесе синаптикалы улар болып табылады.Олардың ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін төмендететін қабілетін аналитикалық мақсатта қолдануға болады.Холинэстеразалық сынама ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін төмендететін көптеген органикалық ухимикаттарды жалпы анықтау тәсілі.Ацетилхолин ацетилхолинэстераза әсерінен сірке қышқылына дейін ыдырайды,соның әсерінен ацетилхолин және ацетилхолинэстераза қоспасының pH–ы өзгереді.Бұл өзгерісті бромтимол көгінің ерітіндісімен немесе басқа да индикаторлардың көмегімен байқауға болады.Ортаның pH–ы өзгергенде (бейтарап ортадан қышқылды ортаға дейін) бромтимол көгінің көк түсі сары түске дейін ауысады. Ацетилхолин және бромтимол көгінің қоспасына ацетилхолинэстеразаны және оның белсенділігін төмендететін фосфорорганикалық пестицидті қосқанда, ацетилхолин ацетилхолинэстераза әсерінен ыдырамайды және индикатордың түсі өзгермейді. Холинэстеразалық сынамны жүргізу кезінде қоспаға реттеуші зат ретінде ацетилхолинэстеразаның орнына, оның көзі болып табылатын қан плазмасын немесе жылқы сарысуын қолдануға болады.

2. Пестицидтерді анықтау үшін химиялық түсті реакциялар, холинэстеразалық сынама, хроматографиялық әдістер қолданылады.ХТТ–дың объектілері өлік ағзалары мен биологиялық сұйықтықтар ғана емес ,сонымен қатар ұнтақ,ерітінді,эмульсия жәнет.б. түріндегі ухимикаттарың түрлері де бола алады. Объектіні талдауға кіріспес бұрын ухимикаттық қандай химиялық қосылыс тобына жататындығын анықтап алу қажет.Зертелетін затта фосфордың органикалық қосылыстарын анықтау үшін холинэстеразалық сынама және заттағы фосфордың қалдығын тексереді.Зерттелетін заттағы фосфорды анықтау үшін минерализациялайды.Минерализаттағы фосфордың қосылыстарын сәйкес реакциялармен анықтайды.

3. Пестицидтарді талдауда хроматографиялық тәсіл (ЖҚХ және ГХ) немесе ИХМ қолданылады. ЖҚХ бойынша коммерциялық препараттардағы,сусындардағы,азық түліктердегі,биологиялық сұйықтықтардағы (асқазан да,зәрдегі) және тіндердегі пестицидтердің скринингін және идентификациясын анықтайды.Қан үлгісіндегі,қоршаған ортада объектілердегі пестицидтер қалдығының мөлшерін анықтауда сезімталдығы жоғары ГХ қолданылады.Пестицид молекуласындағы фосфор,көміртегі,мышьяк немесе сурьма атомдарының мөлшерін селективті газхроматографиялық детектордың көмегімен анықтайды (АФД, ЭЗД, жалынды-фотометриялық— ПФД),сонымен қатар газхроматографиялық жүйе бойынша бір мезгілде әртүрлі берілген детектордың немесе қазіргі заманғы әртүрлі полярлы хроматографиялық бағаналардан келетінсигналдар бойынша да анықтауға болады.Термолабильді суда еритін заттарды анықтауда селективті детекторланған ЖЭСХ қолданылады.Соңғы жылдары ИХМ қолоданып пестицидтердің скриниг талдау әдісі жасалуда.ИХМ ішінен пестицидтерді анықтауда гетерогенді қаттыфазалы иммуноферментті анализ ,ЕП5А технологиялары үздік.Поляризациялы флюоросцентті иммунды анализ әдісі пестицидтерді анықтауда тиімді қолданылады.

Әдебиеттер

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

Бақылау сұрақтары

1. Ххимия-токсикологиялық талдаудың талаптары.

2. Сынамаларды дайындау.Талдау әдістері. Пестицидтерді талдауда энзиматикалық әдістердің ерекшеліктері.

3. Пестицидтерді химиялық талдауда методологиясы.

4. Пестицидтерді хроматографиялық талдау әдістері.

5. Клиникалық мәліметтер бойынша талдаудың бағыттары.

6. Әдістердің рационалды үйлесу принциптері.

 

Тақырыбы 3. Хлорорганикалық қосылыстар, фенолдар, карбамин қышқылы топтарыдағы улыхимикаттардың ХТТ ерекшеліктері.

Мақсаты: Студенттерді хлорорганикалық қосылыстар, фенолдар, карбамин қышқылы топтарыдағы пестицидтерді ң ХТТ ерекшеліктерімен таныстыру.

Оқыту мақсаты: Студенттерді хлорорганикалық қосылыстар, фенолдар, карбамин қышқылы топтарыдағы пестицидтерді ң ХТТ бойынша білімдерін жетілдіру.

Өткізу түрі:Презентацияны топ ішінде талқылау.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Хлорорганикалық пестицидтердің ХТТ схемасын құрастыру.

2. Фенолдар мен карбамин қышқылы топтарыдағы пестицидтерді ң ХТТ ерекшеліктерін анықтау.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 237; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты