Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Несие № 5




Тақырып 1.Тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу, ауызша және т. б.): Пестицидтер. Пестицидтердің ХТТ әдістері.

Тәжрибелік бөлімі: Фосфорорганикалық қосылыстар улы химикттарын (ФОҚ): хлорофос, дихлофос, карбофос, метафос оқшаулау және ашу әдістерінің техникасын меңгеру.

 

Мақсаты:Студенттердің жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексеру және улы химикаттарды фосфоорганикалық қосылыстар тобынан (ФОҚ):хлорофос, дихлофос,карсофос, метафос, табуды және оқшауландыру техникасын меңгеруін тексереді.

 

Білу керек: Оқшауландыру және улы химикаттарды фосфоорганикалық қосылыстар тобынан табу әдістерін үйрену.

 

Өткізу формасы: Теориялық материалдық топпен талқылау және жұп бойынша тапсырмалары орындау.

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма 1 (тақырыптық теориялық сұрақтарын топ бойынша талқылау)

1. Пестицидтер. Жалпы сипаттамасы, классификациясы, улылығы;

2. Уланудың клиникасы. Клиникалық диагностикалық.

3. Ағзаны детоксикациялау әдістері;

4. Зерттеу объектілері;

5. Пестицидтердің химико-токсикологиялық анализінің әдістері;

6. Сынамаға дайындық;

7. Пестицидтерді сулы ортадан оқшауландыру әдістері.

8. Құрамында пестицидтері бар экстрактерді тазарту әдістері;

9. Фосфоорганикалық қосылыстар (ФОҚ); хлорофос, дихлофос, карбофос, метафос, жалпы сипаттамасы;

10. Зәрдегі ФОҚ-ны анықтау.

Тапсырма 2 (2студент үшін).Схема құрау және оқшауландыру мен улы химикаттарды фосфоорганикалық қосылыстар (ФОҚ):хлорофос, дихлорофос, карбофос, метафостан, табу жұмыстарын жүргізу.

 

СХЭ үшін қажет: өліктің ішкі ағзалары (заты бар асқазан, бауыр, бүйрек, ми,май тіні, өкпе). Объектер шіру процесіне ұшырамаған.

 

Жұмыс жағдайы.

Саябақтағы өсімдіктерді залалсыздандыру жұмыстарынан соң, қоймада түссіз, сұйықтығы бар, жағымсыз иісті 3 кішкентай шыны сауыт бар еді.Екі жұмысшы өз беттерінше оның біреуін алды.Келесі күні таңертең екі жұмысшы да қайтыс болды.Соттық-химиялық зерттеуге өліктердің ішкі ағзалары түсті.Өлікті патолоанатом зерттеу кезінде мыналарды байқайды: ішектердің бөлігі спастикалық қысқарған; тыныс алу жолдарында шырыштың көп болуы; ішкі ағзалардың дистрофиялық өзгерістері.Қанды биохимиялық зерттеу кезінде холинэстеразаның активтілігінің төмендегені анықталды.

 

Ақпарат.

Жұмысшылар алған кішкентай шыны сауыт қалдығын зерттеген кезде, құрамында пестицид- хлоробромды ертінді анықталды.

· сульфанил қышқылымен диазоттау реакциясы-шие түстес бояу;

· CuSO4-пен, сілтілік гидролизден кейін -лимон сарғыш комплексті түстес;

· Марки реактивімен-қызыл-сары түс береді.Микрокристаллокопиялық реакциялар:

· HgCI2-жұлдызша;

· BiJ3- ине тәріздес қара-қызыл түстес кристалдар;

· JCI- ине тәріздес бура түстес кристалдар.

Берілген биообъектілерде ХТА бойынша пестицид табылды.

Зерттеу мақсаты:Пестицидтердің бар екенін СХЭ бойынша тексеру.

 

Жүйелік химико-токсикологиялық анализ әдістемесіне сүйене отырып, берілген биообъектілердің химико- тосикологиялық анализінің сызба нұсқасын келтір.

 

Зертхана GLP принциптеріне сәйкес жұмыс істейді және қазіргі заманғы TIAFT нұсқаулықтарынан сәйкес аналитикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

 

Ескерту:

 

Тапсырмаларды орындау кезінде:

 

· Токсиканттардың физико-химиялық қасиеттері, токсикокинетикасы мен метоболизмі туралы білімдерін қолдана отырып, таңдап алынған биообъект туралы ақпарат беру;

· Токсиканттардың физико-химиялық қасиеттері туралы білімдерін қолданып, өзіңізге қажет анализ әдісін таңдай отырып, токсиканттарды оқшауландыру және сынамаға дайындау жайлы ақпарат беру;

· Сезімталдығы мен арнайлылығын, қасиеттері мен кемшіліктерін ескере отырып, токсиканттардың сандық анықтау және идентификациялау әдістерін таңдау;

· Қажет болған жағдайда, есептеуді жүргізу; математикалық формулаларды келтіру; саты бойынша сызбанұсқаны және процедураны өткізу жолын түсіндіру; сандық анықтау үшін таңдап алынған әдісті түсіндіру;

· Алынған сандық нәтижелерін интерпретациясын келтіру;

· Токсиканттарды табу туралы қорытынды.

 

Әдебиеттер:

1. Токсиколгическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие +CD\ под ред. Н.И. Калетиной. –М., 2008-1016с. Перепет.

 

2. Токсикологическая химия:учебник\под ред.Т.В.Плетеневой. -2-ое изд.-М., 2008.-512с. Переплет.

3. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия \ В.Ф.Крамаренко. –Киев,“Высшая школа”, 1989.-272с.

4. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия\ М.Д.Швайкова.-М., “Медицина”,1975-376с.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Пестицидтер, сипаттамасы, классификациясы, токсикалылығы;

2. Улану клиникасы, клиникалық диагностика;

3. Ағзаны детоксикациялау әдістері;

4. Зерттеу объектілері.Сынамаға дайындық;

5. Сулы ортада пестицидтерді оқшауландыру әдістері;

6. Пестицидтердің химико-токсикологиялық анализі әдістері.

 

Қосымша

 

1. Фосфоорганикалық пестицидтер.

Фторангидрид диэтилфосфат буымен дем алған да адамдарда күшті холинэргиялық эффектілердің пайда болуынан кейін, 1932 жылы фосфор қышқылдарының күрделі эфирлерінің биологиялық қасиеттері кенеттен ашылды.XXғ. ортасында ФОҚ тобының 10000 астам түрі синтезделді және инсектицидтер түрінде қолданылып көрінді.Т. Шредер ұсынған құрылысы бойынша қослыстың потенциалды саны бойынша 250000-ға жуық атауы бар.ФОП- кристалды қатты заттар, түссіз немесе сарғыш- қоңыр түсті, кейде майлы сұйықтық ретінде кездеседі.Олардың көп түріне жағымсыз иіс, төмен қысым, суда аз,ал майда жақсы ерігіштік тән.Көптеген ФОП-тар,дихлорфостан басқа, аз ұшқыш ертінді болып табылады; суда улы емес қосылыстар түзе отырып, гидролизге ұшырайды; ағзаға ұзақ әсер ететін хлорорганикалық пестицидтер салыстырғанда, улану қаупі төмен болып табылады.

 

Х

II

R1- P-R3

I

R2

 

Сурет1. ФОС-ң жалпы құрылымдық формуласы.

 

2. Пестицидтердің анықтау әдістері.

Заттардың өіне тән қасиеттерінің кең ассортиментіне байланысты оларды анықтау өте қиын. Осы мақсатта иммунохимиялық және хроматографиялық әдістерді қолданылады. Зерттеу объектілері: әртүрлі коммерциялық препараттар, үйде дайындалған тағамдар, косметика, су, сусындар, тағамдар, қоршаған орта, объектілері, биологиялық сұйықтықтармен тіндердің үлгілері болып табылады.

Пестицидтердің химиялық класының және олардың қасиеттерінің әртүлілігі, зерттеу объектілеріне тән қасиеттер, анықтау әдістерінің ерекшеліктері сынамаға дайындау әдісін таңдауға әсер етеді.Конъюгат пестицидтердің немесе олардың метаболиттерінің глюкурон, күкірт немесе басқа да қышқылдармен (субстраттармен) гидролизі биоүлгілердің сынауға дайындау сатыларының бірі болып табылады.Биологиялық сұйықтықтардан алынған экстракцияның күрделілігі –кейбір пестицидтер қышқылдар немесе сілтілер қатысында оңай ыдырайды.

Пестицидтерді сулы ортадан сұйық- сұйық немесе қатты фазалы экстракцияны қолдана отырып, оқшаулайды. ССЭ- скрингтің ең әмбебап әдісі болып табылады, ал ҚФЭ-тен қан үлгісінен алынған пестицидтердің сандық анықтауда немесе кумариндік антикоагулянттар немесе төртіншілік аммоний негіздері сияқты жеке химиялық пестицидтер класын оқшаулау кезінде тиімді. Балластты заттардан құрамында пестицидтерді бар экстрактарды тазалау үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Липидтерден экстрактардан тазартудың ең қарапайым түрі –тазалаудың бірінші сатысында қолданылатын пестицидтерді сулы ортадан сұйық - сұйық немесе қатты фазалы экстракцияны қолдана отырып, ССЭ - скрингтің ең әмбебап әдісі болып табылады оқшаулайды, ал ҚФЭ - тен қан үлгісінен алынған пестицидтердің сандық анықтауда немесе кумариндік антикоагулянттар немесе төртіншілік аммоний Балластты заттардан құрамында пестицидтерді негіздері сияқты жеке химиялық пестицидтер класын оқшаулау кезінде тиімді бар. Липидтерден экстрактардан тазартудың ең қарапайым түрі экстрактарды тазалау үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Тазалаудың бірінші сатысында қолданылатын Пестицидтерді сулы ортадан сұйық - сұйық немесе қатты фазалы экстракцияны қолдана отырып, ССЭ - скрингтің ең әмбебап әдісі болып табылады оқшаулайды, ал ҚФЭ - тен қан үлгісінен алынған пестицидтердің сандық анықтауда немесе кумариндік антикоагулянттар немесе төртіншілік Балластты заттардан құрамында пестицидтерді негіздері сияқты жеке химиялық пестицидтер класын оқшаулау кезінде тиімді. Аммоний липидтерден экстрактардан тазартудың ең қарапайым түрі экстрактарды тазалау үшін әртүрлі әдістерді қолданады бары .– тазалаудың бірінші сатысында қолданылатын Пестицидтерді сулы ортадан сұйық - сұйық немесе қатты фазалы экстракцияны қолдана отырып, ССЭ - скрингтің ең әмбебап әдісі болып табылады оқшаулайды, ал ҚФЭ - тен қан үлгісінен алынған пестицидтердің сандық анықтауда немесе кумариндік антикоагулянттар немесе төртіншілік Балластты заттардан құрамында пестицидтерді негіздері сияқты жеке химиялық пестицидтер класын оқшаулау кезінде тиімді. Липидтерден экстрактардан тазартудың ең қарапайым түрі экстрактарды тазалау үшін әртүрлі әдістерді қолданады аммонийі байбатшалар. Тазалаудың бірінші сатысында қолданылатын мұздату әдісі болып табылады. Экстракционды тазалаудың келесі сатыларына хроматографиялық әдістерді қолданылады:препараттық жұқа қабатты хроматография, бағаналық хроматография, гель немес флеш-хроматографиясы.

Пестицидтерді бөлу үшін және кедергі келтіретін қоспаларды жою үшін ультрадыбыстық, микротолқындық, жоғары критикалық сұйық (СЖЭ)жоғары критикалық флюидті экстракция, т.б. қолданылады.Ағза тіндерінен алынған кейбір пестицидтерді судың буын айдау арқылы оқшауландыруға болады.

Пестицидтерді алдын-ала зерттеу хроматографиялық әдістермен (ҚСХ немесе ГХ) немесе ИХМ бойынша жүргізіледі.ҚСХ коммерциялық препараттардағы, сусындар мен тағамдық өнімдерге қосылатын, тіндермен биологиялық сұйықтардағы (асқазан, зәр) пестицидтердің идентификациялау және скринингтеу үшін қолданылады.

Қан үлгісін зерттеу, қоршаған орта объектілерінде қалдық пестицидтерді сандық анықтау анықтауда газдық хроматографияны ГХ, қолданылады. Пестицидтер молекуласында фосфор, галогендер, сурьма немесе мышьяк молекуласының болуы селективті газохроматографиялық детекторларды (АФД, ЭЗФ, жалынды- фотометриялық-ПФД), сондай-ақ газохроматографиялық жүйелерді қолдануға мүмкіндік береді. Арбитажды әдіс арқылы пестицидтерді анықтауға ГХ –МС есептейді.Бірақ аналитикалық техниканың дамуына байланысты термолабилді суда еритін заттарды анықтауда масс-селективті детекторы бар (ЖЭСХ -МС) ЖЭСХ қолданылады. Соңғы жылдары ИХМ-ді қолдана отырып, пестицидтердің скрингтік анализі жасалуда.ИХМ әдістерінің арасында пестицидтерді анықтауда, гетерогенді қатты фазалы иммуноферментті анализ (ИФА), технология ЕП5А ең көп қолданылады.Сондай-ақ пестицидтерді анықтауда поляризациялық флюоресцентті иммуноанализ (ПФИН) әдісіде кеңінен қолданылады.

 

Тақырып - 2Тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін бақылау (тестілеу, ауызша және т. б.): Сумен экстракциялау арқылы оқшауланатын заттар тобы. Минералды қышқылдар, күйдіргіш сілтілер және олардың тұздарының ХТТ әдістері.

Тәжрибелік бөлімі: Өсімдік тектес объектілердегі нитрат және нитриттерді оқшаулау және ашу әдістерінің техникасын меңгеру.

Мақсаты:Студенттердің тақырып бойынша білімін тексеру және минералды қышқылдар, сілтілер және олардың тұздарын табу және оқшауландыру техникасын меңгергендігін тексеру.

Білу керек:Минералды қышқылдар, сілтілер және олардың тұздарын табу және оқшауландыру әдістерін меңгеру.

Өткізу формасы: теориялық материалдарды топ бойынша талқылау және тапсырмаларды жұп бойынша орындау.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма 1(тақырып бойынша теориялық сұрақтарды топ бойынша талқылау)

1. Топқа жалпы сипаттама. Токсикалығы;

2. Зерттеу объектісін таңдау негіздері;

3. Зерттеу объектісің рН ортасын анықтау әдістері.Мембраналық фильтрация және диализ;

4. Сілтілердің оқшаулардың ерекшеліктері;

5. Қышқылдарды оқшауландыру әдістері;

6. Осы топқа енетін жеке заттарды анализдеу әдістері;

7. Анализдеу құжаттары.Қорытынды жасау.

Тапсырма 2(2студент үшін ). Өсімдік тектес объектілерден нитриттер мен нитраттарды табу және оқшауландыру сызбанұсқасын құрастыру.

Әдебиеттер.

1. Токсиколгическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие +CD\ под ред. Н.И. Калетиной. –М., 2008-1016с. Перепет.

 

2. Токсикологическая химия:учебник\под ред.Т.В.Плетеневой. -2-ое изд.-М., 2008.-512с. Переплет.

3. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия \ В.Ф.Крамаренко. –Киев,“Высшая школа”, 1989.-272с.

4. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия\ М.Д.Швайкова.-М., “Медицина”,1975-376с.

Бақылау сұрақтары:

1. Топқа жалпы сипаттама. Токсикалығы;

2. Зерттеу объектісін таңдау негіздері;

3. Сілтілерді оқшауландыру негіздері;

4. Қышқылдарды оқшауландыру әдістері;

5. Өсімдік тектес объектілерден нитриттер мен нитраттарды табу және оқшауландыру сызбанұсқасы;

6. Осы топқа енетін жеке заттарды анализдеу әдістері;

7. Анализдің құжаттары. Қорытынды жасау.

 

Қосымша

 

1. Нитриттерді оқшауландыру.

Нитриттерді зәрде экспрессті анықтау үшін 100-125ºC термоинды детекторды пайдалана отырып, капиллярлы, бағанада (15м х 0.55мм) анықтайтын нитромезитиленге айналдырады. Зәрдегі, қандағы сілекейді және басқа да биоортадағы нитраттар мен нитриттерді (нитробензолға айналдыру арқылы) анықтау үшін ГХ- ЭЗД әдәсән кеңінен қолданылады.

 

Сандық анықтау

1.Судан оқшауландыруды зерттеу:

a) диазоттау және азобояу алу реакциясын жүргізеді.Оқшауландыратын бөлігіне сульфанил қышқылы немесе n-нитроанилин, тұз қышқылы ерітіндісін қосып шайқайды.10 мин өткен соң сұйықты сілтілейді және жаңа дайындалған р- нафтол ертіндісін (сілті) қосады, сарғыш-қызғылт түс және тұнба пайда болады.

б) сұйықтың бір бөлігіне Грисс реактивін қосады; қара-қызыл, қызыл немесе қызғылт түсті тұнба пайда болады.Боялу дәрежесі нитриттің санын жуық дәрежеде анықтайды, және сандық анықтау үшін қажет концентрацияда стандартты ертінді дайындауға болады.

2. Суды айдау арқылы оқшауландыру.

Мұздатқышпен қосылған, төменгі ұшы сұйытылған натрий гидрооксиді ертіндісіне салынған колбаға сорғышты орналастырады, сұйытылған сірке қышқылы ертіндісімен қышқылдандырады және көміртегі диоксидін Капп аппаратынан жіберу арқылы азот қышқылына натрий тұз түрінде жинайды.Дистиллятты жоғарыда келтірілген реакциялармен алады.Дистилляттың бір бөлігін қышқылдандырады және сұйытылған күкірт қышқылымен крахмал клейстрімен араластырылған калий иодиді ертіндісін құяды.Азот қышқылы бар болса, ерітінді көк түске боялады.

Зерттеудің бұл әдісі өліктің ішкі органдарын анализінде қолданылатын бірден- бір әдіс болып табылады, себебі жоғары сезімтал әдістері арқылы барлық жерде:сілекейде, өсімдікте, жерде, шаңда кездесетін нитриттерді табады.Азот қышқылының іздері (азот оксиді) зертхана ауасында әрқашан кездеседі, сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, сонымен бірге бақылау тәжірибелерін өткізіп отыру қажет.

 

2.Заттық дәлелдерді зерттеу-азотты қышқыл тұздары:

1. тұзға сірке қышқылын қосады, шырышты қабатты тітіркендіретін сарғыш- қызыл түсті азот оксиді бөлінеді.

2. 1а немесе 1б реакцияларын (азобояу түзілу ) және бөлу реакцияларын жүргізеді.

3. Na+және K+ ионына реакциялар жүргізеді немесе оларды физико-химиялық әдістер арқылы анықтайды.

 

Сандық анықтау:Азотты қышқылдың аз көлемін колориметриялық әдіс арқылы анықтау тиімді.Стандартты ерітінде ретінде арнай ыәдіспен дайындалған күміс нитритті ертіндісін қолданады.Грисс реактивінің белгілі бір мөлшерін қосады.Сыналатын ертіндінің түсін жұмысшы ертінділер түсімен салыстырады.

 

Токсикалылығы: Натрий нитритін азобояу (диазоттау ) алуда қолдану оны қолжетімді етеді.Мұндай уланулар тағамда натрий хлоридінің орнына натрий нитриттін қолданған кезде болады.Кейбір өндірістік орындарда азот оксидінің ауаға түсуі мамандық улануға алып келеді.NO2-нің сумен әрекеттесуі (шырышты қабықпен) нәтижесінде азот немесе азотты қышқыл түзіледі.

Тақырып 3.Сумен экстракциялау арқылы оқшауланатын заттарғв бағытталмаған сот- химиялық талдау жүргізудегі экспертті есепті шешу:

- талданушы сынамаға алдын-ала сынақ жүргізу;

- химия-токсикологиялық зерттеулерді жүргізу;

- сараптама қорытындысын жазу (сот-химиялық зерттеу актісі).

Мақсаты:Студенттердің бағдарланбаған зертханалық токсикант-іздеуші қызметін меңгеруі;минералды қышқылдар, сілтілер мен олардың тұздарын табу және оқшауландыру.

 

Білу керек:Минералды қышқылдар, сілтілер мен олардың тұздарын табу және оқшауландыру әдістерін жүргізу.

 

Өткізу формасы: теориялық материалды топ бойынша талқылау және студенттер жұбы бойынша тапсырмаларды орындау.

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма 1 (тақырып бойынша теориялық сұрақтарды топтық талқылау)

1.Диализбен бірге сулы экстракцияны қолдана отырып, оқшауландыратын заттар тобы.Токсикалылығы.

2.Зерттеу объектісінің таңдаудың негіздері;

3.Анализденетін сынамаға алдын-ала қандай зерттеулер жүргізіледі.

4.Осы топқа енетін заттардың токсикологиялық мәндері және анализ ерекшеліктері.

5.Эксперттік қорытынды жасау(соттық-химиялық зерттеу акті)

 

Тапсырма 2 (2 студент үшін).

Токсикологиялық химия. Ситуациялық есептер мен тапсырмалар.Н.И. Калетина ред. бойынша- М. 2007-C.312. Ситуациялық есеп №8.

ХТА қажет: зәр, қан, зардап шегушінің құсығы флаконда қалған сұйықтық қалдықтары.

Жұмыс жағдайы:

Н қ. Ауруханасына ауыз қуысы, асқазан және қарынның шырышты қабат күйігі белгілерімен науқас жеткізіледі.Зардап шегушіні көшеде естен танып қалған жағдайында тауып алған. Күртешесінің қалтасынана иіссіз, түссіз сұйықтық қалдығы бар флакон табылды.

 

Ақпарат:

Досының сөзінен. Зардап шегуші соңғы 2 күн әйелімен болған ұрыстан кейін көңілсіз болып жүрген, ал таңертең жұмысқа келмеген.

 

Флакондағы сұйықтық анализінен келесі нәтижелер алынады:

· Гексагидрооксостибат калий реакциясы оң-ақ микрокристалдық тұнба түзіледі;

· Цинкуранилацетатпен реакция оң реакцияға тән сары октаэдрлік және тетраэдрлік кристалдар түзіледі.

 

Асқазандағы қалдық зат пен құсықтық массаны біріншілік тексергенде, мынадай нәтижелер алынды:

· Фенолфталеиннің спиртін ертіндісі малина түс береді;

· Екі зерттелуші ертіндіде лакмус көгереді.

 

Зерттеу мақсаты: берілген биообъектілерге ХТА жүргізу.

 

Жүйелік химико-токсикологиялық анализ (СХТА) әдістемесімен сүйене отырып,берілген биообъектілердің химико-токсикологиялық анализінің сызбанұсқасын келтіру:

Зертхана GLP принциптеріне сай жұмыс істейді және TIAFT қазіргі заманға сай нұсқаулықтарына сәйкес аналитикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

 

Ескерту:

Тапсырмаларды орындау кезінде:

· Токсиканттардың физико-химиялық қасиеттері олардың токсикокинетикасы және метоболизмі туралы білімдерін қолдана отырып, биообъектті таңдау туралы ақпарат беру;

· Токсиканттардың физико-химиялық қасиеттері туралы білімдерін қолдана отырып, келесіде таңдаған анализ әдісіне сүйене отырып, сынамаға дайындау әдістері мен токсиканттарды оқшауландыру әдістерін туралы ақпарат беру;

· Сезімталдығы және арнайлылығы, қасиеттерімен кемшіліктерін ескере отырып, токсиканттардың сандық анықтау және идентификациялау әдістерін таңдау;

· Алынған сандық нәтижелерін туралы интерпретация беру;

· Токсиканттарды табу туралы қорытынды беру.

Тапсырма 3 (2студент үшін). 2-тапсырма бойынша эксперттік қортынды жазу (соттық-химиялық зерттеу акті).

 

Әдебиеттер.

1. Токсиколгическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие +CD\ под ред. Н.И. Калетиной. –М., 2008-1016с. Перепет.

 

2. Токсикологическая химия:учебник\под ред.Т.В.Плетеневой. -2-ое изд.-М., 2008.-512с. Переплет.

3. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия \ В.Ф.Крамаренко. –Киев,“Высшая школа”, 1989.-272с.

4. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия\ М.Д.Швайкова.-М., “Медицина”,1975-376с.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Диализбен бірге сулы экстракцияны қолдана отырып, оқшауландыратын қышқылдар, сілтілер және сілтілік металдар тұздары тобына сипаттама.Токсикалылығы.

2. Анализденетін сынамаға алдын-ала қандай зерттеулер жүргізіледі.

3. Осы топқа енетін заттардың токсикологиялық мәндері және анализ ерекшеліктері.

4. Эксперттік қорытынды жасау(соттық-химиялық зерттеу акті).

 

Қосымша

1. Токсиканттың бағдарланбаған зертханалық іздеуі. Биологиялық материалдағы әртүрлі топтағы заттарды (барбитураттар, фенотиазиндер, хлорланған көмірсулар, опиаттар т.б.) сатылап табу өте көп уақытты алады.Жиі зерттелетін материалдар құрамында іздеуге бағытталған заттар болмайды, тіркеуші құжаттарында, ережеге сай былай жазады: “Табиғаты белгісіз токсикантпен улану”. Мұндай жағдай да бағдарланбаған ХТА жүргізіледі.

2. Қышқылдарды, сілтілерді, тұздарды оқшауландыру. Зерттелетін объектіні аз мөлшердегі дистилденген қою болғанша араластырады, қоспаны 1-2 сағ соң фильтрлейді. Ақуызды заттарды бөліп алу үшін қоспаны немесе фильтраттар диализдейді.Диализ әр 4-6 сағ.сайын 2-3 рет жүргізеді.Алынған диализаттарды су моншасында көлемі 5-10мл қалғанша кептіреді және қышқалдар, сілтілер, тұздарды зерттейді.Бұл үшін электродиализді қолданған дұрыс.

3. Диализбен бірге сулы экстракция арқылы оқшауланатын заттарды зерттеу.Егер алдын-ала жасалған сынаулар зерттеуді жүргізуге негіз болса немесе жұмыс материалдары көрсетілген заттармен уланулардың болғандығын көрсетсе биоматериалдан бұл заттарды зерттеу жүргізіледі.

Қазіргі таңда биологиялық сұйықтықтар мен тіндердегі бейорганикалық және кейбір карбон қышқылдарының аниондарын газдық хромотография, ЖЭСХ иондық хромотография, капиллярлы электрофорез, индуктивті байланысты плазма мен масс-спектрометрия, флюорометрия, электрохимиялық, биохимиялық және басқа да әдістермен анықтайды. Құрамында бромид-, йодид-, роданид, нитрит-, сульфид-, иондары бар аниондар қоспасын анализдеу оларлы ұшқыш пентафторбензилді туындыларға айналдыру арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ анализде химиялық және биохимиялық әдістерде қолданылады. Заттардың бұл тобын анықтайтын зерттеу объектілері болып асқазандағы қалдық зат, құсық масса тағам қалдықтары, киім қалдығы, т.б. заттар саналады, тұздарын зерттейтін объектілерге, сондай-ақ, бауыр да жатқызуға болмайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 326; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты