КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Таратылатын материал. 1. Хлорорганикалық пестицидтер (ХОП)1. Хлорорганикалық пестицидтер (ХОП). Көмітсулардың алифатикалық,алициклді және ароматты хлортуындылары ауыл шаруашылығында кең қолданыстағы пестицидтер болып табылады. Аз ұшқыштығы,химиялық тұрақтылығы,жоғарғы липофильділігі және баяу шығарылуы,қоршаған ортада тұрақты таралуы,азық түліктерде биоконцентрациялануы адам ағзасында бұл пестицидтердің белгілі мөлшерде ұзақ жиналуына әкеледі. ХОП талап бойынша 4 топқа жіктеледі: · ДДТ и оның аналогтары; · Гексахлорциклогексан (ГХЦГ); · Циклодиены және оның туындылары · Токсафен және оның туындылары Анықтау үшін ГСХ, ХГ-МС, ЖҚХ, УФ-спектрофотометрию қолданылады. 2. Карбамин қышқылының эфирлері (карбаматтар). Пестицидтер ретінде карбами қышқылының күрделі эфирлері – H2N-COOH табылған.Олар зақымданбаған тері ,шырышты қабат, тыныс және ас қорыту жолдары арқылы оңай өтеді.Әсері ингаляционды жолмен және тері арқылы , пероральды түрде қасақана жағдайда немесе байқаусызда қолданғанда байқалады.Препаратының бір түрі — карбарил(севин), α-нафтил-N-метилкарбамат: Туындылары тотығады немесе гидролизге ұшырап ,бос күйінде немесе конъюгаттар түзіп ,несеппен бірге тез шығарылады. Карбарил тотығу,гидролиз және конъюгация жолымен биотрансформацияланып,ХЭ активтілігін төмендетеді. Әдебиеттер 1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет. 2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет. 3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с. 4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.
Бақылау сұрақтары 1. Хлорорганикалық пестицидтер, классификациясы,мінездемесі. 2. Хлорорганикалық пестицидтердің ХТТ ерекшеліктері. 3. Карбамин қышқылы тобындағы пестицидтер,мінездемесі,улылығы. 4. Карбамин қышқылы тобындағы пестицидтерді ң ХТТ ерекшеліктері.
Тақырыбы 4.Қышқылдар, сілтілер, сілтілік метал тұздарының химия-токсикологиялық сипаттамасы. Берілген топ заттарын оқшаулауда диализ әдісінің қолданылуы және мембраналы сүзудің қолданылу перспективасы.
Мақсаты: Студенттерді қышқылдар, сілтілер, сілтілік металл тұздарының химия-токсикологиялық сипаттамасымен таныстыру. Оқыту мақсаты: Студенттерді қышқылдар, сілтілер, сілтілік металл тұздарынын оқшаулау әдістерін үйрету. Өткізу түрі:Презентацияны топ ішінде талқылау. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1. Қышқылдар дың оқшаулау және ХТТ схемасын құрастыру. 2. Сілтілердің оқшаулау және ХТТ схемасын құрастыру.
|