Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕСКЕРТУ




Тапсырманы орындау барысында:

· Токсиканттардың физико-химиялық құрамдарын білуді пайдалана отырып және олардың токсикокинетикасы мен метаболизмін, биообъектіні таңдау кезінде ақпартты жеткізу;

· Сынамаларды дайындау жөнінде және токсиканттарды жекешелендіруде ақпартты жеткізу;

· Токсиканттарды анықтауда олардың сезімталдылығы мен жетіспеушіліктерін есепке ала отырып, химиялық жылдам-әдістерді таңдау;

· Мөлшерлік анықтаудың әдістерін таңдауды негіздеу, математикалық формулаларды жүргізу, егер қажет болса бөлу әдістерін де қолдану;

· Алынған нәтижелердің интерпретациясын жеткізу;

· Токсиканттардың айқындалуы жөнінде қорытынды беру.

 

Әдебиеттер

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

4. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия/ М.Д. Швайкова. - М., «Медицина», 1975.-376 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Химия-токсикологиялық талдау топтық заттармен,оқшаулаудың арнайы әдістерін қажет етпейді.

2 Көміртегі оксиді. Улану жағдайларымен, себебі

3.Токсикалық.Токсикакинетика.Клиникалық улану және клиникалық диагностикасы.

4. Оксигенді гипербариялық әдісі мен кешенді дезинтоксикантты терапия әдістері.

5.Сапалық талдау. Химиялық әдістермен қандағы карбосигемоглабинді айқындау.

6.Спектрлік әдіспен қандағы карбоксигемоглобиді тексеру.

7. Газ сұйықтық хроматография әдісімен көміртегі оксидін анықта

ҚОСЫМША.

Улы газдық заттармен ерекше токсикологиялық және сот-медициналық СО - көміртегі оксидіне (II)қызығушылығын көрсетеді. Иісті газбен улану ұзақмерзімге созылуы клеткалық жойылуға алып келеді. Зерттеушілердің анықтауы бойынша иісті газ жүйке клеткасы қабыршағының құрамына кіретін миелин белаогын зақымдайды.

Көміртегі оксиді (II) – түссіз газ иіссіз және дәмсіз. Суда дерлік ерімейді,сия көк түсті жалын көміртегі оксиді (IV) ке дейін бөлінеді.

Көміртегі оксидімен қатты улану тыныс алу жолдарымен болады, жалпы өлім дозасының 12% құрайды.

СО қайнаркөзі Көміртегі оксиді барлық жерде кездеседі,заттардың жанбауына жағдай жасалған жерлерден басқа,көміртегі қатысында, құрамына көптеген өндірістік газдар кіретін (үйлік,генераторлық, кокстық); органикалық синтезде кең қолданылады.

Керекті қайнаркөзі СО автомобил бөліп шығарған ұшпалы газдар (көміртегі оксиді мазмұны 1 – 13% ). Өрт түтіні және қыздыру жүйесін пайдаланатын жерлерде. Дихлорэтан жұбы (аэрозоль және детергент), метаболизм нәтижесінде спецификалық емес оксидаза иісті және қышқыл газды , СО улану сияқты жүреді.

Токсикокинетика және биотрансформация

СО организмге енуінің бірден-бір жолы тыныс алу жолы. Токсикалық эффект адам үшін СО 3-10’ концентрациясын 1сағ ішінде ауаны жұтуда аңғартады.

СО токсикалық әсер механизмі карбоксигемоглобиннің – НbСО түзілуіне жағдай жасайды. СО қатты улану да гемоглобин эритроцитінің темірмен байланысу артықшылығы. Қайталама немесе созылмалы улануда улану әсерінен қан плазмасында темір гемоглобиннің ұлпадан шығу көлемін ұлғайтады . Бұл темір СО түспеуін бекітеді. СО аз концентрациясы әсерінен организмнің әртүрлі ұлпаларында, ал бұлшықеттерде де және миоглобин темірінде айқындалған, сондай – ақ СО темірі бар ферменттер арқылы фиксирленеді. Гемоглобинмен миоглобинді салыстырғанда СО және О шамамен 5 есе аз. Уланумен өлім жағдайында қан құрамында 58-85 НbCO қаңқа бұлшықетінде 10-53% Миокардта 3-44% карбо-ксимиоглобин (MbCO). MbCO концентрациясы бұлшықетке қарағанда әрқашан НbCO қанда аз болады.

СО уланғанда көміртегі айналымы бұзылады. Қандағы қант мөлшерінің ұлғаюы интоксикацияның алғашқы минутында басталады және гипоксимияға қарама-қарсы өседі.

Көміртегі оксиді организмнен негізінен бірнеше сағаттан соң тыныс жолдары арқылы шығарылады. СО иіскеуді тоқтатқан соң адам организмінен удың 60-70% алғашқы сағатта бөлінеді, ал 4 сағаттан кейін бөлінген зат абсорбирленген организм мөлшерінің 96% құрайды. Ең аз мөлшердегі көміртегі оксиді шамамен 0,007 мл/сағ тері арқылы бөлініп шығады, одан сәл көбірек мөлшерде ЖКТ мен бүйрек арқылы бөлінеді. СО зәрмен бірге темірмен комплексті байланыс түрінде қорытындыланады.

Көміртегі оксидімен уланудың зертханалық диагностикасы қандағы НbCO анықтаумен аяқталады. Сол уақытта сырқат адамның стационарға түскендегі анықталатын НbCO қан құрамында болуы сырқаттың денсаулығының жақсаруына сенімді қызмет ете алмайды. Көп жағдайда ол төмен болады, сол уақытта клиникалық белгілері уланудың жоғары дәрежесіне куә бола алады.

 

Биообъектілерде көміртегі оксидін анықтаудың әдістері

Қандағы СО анықтау.

Қандағы көміртегі оксидін анықтауда алдын-ала сынақтарды қосқанда әртүрлі әдістерді қолданады, сонымен қатар, спектрофотометрия газды, хромотография және арнайы әдістер де бар. Қан құрамындағ СО анықтау СО бойынша не қанның сынақтарынан газ тәрізді қоспа бөледі, СО, СО,. О,, N.. газдың мөлшерін өлшеп, әртүрлі әдіс-тәсілдермен ондағы көміртегі оксидінің құрамын анықтайды.

Алдын-ала зерттеу әдістері (химиялық). Төмендегі реакцияларды орындаумен бірге параллельді ек түрлі үлгіні зерттейді – НbCO жоқ қан мен уланып зардап шеккен қанды. Үлгіге мөлшері бірдей реактивтерді қосып, бояқтың өзгергенін бақылайды. Бояудың өзгеруі қалыпты қанның үлгісінде ғана жүреді. Уланып зардап шеккен қан үлгісін бояу өзгермейді не бірқалыпты өзгеріп отырады.

Жылдам – тесттер, не сынақтарды оқиға орнында не бірден зардап шегушінің клиникаға келіп түскенінен бастап жүргізеді. Мақсат – НbCO бар екендігін жедел анықтау.

Тақырып – 2Ситуациялық есепті шешу:

- сынаманы дайындау;

- қандағы карбоксигемоглобинді химиялық экспресс-әдістерді қолдану арқылы идентификациялау;

- аналитикалық диагностика қортындысын жазу.

Мақсат: студенттерді сынақтарды талдамаға дайындығымен және химиялық жылдам-әдістерді қолдану арқылы қандағы карбоксигемоглабинді индентификациялаумен таныстыру.

Оқытудың тапсырмалары: студенттерді химиялық жылдам-әдістерді қолдану арқылы қандағы карбоксигемоглабинді талдау әдістеріне үйрету.

Өткізілу түрі: семинар, шағын топтармен жұмыс, студенттердің топтарымен тапсырмаларды орындау.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1 тапсырма. Топпен сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды талқылау.

1. Қандағы СО анықтау

2. Алдын-ала зерттеу әдістері (химиялық)

3. Қан құрамындағы СО анықтауға бағытталған жылдам-тесттер

4. Басқа да химиялық сынамалар.

2 тапсырма. (2 студентке арналған)

Токсикологиялық химия. Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар, Н.И.Калетина – М.-2007.-С-312. №7 тапсырма.

ХТАға жеткізілгендер: баланың зәрі мен қаны.

Жұмыстың барысы.

Отбасы баласымен бірге 8 жылдан бері таудағы көкке (пикникке) қатысып келеді. Үйге оралатын кезде адамдар қар көшкініне ұшыраған, олар сол себепті 14 сағат бойы жабық автокөлікте моторды қосып отыруға мәжбүр болды. Үйге оралған соң барлығы өздерін нашар сезінді. Ересектерінде бастары айналып, жүректері айныды, бұлшықеттерінің әлсіреуі байқалды. Әйелдерде төменгі қысым әсерінен жүрек ауруы байқалды. Бала комаға түсіп, ауруханаға жеткізілді.

Ақпарат

Ауруханада баланы тексеру барысында оның бетінің терісі көк-қызыл түске, ал көрініп тұратын нәзік тері қабаттары қою қызыл түке өзгерген. Фероцианид калий мен танин сынмаларында баланың қаны күлгін түсті (розовый) сақтап қалғандығы анықталды.

Зерттеу мақсаты: жеткізілген биообъектілермен химиялық жылдам-тесттерді пайдалана отырып, ХТА жүргізу.

Көрсетілген биообъектілерден химико-токсикологиялық сынамалардың сызбанұсқасын химия-токсикологиялық сынамалардың жүйелік әдістемелеріне сүйене отырып реттеңіз.

Зертхана GLP қағидаларына сүйене отырып жұмыс жасайды және заманауи TIAFT рекомендацияларына сәйкестендіріліп, аналитикалық құралдармен жабдықталған.

ЕСКЕРТУ

Тапсырманы орындау барысында:

· Токсиканттардың физико-химиялық құрамдарын білуді пайдалана отырып және олардың токсикокинетикасы мен метаболизмін, биообъектіні таңдау кезінде ақпартты жеткізу;

· Сынамаларды дайындау жөнінде және токсиканттарды жекешелендіруде ақпартты жеткізу;

· Токсиканттарды анықтауда олардың сезімталдылығы мен жетіспеушіліктерін есепке ала отырып, химиялық жылдам-әдістерді таңдау;

· Мөлшерлік анықтаудың әдістерін таңдауды негіздеу, математикалық формулаларды жүргізу, егер қажет болса бөлу әдістерін де қолдану;

· Алынған нәтижелердің интерпретациясын жеткізу;

· Токсиканттардың айқындалуы жөнінде қорытынды беру.

 

Әдебиеттер

1.Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2.Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3.Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

4.Швайкова М.Д. Токсикологическая химия/ М.Д. Швайкова. - М., «Медицина», 1975.-376 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Қандағы СО құрамын анықтау

2. Алдын-ала зерттеу әдістері (химиялық)

3. Қандағы СО құрамын анықтайтын жылдам-тесттер

4. Басқа да химиялық сынамалар

5. Токсиканттардың айқындалуы туралы қорытынды. Нәтижелерді анықтайтын сот-медициналық бағалауы.

ҚОСЫМША

1. Қандағы СО құрамын анықтау

Қандағы СО анықтау.

Қандағы көміртегі оксидін анықтауда алдын-ала сынақтарды қосқанда әртүрлі әдістерді қолданады, сонымен қатар, спектрофотометрия газды, хромотография және арнайы әдістер де бар. Қан құрамындағ СО анықтау СО бойынша не қанның сынақтарынан газ тәрізді қоспа бөледі, СО, СО,. О,, N.. газдың мөлшерін өлшеп, әртүрлі әдіс-тәсілдермен ондағы көміртегі оксидінің құрамын анықтайды.

Алдын-ала зерттеу әдістері (химиялық). Төмендегі реакцияларды орындаумен бірге параллельді ек түрлі үлгіні зерттейді – НbCO жоқ қан мен уланып зардап шеккен қанды. Үлгіге мөлшері бірдей реактивтерді қосып, бояқтың өзгергенін бақылайды. Бояудың өзгеруі қалыпты қанның үлгісінде ғана жүреді. Уланып зардап шеккен қан үлгісін бояу өзгермейді не бірқалыпты өзгеріп отырады.

Жылдам – тесттер, не сынақтарды оқиға орнында не бірден зардап шегушінің клиникаға келіп түскенінен бастап жүргізеді. Мақсат – НbCO бар екендігін жедел анықтау.

 

Тест 1.15 мл суға 1-2 тамшы зерттелетін қан мен бөлек донорлық қанды қосады да пробирканы сілкиді. Қалыпты жағдайда сынама ашық-күлгін түсті, ал НbCO болғанда қою қызыл түске боялады. Содан соң 5 тамшы 20 % гидроксид натрий ерітіндісін тамызады. Пробирканы күшті сілкіп болған соң НbCO болғанда бірнеше сағат бойы ашық-күлгін түсін сақтап тұрады (НbCO концентрациясы 20 % кем болмауы тиіс). Егер ашық-күлгін түс сынық сары түске ауысса, қанда НbCO жоқ екендігін көрсетеді не 20% төмен. Бақылау сынамасын донорлық қанмен жүргізеді.

Токсиканттардың метаболизмі мен анықтау әртүрлі химиялық топтарда...755

Тест 2. екі пробиркаға 10 мл/ден дистилденген су құяды да біріншісіне – 5 тамшы анализденетін сынама мен 5 тамшы жаңадан дайындалған аммоний сульфидін, ал екіншісіне – 5 тамшы донорлық қан мен 5 тамшы жаңадан әзірленген аммоний сульфидін құяды. Жақсылап араластырып болған соң екі пробиркаға да 2-3 тамшыдан 30% сірке қышқылын тамызады. НbCO болған жағдайда анализденетін сынама қызыл түске енеді, ал бақылау сынамасы (донорлық) – қара жасыл түске ауысады.

Тест 3. 5 мл қанға (анализденетін қан мен донорлық қанға) 100 рет дистильденген сумен ерітілген 5 тамшы концентрленген мырыш сульфидінің ерітіндісін тамызады. Ұзақ және күштірек сілкиді. НbCO бар қан қызыл түске, ал НbCO жоқ қан – жасыл түске енеді.

Тест 4. 1 тамшы қанға (анализденетін қан мен донорлық қанға) 40 тамшы су мен 5 тамшы 40% фенилгидразин ерітіндісін тамызады. НbCO бар қан ашық-қызыл түске, ал НbCO жоқ қан – қою-қара қызыл түске енеді.

Тест 5. 5 мл қанға (анализденетін қан мен донорлық қанға) 100 рет ажыратылған 5 тамшы 1% гексаиианоферрат калий тамызады. НbCO бар қан қызыл-қоңыр түске, ал НbCO жоқ қан – ашық қоңыр (гемоглабин темірі Ре дейін қышқылданады) түске енеді.

Басқа да химиялық сынамалар. Малдардың бауырларынан алынған 2-5 мл көлеміндегі зерттелетін және бақылау қандарына 100 мл су қосады. Осыдан кейін НbCO бар қан ашық-қызыл түске, бақылау қаны – қою түске енеді.

Содан кейін төмендегі реакцияларды жүргізеді:

· 1:100 қатынасындағы зеріттелетін сынама мен бақылау қанына бірдей көлемде 30% гидроксид натрий ерітіндісін қосады. Көміртегі оксиді бар қан күлгін түсін сақтап қалады, ал бақылау қаны қара-жасыл түсті қабылдайды.

· 1:4 қатынасындағы зерттелетін сынама мен қанға шамамен 3түрлі көлемде 1% танин ерітіндісін тамызып араластырады. Көміртегі оксиді бар қан күлгін түсін сақтап, ал бақылау қаны сұр түсті қабылдайды.

· 1:20 қатынасындағы зерттелетін сынама мен бақылау қанына 20 % мөлшердегі теңдей калий гексаиианоферат ерітіндісімен 2 мл 2:1 қатынасында қышқыл тамызады. Көміртегі оксидінен тұратын қан күлгін түсін сақтайды, ал бақылау қаны қою түске боялады.

· Қорғасын ацетаты ерітіндісінің 5 бөлігімен араласқан бақылау қаны, қара- жасыл түске енеді, көміртегі оксиді бар қан өзінің күлгін түсін сақтап қалады.

Реакцияны ажыратылған қанға ақ фильтр қағазын батыру арқылы жүргізуге болады. көрсетілген реакциялар НbCO қандағы аз мөлшерін анықтауда қажет.

Карбоксигемоглобин мен карбоксимиоглобинді сандық анықтаудың сот-медициналық бағалауы.

· НbCO қан құрамында болуы бәрінен бұрын СО концентрациясының тыныс алатын ауа мен әсеріне байланысты.

· НbCO концентрациясы жоғары не төмен болғанда СО парциальды қысымы альвеолярлы ауада порцальды қысыммен салыстырғанда О.

· НbCO қандағы ажалды концентрациясы шамамен орташа 60% құрайды, бірақ 40%-80% дейін жылжуы мүмкін.

· СО уланудың төмен барометриялық қысымда күшейеді, ылғалдың жоғарылауы жоғары не төмен температурада ауаның, күшейтілген бұлышқет жұмысына кері әсер етеді.

· Уланудың аса ауыр түрі өкпе, жүрек ауруларынан зардап шегетіндерде қан айналымы бұзылған, семіздікпен, анемиямен, инфекциялық аурулармен ауырған кезде қаттырақ жүреді.

· Өнеркәсібі дамыған қалалардың ауасында үнемі СО кездеседі, соның салдарынан сол қалалардағы тұрғындардың қан құрамында НbCO бар. НbCO концентрациясы мен ауаның ластану деңгейі арасында СО тікелей тәуелділік көрсетілген. Мысалы, көшедегі қозғалысты реттейтін адамдарда НbCO мөлшері 22% жетуі мүмкін.

· Өлген адамның қан құрамынан НbCO мөлшері 60% екендігі байқалса, тез арада өлімнің себебіне қорытынды жасау үшін патологоанатомиялық негіздерін талдау қажет және де уланудың да негізін анықтау керек.

· СО организмге түсуі жоғарыласа соғұрлым ол ұлпаларда да көбейе түседі.

Тақырып - 3 Карбоксигемоглобинге бағытталмаған сот-химиялық талдау бойынша тәжірибелік есеп шешу:

- сынаманы талдауға дайындау;

- өлік дене қанындағы карбоксигемоглобинді химиялық және физика-химиялық әдістерді қолдану арқылы талдау.

Мақсаты: студенттерді карбоксигемоглобиннің сот-химиялық талдауына бағытталған сызбамен таныстыру.

Оқытудың тапсырмалары: студенттерді сынамаларды талдауға дайындау әдістерімен және өлі денедегі қаннан карбоксигемоглобинді анықтау әдістерін үйрету.

Жүргізілу түрі: семинар, шағын топтармен жұмыс және екі жұп студенттермен тапсырмаларды орындау.

Тақырып бойынша тапсырма:

1 тапсырма. Сабақтың тақырыбы бойынша топпен бірге теориялық сұрақтарды талқылау.

 

1. Көміртегі оксидін (ІІ) биообъектіде анықтау әдістері.

2. Сынамаларды талдауға даярлау.

3. Алдын-ала зерттеу әдістері (химиялық).

4. Химиялық талдау әдістерін пайдалану арқылы өлген адам қанының құрамынан карбоксигемоглобинді анықтау.

5. Физика-химиялық талдау әдістерін пайдалану арқылы өлген адам қанының құрамынан карбоксигемоглобинді анықтау.

2 тапсырма. (2 студентке арналған)

Токсикологиялық химия. Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар. Н.И.Калетина М-2007-с-314 ситуациялық тапсырмалар №9.

СХЭ жеткізілгендер: ішкі организмдер, өлген адамның зәр мен қаны.

Жұмыстың мазмұны.

Өте қатты өрттен саяжай ауданында бір адам жоғалды. Оқиға болған жерде айқындайтын ештеме қалмады. 3 күннен кейін өлі дене сырты жабық аз ғана жанған сарайдан табылды.

Ақпарат.

Өлі денені тексеру барысында оның өкпесі мен миынан ісік, көмекейінде дақ, сия-көк түсті тері мен нәзік тері жабындарының түсі қою-қызыл түске өзгергені айқындалды.

Өлі дененің қан құрамын зерттегенде токсикант табылды. Қорғасын ацетаты мен формалин негізіндегі сынамаларда зардап шегушінің қанының түсі өзінің күлгін түсін сақтап қалды.

Зерттеу мақсаты: көрсетілген биообектілерден карбоксигемоглобиннің сот-химиялық талдауына бағытталған сынамалар жүргізу.

Көрсетілген биообъектілерден химико-токсикологиялық сынамалардың сызбанұсқасын химия-токсикологиялық сынамалардың жүйелік әдістемелеріне сүйене отырып реттеңіз.

Зертхана GLP қағидаларына сүйене отырып жұмыс жасайды және заманауи TIAFT рекомендацияларына сәйкестендіріліп, аналитикалық құралдармен жабдықталған.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 128; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты