КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Несие № 4Тақырып 1.Өткір уланулар – қазіргі кездегі медицинаның өзекті проблемасы. Кеңінен таралуы. Уланулар сипаты және себептері. Бала жастағы уланулар ерекшеліктері. Уланудың дамуын өрбітетін негізгі және қосымша факторлар. Детоксикация әдістері. Мақсаты:Өткір уланулар себептері және жағдайымен сонымен қатар ағзаның детоксикациялану әдістерімен студенттерді таныстыру. Оқыту мақсаты:ағзаның детоксикациялану әдістерін уйретіп және өткір уланулар себебі жайлы білімді шыңдау. Өткізу түрі:презентациямен топтық талқылау. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1. Уланудың дамуын анықтайтын факторлар. 2. Ағзаның детоксикациялану әдістері. Таратылған материал: 1. Өткір уланудың даму сатылары Өткір улануларды бөгде химиялық қосылыстың ағзаға түскен токсикалық мөлшерінен пайда болатын «химиялық жарақат» ретінде қарастырған жөн. Токсикалық заттың ағзаға тигізетін спецификалық әсерінің асқынулары «химиялық жарақаттың» токсигенді эффектіне жатады. Ол патогенді реакциямен көрінеді және токсигенді деген атпен белгілі,өткір уланулардың I клиникалық даму сатысында айқын өтеді. Ол кезде токсикалық агент ағзада спецификалық әсер тудыра алатын дозада болады. Бір уақытта «химиялық» спецификалығынан айрылған патологиялық механизмдер қосылуы мүмкін. Улы зат қосу факторының рөлін атқарады.Жалпы токсикологиялық эффект ағзаның спецификалық токсикалық әсері және спецификалы емес реакциялардың-соматогенді, нәтижесі болып табылады. Уланулардың дамуын анықтайтын факторлардың жалпы классификациясы. I. Уларға жататын негізгі факторлар: · физико-химиялық қасиеттері; · био орталардағы токсикалық дозасы мен концентрациясы; · токсикалық рецепторлармен байланысу түрі; · био орталарда орналасу ерекшеліктері; · қоспалардың болмауы және химиялық тазалығының дәрежесі; · тұрақтылығы және сақтау кезіндегі өзгеру түрлері; II. Нақты «токсикалық жайтқа» жататын қосымша факторлар: · ағзаға түсу жолы,түрі,жылдамдығы; · улардың кумуляциялануы және уйреніп қалу мүмкіндігі; · басқа токсикалық және дәрілік заттармен бірге қолданылуы; III. Зардап шеккен адамды суреттейтін негізгі факторлар-сыртқы сезімталдылық; · дене салмағы,тамақтануы және физикалық жүктеменің түрі; · жынысы; · жастық ерекшеліктері; · индивидуальды вариабельность және тұқым қуалаушылығы; · биоритмнің әсері және т.б.; · аллергия және токсикоманияның пайда болу мүмкіндігі; IV. Зардап шеккен адамға әсер ететін қосымша факторлар: · Қоршаған ауаның температурасы мен ылғалдылығы; · Барометрлік қысым; · шу және вибрация; · лучты энергия және т.б. 2. Токсикалық заттардың ағзада таралуы үш негізгі факторға байланысты: кеңістіктік,уақыттық, және концентрациялық. (1 сур).
1-сурет. Өткір уланулардың дамуын анықтайтын негізгі факторлар. R — кеңістіктік; С — концентрационды; t — уақыттық Кеңістіктік фактор улардың сырттан түсу жолдары мен таралуын анықтайды. Уақыттық фактор удың организмге түсу және шығарылу уақытын анықтайды немесе ол удың әсер ету уақыты мен оның токсикалық эффектінің арасындағы байланысты көрсетеді. Концентрационды фактор, немесе удың биологиялық ортадағы,көбінде қандағы концентрациясы клиникалық токсикологияда негізгі болып табылады.Бұл фактор уланудың токсикогенді және соматогенді фазаларын ажыратуға және дезинтоксикационды терапияның эффективтілігін бағалауға мүмкіндік береді. Концентрационды фактордың динамикасын зерттеу уланудың токсикогенді фазасында екі негізгі периодты анықтауға мүмкіндік береді:резорбция периоды,ол токсикалық заттың қанда максимальды концентрациясы болғанша созылады, және элиминация пероды — сол сәттен бастап қанның удан толық тазару уақыты.
3. Улардың ағзадағы биотрансформациясы . Ағзаның бөгде заттардан тазаруы әртүрлі детоксикация түрлерінен тұрады.Ол негізгі үш бөліктен тұрады: метаболикалық айналу , бүйректік экскрекция және бүйректен тыс тазалану. Метаболикалық айналулар (биотрансформация) бөгде токсикалық заттардың детоксикациясында ерекше орын алады,өйткені олар ағзадан шығарылудың дайындық этапы болып табылады. Биотрансформация көбінде екі этапта өтеді: · Бірінші саты — гидроксилирлену реакциясы (тотығу,тотықсыздану, гидролиз) ,ол соған қажетті энергияның шығынымен жүреді; · Екінші саты — конъюгация реакциясы (ақуыздармен,амин қышқылдарымен ,глюкурон және күкірт қышқылдарымен байланысуы), ол жасушаның негізгі энергетикалық ресурстарының шығынын қажет етпейді. Бұл реакциялардың маңызы суда жақсы еритін токсикалы емес қосылыстардың түзілуінде.Әсіресе клиникалық токсикология үшін токсикалық емес немесе аз токсикалық заттардың соңғы затқа қарағанда токсикалығы жоғары затқа айналуын зерттейтін метаболикалық процесстерді зерттеу маңызды болып табылады.Бұл заттың ыдырауы сонымен қатар синтез процессі кезінде де пайда болуы мүмкін.Мұндай үрдіс летальды синтез деп аталады. 4. Улардың ағзадан шығарылуы. Бөгде заттардың ағзадан шығу жолдары әртүрлі.Токсикалық заттардың бүйректен шығуы екі негізгі механизммен жүзеге асады-пассивті фильтрация және активті транспорт. 5. Өткір экзогенді уланулардың диагностикалау ерекшеліктері. Уланудың диагностикасы бөгде токсикалық заттардың адам ағзасына әсерінен болатын аурудың химиялық этиологиясын анықтауға негізделген.Оның негізін үш түрлі диагностикалаудың Ее составными частями являются три основных вида диагностических мероприятий: 1) Клиникалық диагностика,анамнездің, аурудың клиникалық көрінісінің және оқиға болған жердің нәтижелерінің қорытындыларына негізделген; ол ауруханаға дейінгі этапта немесе стационарда науқасқа көмек беріп жатқан дәрігермен көрсетіледі; 2) лабораторлық токсикологиялық диагностика ,ол ағзаның биологиялық орталарындағы токсикалық заттардың сандық және сапалық(идентификациясы) анықтауына негізделген (қан, зәр,цереброарқалық сұйықтық,және т.б.,);бұл жұмыстарды химик-эксперттер жүргізеді; 3) патоморфологиялық диагностика. 6. Лабораторлық диагностика Уланудың лабораторлы токсикологиялық диагностикасының үш негізгі бағыты: 1) Спецификалық токсикологиялық анықтаулар (сапалық және сандық),ағзаның биологиялық орталарындағы токсикалық заттарды шұғыл түрде анықтау үшін; 2) спецификалық биохимиялық зерттеулер,осы патологияға тән қанның биохимиялық құрамының өзгеруін анықтау мақсатымен; 3) спецификалық емес биохимиялық зерттеулер,бауырдың,бүйректің және басқа мүшелердің токсикалық зақымдалу дәрежесін диагностикалау мақсатымен; Әдебиеттер 1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет. 2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет. 3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с. 4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с. Бақылау сұрақтары 1. Өткір уланулар-қазіргі медицинананың маңызды мәселесі. 2. Таралуы.Уланудың себебі мен көрінісі. 3. Бала және жасөспірім кезіндегі уланудың ерекшеліктері. 4. Уланудың дамуын анықтайтын негізгі және қосымша факторлар. 5. Детоксикациялану әдістері. Тақырып 2. Биологиялық сұйықтықты зерттеуде сынаманы дайындаудың теориялық негіздері. Сұйық- сұйықтық экстракция. Модифицирленген полимер негізінде қатты денені сұйықтықпен экстракциялау. Тазарту тәсілдері мен әдістері. Мақсаты:Биообъектінің дайындық алды тәсілдерімен және анализдің нәтижелері интерпретациясымен студенттерді таныстыру. Оқытудың мақсаты:токсикалық агенттердің скрининг әдістерін,оларды бөліп алу мен тазалау тәсілдерін студенттерге үйрету. Өткізу түрі:презентациямен топтық талқылау. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1. Токсикалық агенттердің скринингі. 2. Токсиканттарды оқшаулау әдістер. Таратылған материал. 1. Токсикалық агенттердің скринингі. Токсикалық агенттердің скринингісінің екі бағыты бар.Оның бірі —тікелей(тазалау мен оқшаулаусыз)хромогендік,микрокристаллоскопиялық,химиялық,иммунохимиялық класс байланыстарымен және т.б. әдістермен немесе спецификалық агенттің үлгісі ретінде анықтау.Екінші жолы — бұл концентрленген экстрактты зерттеумен жүретін объектіні биологиялық матрицадан оқшаулау әдісі. Зерттеу әдістерінің көбінде дайындық алды жұмыстар міндетті түрде қажет. Дайындық алды жұмыстарын жүргізудің екі методологиялық әдісі бар:матрицаны толық жоюмен жүретін аналитті бөліп алу (бейорганикалық заттардың анализі кезінде); матрицаны бөлшектеп немесе мүлдем бөлшектемей аналитті бөліп алу. Дайындық алды дайындықтың негізгі мақсаты —негізгі экзогенді массадан және биоматрицадан анализденетін затты бөліп алу,ол қатар жүретін маңызды процедуралардан тұрады.Оған жатады:мүмкін болатын ластануларды жою,аналиттің концетрациясының өсуі,экстакцияға ыңғайлы формаға аналитті айналдыру,бөлу және т.б. Биообъектілердің ХТА де негізгі және аса маңызды саты ол үлгіні зерттеуге дайындау болып табылады.токсикалық заттары бар анализденетін заттар бөлінеді: • биосұйықтықтар (зәр, плазма, сыворотка, сілекей, жас,жұлынмиының сұйықтығы ,лимфа, шәуіт,т.б.); • мүшелер мен тіндер (бұлшықет және майлы тіндер,шаштар,тістің,көздің жанары,мидың,бауырдың,бүйректің,өкпенің,аналық бездердің тіндері,т.б.);. • биологиялық емес үлгілер (заттық айғақтар,мысалы ағаштар,қара сия,спирттік және сулы тұндырмалар,әртүрлі тағам өнімдері және т.б.). Бұл топтың әрқайсысы тек өзіндік морфологиялық ерекшелері ғана емес сонымен қатар әр топтың биообъектісі ерекше аналитикалық дайындық алды процедураларды қажет етеді.Токсиканттарды зәрден,қаннан және тіндерден оқшаулау әдістері әртүрлі. Дайындық алды жұмыстар нақты сатылардан тұрады,олардың кейбірі нақты аналитикалық тапсырма мен токсиканттың табиғатына байланысты жасалады немесе жіберіледі. Дайындық аолды жұмыстардың этаптары: • алдын ала өңдеу; • коньюгирленген метаболиттердің гидролизі; • экстракция (немесе оқшаулаудың басқа түрі,мысалы озоление немесе су буымен айдау, микродиффузия немесе диализ және т.б.); • тазалау; • дериватизапия. Алдын ала өңдеу үлгілерінің әдістерін таңдау зерттеу әдістерінің,токсиканттың табиғатына,биообъектінің типіне,және т.б. факторларға байланысты,және де фильтрациядан,центрифугирлеуден,ультрадыбыстық өңдеуден,сұйылтудан, депротеинизациядан (бүтін қаннан,плазмадан), ферментативті өңдеуден (тіндер), гомогенизациядан (тіндер) тұрады.Коньюгирленген метаболиттердің гидролизі бос метаболиттердің түрлерін алып,оларды ары қарай зерттеу үшін жасалынады.Сұйық-сұйықтық және қатты фазалы экстракция .Экстракция арқылы әртүрлі класстар мен топтарға жататын химиялық қоспалар сонымен қатар ұшқыш емес органикалық қоспалар :есірткі заттар,улы,әсері күшті дәрілік заттар,пестицидтер т.б. дан токсикалық заттар оқшауланып алынуы мүмкін.Қатты фазалы экстракция арнайы сорбенттерді қолдану арқылы фондық заттарды жою мен анализденетін қосылысты концентрлеуге мүмкіндік береді.Тазалау тек сұйық-сұйықтық экстракциядан соң ғана жүргізуді талап етеді.Дериватизация – реакция получения производных искомого токсиканта путем преобразования полярных групп в неполярные без изменения основной структуры молекулы. 2. Оқшаулаудың жеке жағдайлары. 1) Ұшқыш уларды оқшаулау.Су буымен айдау- осы заттардың төмен температурада қайнауына негізделген бұл өз кезегінде оқшаулаудың мынадай әдістерін қарастырады-жай айдау (дистилляция),су буымен айдау,микродиффузия,экстракция және сорбция. Биообъектілерден ұшқыш заттарды оқшаулау,(мысалы асқазан ішіндегісін) азық түліктерден заттық айғақ ретінде анализденеді,оған Рауль заңына негізделген микродиффузия әдісін қолданады.Айдау-қатты затты бу тәрізді затқа сұйық фазаны өту арқылы айналдыратын үрдіс.Жай айдау- (дистилляция )– биологиялық сұйықтықтардан немесе сулы ерітінділерден токсикалық заттарды оқшаулау үшін қолданылады. 2) Металл уларды оқшаулау .Жиі элементтерді анықтауда қанды,зәрді,мүшелер тіндерін,мысалы сүйек тіндерін қолданады.Қанда және зәрдегі элементтердің концентрациясы жақын арадағы тікелей немесе жанама токсиканттардың әсеріне байланысты,немесе басқа себептермен металолигандты гомеостаздың бұзылуын көрсетеді.Биожүйелердегі микроэлементтерді анықтау қиындығы тіндер мен биосұйықтықтардағы элементтердің өте аз концентрациясы және олардың ағзадағы тұрақты болуына байланысты.Өзіндік химиялық элементтерді брутто анықтауды органикалық матрицаның толық деструкциясынан кейін жүргізеді.Биообъектідегі элементтерді дайындық алды анықтау екі этаптан тұрады:элементтерді биологиялық сынамалардан биомолекулалардан деструкция арқылы оқшаулау және анықтауға ыңғайлы формаға көбінде ерітіндіге айналдыру арқылы жүзеге асады.Сынама дайындық ,минерализация деп аталатын сатысы жауапты сатылардың бірі.Минерализацияның мақсаты-органикалық матрицаны шығарып тастау,бұл кезде анықталатын элементтер жоғалмау керек. Бұрыннан қалыптасқан әдіс-(құрғақ)– күлдендіру - муфель пештерінде тесу-минерализация (қыздыру 1150 СС температураға дейін). Ылғал күлдендіру.. Минерализацияның кең тараған түрі,бұл-концентрлі қышқыл тотықтырғыштармен мысалы азот,күкірт,кейде хлорлы қышқылмен өңдеу болып табылады. 3). ХТТ бойынша аналитикалық сынама алдын ала ретінде жүргізіледі: • анализ типімен (бағытталған немесе бағытталмаған.КТАнемесе допинг-бақылау және т.б.); • биологиялық матрицаның үлгісі типінде (биологиялық сұйықтықтар,мүше тіндері және т.б.); • оқшаулау әдісін таңдау үшін анализденетін заттардың физико-химиялық қасиеттерімен (экстракция, сорбция, су буымен айдау, дистилляция, ұшыру және т.б.): • ХТА дің жеке тапсырмаларымен (ұшқыш ждәне металл уларды,пестицидтерді және т.б. оқшаулау); • процедураның жүргізілу техникасымен (лиофилизация, диализ және т.б.). Ең тиімді оқшаулау әдісін таңдау техникасында химик-токсиколог практикалық саласында барлық бес сатыны ескеру қажет. Әдебиеттер 1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет. 2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет. 3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с. 4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с. Бақылау сұрақтары 1. Токсикалық агенттердің скринингісінің негізгі бағыттары. 2. Сынама дайындықтағы методологиялық ыңғайланудың мағынасы қандай? 3. Сынама дайындықтың этаптары,мінездеме беру. 4. Оқшаулаудың жеке әдістері:ұшқыш уларды оқшаулау. 5. Металл уларды оқшаулаудың әдістемесі. Тақырып 3. Өткір уланулар аналитикалық диагностикасында қазіргі кезеңде қолданылатын талдау әдістері. Улы заттарды анықтайтын хроматографиялық әдістер. Мақсаты:Өткір уланулардың аналитикалық диагностикасында қолданылатын анализ әдістерімен студенттерді таныстыру. Оқытудың мақсаты:Өткір уланулардың аналитикалық диагностикасында қолданылатын анализ әдістерімен және де токсикалық заттарды анықтаудағы хроматографиялық әдістерін студенттерге үйрету. Өткізу түрі:презентациямен топтық талқылау. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1. Өткір улануларды диагностикалау кезіндегі химико-токсикологиялық анализдің схемасы. 2. Токсикалық заттарды анықтаудағы хроматографиялық әдістердің методологиясы. Таратылған материал 1. Өткір уланулар кезінде жапа шеккен адамға емханаға дейінгі этаптан бастап токсикологиялық стационарда немесе реанимационды этапқа дейін бірден алғашқы медициналық көмек беру қажет .Интоксикацияның алғаш даму сатысында клиникалық көріністер арқылы уланудың себебін анықтай алмаған кезде мүмкін болатын аз уақыт ішінде сапалық және сандық анықтаулар жүргізеді (науқас емханаға түскен соң 1-2 сағат ішінде).ХТА өткір улануларды анықтау кезіндегі мақсатқа жету клиницист пен химик арасындағы информацияның жылдамдығы мен сапасына байланысты.ХТА жүргізу көлемі мен тереңдігі клиницистердің қажеттіліктерімен анықталады. Уланудың клиникалық көріністерін және жеке уланудың көріністеріне тән белгілерді айқындап зерттеу ХТА де әдістерді дұрыс таңдаудың шарттарының бірі болып табылады. Сол себепті химик-токсиколог әртүрлі токсиканттармен өткір уланулардың басты белгілерін білуі қажет. 2. Кликико-токсикологичялық анализді (КТА)келесі жағдайларда жүргізеді: · Улану мен мас болудың айырмашылығын анықтау үшін. · Науқас жайлы ақпарат алу үшін(мысалы есірткі,алкогольды,заттарды пайдалану жиілігі мен қарқындылығы туралы бұрынғы өмірінде болған улану жағдайларыжәне т.б. жайлы ақпарат алу үшін). Комплексті улану жағдайларында мысалы,есірткімен алкогольмен немесе метанол және этанолмен,т.б. · Клиникалық айқын емес улануда, мысалы парацетамолмен. · Соттық араласуларда.Арнайы тапсырма болған кезде. · Ғылыми –зерттеу және білім алу мақсатында ,статистикалық және басқа ақпараттар жинауда. Токсиканттың организмдегі концентрациясына және емдеу интенсивтілігіне байланысты болғанда.Емдеу болжамы токсиканттың қан плазмасындағы концетрациясына байланысты болғанда ,мысалы пестицидтермен уланғанда (паракватпен). · Заттың организмдегі терапевтикалық және токсикалық концентрациясын ажырату қажет болғанда. · Комплексті интоксикация кезінде,мысалы есірткі заттар мен этанолмен улануда.Токсикологиялық мониторинг кезінде. · Сандық талдаудың нақты әдісі көрсетілмеген жағдайда,мысалы табиғи тектес қоспалармен улану кезінде. Өткір улану кезінде КТА объектілері ретінде көбінде қан,сыворотка немесе плазма,зәр.асқазан ішіндегісі,сілекей пайдаланылады. 3. Өткір уланулардың экспресс диагностикасы кезінде әртүрлі әдістерді қолданады. • Иммунохроматографиялық және и иммуноферментті. • Ферментативті: — алкогольдегидрогеназаның тотығу жылдамдығы бойынша активтілігін анықтау -- этанолдың ацетальдегидке дейінгі (см. гл. 8.1); — определение активности ацетилхолинэстеразаның активтілігін анықтау (см. гл. 8.4) және т.б.. • Пептондардың,төмен молекулалы ақуыздардың жалпы концентрациясын спектофотометриялық анықтау.. • Биообъектілермен түсті реакциялар: — FPN-реактив арқылы зәрдегі фенотиазиндерді анықтау [ перхлорлы және азотты қышқылдардың қоспасы мен темір(III) хлоридімен]; — салицилаттарды, паракватты, цианидтерді және басқа токсиканттарды зәрде анықтау; — көміртек (II) тотығын бүтін қанда анықтау; • Биохимиялық: — Глюкозаны қанда анықтау; 4. Токсикалық заттарды анықтаудағы хроматографиялық әдістер (ХТ). Хроматография – бір біріне араласпайтын жүйеде заттың немесе бөлшектердің бөлініп ,қозғалу жылдамдығымен ерекшеленетін және бір біріне қатынасты фазаларда жылжуына негізделген физико-химиялық әдіс. Хроматографиялық әдістердің классификациясы: · Хроматографиялық жүйе фазаларының агрегаттық күйіне байланысты(газдық, газадсорбционды, газсұйықтық, газомезофазалы, сұйықтық,сұйықтық -адсорбциялы,сұйық-сұйықтық, противоточная сұйықтық, мицелярлы, аса критикалы флюидті, полифазалы). · Сорбенттің қозғалу түріне байланысты (шетке шығару, фронтальды, элюентті, изократикалық, градиентті, с программированием температура ,қысым, жылжымалы фаза және хромодистиляция жүйесі енгізілген). · Бөлетін жүйенің конфигурациясына байланысты (планарлы,жұқа қабаттық,қағаздық, циркуляционды, көп бағаналы,мультихроматография, көп өлшемді, перколяционды). · Бөліну механизміне байланысты (адсорбционды,тарқату, эксклюзивті, аффинді,лиганд алмасу,ионалмасу, ион-парлы,гидродинамикалық, фракциондық, гидрофобты, гидрофильді,, критикалық, аналитикалық, препаративті,газдық ұсынылған,сито ұсынылған, энантиоселективті). · Мақсаты бойынша (аналитикалық, препаративті,газдық ұсынлған,сито ұсынылған) · Сорбаттың химиялық айналуы бойынша (реакционды, пиролитикалық,тұндыру) · Детектирлеу әдісі бойынша (радиохроматография, хромато-масс-спектрометрия, ХТ тікелей емес детектирлеу арқылы).
Әдебиеттер 1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет. 2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет. 3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с. 4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с. Бақылау сұрақтары 1. Өткір уланулардың аналитикалық диагностикасында қолданылатын анализ әдістері. 2. Клинико-токсикологиялық анализді қай кезде жүргізеді? 3. Клинико-токсикологиялық анализдегі объектілер. 4. Өткір уланулардағы экспресс-диагностикада қолданылатын әдістер. 5. Токсикалық заттарды анықтаудағы хроматографиялық әдістердің классификациясы.
Тақырып 4. ХТТ атомды- абсорбциялық спектрометрия, плазмамен индуктивті байланысқан атомды-эмиссиондық спектрометрия әдістердің қолданылуы. Мақсаты:токсиканттардың элементті анализіндегі атомды спектрометрия және ядролық әдіспен студенттерді таныстыру. Оқытудың мақсаты:атомды-абсорбционды спектрометрияның әдістерін және ,химико-токсикологиялық анализдегі плазмамен индуктивті байланысқан атомды-эмиссионды спектрометрия әдістерін студенттерге үйрету. Өткізу түрі:презентациямен топтық талқылау. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1. Атомды-абсорбционды спектрометрия 2. Атомды-эмиссионды анализ Таратылған материал: 1. Атомды спектрометрия әдістерінде аналитикалық сигналдардың пайда болуының жалпылама схемасы ,қатаң белгіленген энергетикалық ауысудың сәйкес жүзеге ауысуына негізделген.,1 суретте көрсетілген.Алдымен жоғары температура әсерімен затты атомды парға немесе бос атомдарды сәйкес химиялық элементтерге айналдырады. Бұл үрдіс атомизация деп аталады.Кейіннен плазма бөлшектерімен соқтығысқан кезде ( барлық энергетикалық жағдайында атомдар,иондар,радикалдар,электрондар) атомдар қозу жағдайына ауысады.Негізгі сатыдағы электрондардың бірі қозу жағдайына ауысады,ол жағдайға үлкен энергия сәйкес келеді. Бұл жағдай тұрақсыз сондықтан атом бұрынғы қалпына өте аз уақыт ішінде оралады(10 -9с): электрон қайтадан негізгі сатыға қайта келіп екі сатының түрлі энергиясына жуап бере отырып,квант энергиясын шығарады. Бұны Планк формуласы түрінде жазуға болады:
Мұнда h — Планк тұрақтысы: v және λ- спектральды облыстың осы электронды айналуына сәйкес келетін спектральды сызықтың толқын ұзындығы мен жиілігі . Ауысуы негізгі сатыда бітетін сызықтар аса интенсивті және сезімтал болып келеді. Оларды жиі резонансты деп атайды.. Атомды-эмиссионды және жалынның фотометриясындағы атомдардың эмиссионды спектрлері осылайша қозады. Сур-. 6-128. Негізгі(0) және қозу(1.2.) сатыларының арасындағы электронды ауысулар-атомды спектрлердің пайда болуының себебі.
2. Атомды абссорбционды анализде затты атомизацияға ұшыратады,бірақ бұл әдіспен атомдардың қозуы болмайды.Бұл атомды бу деп аталатын жағдайдағы атомдар одан өтетін резонансты сәулелі кванттарды сіңіруге қабілетті.Нәтижесінде сәуле қарқындылығы азайып оны өлшеуге болады.Атом өзінің «туыс» квантын сіңіру арқылы қозу жағдайына кейіннен негізгі жағдайына өтеді,алайда мұнда сәйкес энергия тұрақсыз форма-жылуға өтеді.Сызықтық атомды спектрлердің индивидуальдылығы түгелімен атомның сыртқы қабатының құрылысы және оның электрондармен толуымен анықталады. Теория жүзінде электрон энергиясының мінезін әр сатыда квант сандары және сәйкес символика аппараты арқылы сипаттайды.Бұл өз кезегінде спетрді тудыратын электронды ауысуларды суреттеуге мүмкідік бреді.Атомдық спектрометрия әдістерінде тек орбитальды квант сандарының өзгеруімен жүретін электронды ауысулар іске асуы мүмкін. Сәйкес ауысуды кейде «оптикалық электрон» терминімен белгілейді.. Атомды-абсорбционды және атомды-эмиссионды әдістер төмен анықтау шектерімен сипатталады,әсіресе индуктивті байланысқан плазманы және электротермиялық атомизацияны қолданғанда. 3. Атомды-эмиссионды анализ 70 элементке дейін негізінде металлдарды анықтауға мүмкіндік береді.Ол үшін анализденетін сынаманы қозудың көзіне енгізеді(плазма электрического дугового разряда, жоғары вольтты искра, газдық жалын, индукционды байланысқан -ИБП),бұл кезде ол буланып атомдық жағдайға ауысады. Атомдар қозып негізгі қалыпқа келген кезде кванттарды бөліп шығарады.Қосынды сәуле сызықтық спектрге ыдырайды.Кванттық механиканың рұқсат етілген ережелеріне сол немесе басқа элементтің сыртқы валенттік электрондардың ауысуына жауап беретін спектральды сызықтардың болуын,орналасуын және интенсивтілігін тіркейді.Атомдардың табиғи функциясы спектральды сызықтың 200—800 нм аралығындағы оптикалық ұзындығы болып табылады.сандық функциясы — осы сызықтардың интенсивтілігі.Өлшеу техникасының схемасы 2-сур көрсетілген. 2-сур. Атомно-эмиссионды әдісіндегі өлшеудің блок-схемасы 1 — қозу орталығы: электрлік дуга, искра; инертті газдың индуктивті-байланысқан плазмасы; 2 — монохроматор: призма [оптическое стекло, кварц (для УФ)]; дифракционды тор: 3 —шығатын қуыс; 4 — сәулені қабылдағыш: фотоэлектронды көбейткіш, диодты матрица: 5 — күшейткіш-өзгеру; 6 — есептегіш аспап. Жалынның атомды-эмиссионды фотометриясында: I — газдық жалын; 2 — интерференционды жарықфильтр (басқа монохроматорлар). Атомды эмиссионды анализдің негізгі қолдану облысы — әртүрлі биообъектілерден металлдарды анықтау. ИБП мен атомды –эмульсионды анализ.Әдісті элементтерді ерітінділерде анықтауда қолданылады.Негізгі артықшылығы — бір сынамадан паралельді түрде немесе құралдың конструкциясына байланысты кезекпен элементтердің көп мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдебиеттер 1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет. 2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет. 3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с. 4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с. Бақылау сұрақтары 1. Атомды спектрометрия әдістеріндегі аналитикалық сигналдарды анықтау схемасы. 2. Атомды-абсорбционды спектрометрияның ерекшеліктері 3. Химико токсикологиялық анализде индуктивті байланысқан плазмамен атомды-эмиссионды спектрометрия әдісі. 1. Тақырып 5. Аралық бақылау: коллоквиум 2. Мақсаты: «Наркомания және токсикоманияның аналитикалық диагностикасы» атты тақырыпты толық оқып үйрену және білімдерін шыңдау. 3. Оқытудың міндеттері: «Наркомания және токсикоманияның аналитикалық диагностикасы» атты тақырыпты толықтай меңгергенше бар мүмкіндігінше оқып үйрену қажет. 4. Өткізілу үлгісі:жазбаша түрде және ауызша түрден кейін қажет болып жатса жазбаша түрде. 5. Тақырыпқа тапсырма: - тапсырылған тақырып бойынша барлық материалдарды қайталау, - коллоквиумға жақсылап дайындалу қажет. 6. Таратылатын материал: тақырып бойынша ақпараттық материал. 7. Әдебиеттер: 1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. 2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. 3. Байзолданов Т. Токсикологическая химия ядовитых веществ, изолируемых методом экстракции. – Алматы, 2002. 8. Контроль (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) келесі сұрақтар бойынша, жазбаша түрде және ауызша түрден кейін қажет болып жатса жазбаша түрде. 1. Наркологияға кіріспе. Наркомания және токсикоманияға диагностикалық аналитика түрде қызмет көрсету ұйымдары. 2. Негізгі құжаттар, химика-токсикологиялық зертханалардың регламентирлеуші орталары. 3. Наркологиялық жағдайда болғанда көмек көрсету кезіндегі химика-токсикологиялық қызметтің міндеттері. 4. Наркотикалық заттарды зерттеу нысандары. Үлгілерді дайындау. 5. Наркотикалық заттарды жеке топтық бағыттық талдау. 6. Талдау әдістерін таңдау. Әдістерді таңдаудағы кешендік бағыт түрі. 7. Зерттеулерді дәлелдейтін және алдын-ала жүргізу әдістері. Әдістердің рациональды сәйкес келуі. 8. Талдаудың иммунды әдістері. 9. Наркотикалық заттардың скрининг-талдау мәселелері. 10. Химика-токсикологиялық талдаудың қорытындыларының интерпретациясы. 11. Қорытындыларды құрастыру.
|