КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Таратылатын материал1. Биологиялық қауіптілік- медико-әлеументтік,технологиялық, ауыл шаруашылық және коммуналдық сферада қауіп төндіретін, дәрежесі және шығу тегі әр түрлі биологиялық патогендердің теріс әсер көрсетуі.Экопатогендер-қоршаған ортаның объектілеріне табиғи және техногенді факторлардың бірігіп зақым келтіруі.Биологиялық қауіпті объектілер- адамдарда, жануарларда, өсімдіктерде ауру туғызытын, материалдардың бұзылуына әкелетін, қоршаған ортаның кенеттен бүлінуін тудыратын патогенді микроорганизмдер, токсиндер және паразитарлы ағзалар.Биорегуляторлар-ағзада өтіп жатқан үрдістерге әсер ететін биологиялық заттар.Токсиндер- микроорганизмдердің жоғарғы улылы өнімдері, жануар тектес немесе өсімдік тектес табиғи уларнемесе олардың аналогтары, химиялық синтез әдісімен алынған жоғары биологиялық активтілікке ие ақуыздар,олар жоғарғы сатыдағы жануарларға жедел токсикалы әсер көрсетеді (цирин, дифтериялық токсин,ботулиндік токсин және т.б.) 2. Пестицидтер. "Пестицид" термині тіршілікке қауіпті түрлерді жоятын әсерлері бар, кең таралқыған заттардың тобы.Әлем бойынша 1500 жуық пестицидтер қолданылады.Профессионалды әсерлесу (өндіріс,тасымалдау,қолданылуы,бау бақша жұмысында,шаруашылық өнімдерін өңдеуде) және пестицидтермен өңделген азық түлікті қолданғану кездегі улану немесе дұрыс қолданбау заңмен реттеледі. «Пестицидтердің қалдық мөлшері» термині белілі бір уақыттан кейін өсімдік және жануар тектес азық түліктердегі пестицидтердің кездесу мөлшерін бағалау үшін қолданылады. Пестицидтердің қалдық мөлшері тағамдық және азық түліктің,топырақта және басқа да қоршаған орта объектілеррінде рұқсат етілген қалдық концентрациясынан (РҚК) аспауы қажет. Пестициді белгілі бір объектіге зиян келтіретін түрлері бойынша жіктеуге болады.. Мысалы, акарицидтер — кенелермен күресетін заттар тобы, инсектицидтер —жәндіктерді жоюда қолданылады, фунгицидтер —саңырауқұлақтарды жоюда қолданылады, гербицидтер —ауру өсімдіктерді жоюда қолданылады. Химиялық жіктелуі бойынша пестицидтер 3 топқа бөлінеді: •бейорганикалық қосылыстар – мыс,мышьяк (арсенит және арсенаттар) қосылыстары; • органикалық қосылыстар – (синтезделген және табиғи заттардың туындылары); • металорганикалық қосылыстар –(сынаптың және қалайының органикалық туындылары); Органикалық синтетикалық пестицидтер – көптеген топтарға жіктеледі: • галогенқұрамды көмірсулар (хлорорганикалық қосылыстар:ДДТ және оның аналогтары,ГХЦГ,гептахлор және т.б.); • фосфордың органикалық қосылыстары (фосфорорганикалық препараттар –ФОП немесе фосфорорганикалық қосылыстар – ФОҚ:метафос,карбофос,фоксим,және т.б.); • алифатты,ароматты,ациклді қышқылдар және олардың туындылары (пиретроидтар): перметрин, дельтаметриф, фенвшгерат; • арилоксиалканкарбон қышқылы және оның туындылары: 2,4-Д гербицид (2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы); • карбамин, тио- және дитиокарбамин қышқылдырының туындылары:карбарил және т.б.; • мочевина, тиомочевин және күкірт қышқылының туындылары; 3. Пестицидтердің улылық диапазоны адамдар үшін өте жоғары. Көптеген пестицидтердің метаболиттері негізгі қосылысқа қарағанда өте улы болып келеді. Кейбір пестицидтер жеке күйінде жоғарғы улылық дәрежесін көрсетпейді,бірақ толықтырғыш және еріткіш ретінде препараттардың құрамына кіргенде улылығы күшейеді және уланудың бірден-бір себебі болады. Бір топқа жататын пестицидтердің қасиеттері мен әсер ету механизмдері ұқсас болып келеді.Адамдар мен жануарлар үшін уланудың себебі пестицидтердің өзі болуы да мүмкін.Уланудың бірден бір салдары-тұрмыста және өндіріс жағдайында пестицидтермен жұмыс істеу шарттарын сақтамауы болып табылады. (кездейсоқ улану, профессиональдық улану,тұрмыстық улану). Пестициді қасақана жағдайда пайдаланып улану кездеседі.Пестицидтердің кумуляциялану қасиетіне байланысты оларды үздіксіз түрде қолданылуы созылмалы улану тудырады.Жедел улану кезінде бірінші кезекте пестицидтің немесе оның метаболитінің түрі мен фукнционалдық роліне байланысты белгілі бір рецепторларға токсикалылығы бойынша уланудың спецификалық белгілері байқалады.Созылмалы улану кезінде ұзақ уақыт жалпы соматикалық бұзылыстарбайқалады (бас ауыруы,бас айналуы, буындардың шаршауы,жүрек айну,құсу және т.б.). Әдебиеттер 1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет. 2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет. 3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с. 4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с. Бақылау сұрақтары 1. Пестицидтер туралы жалпы түсінік,олардың маңызы,улулығы,құрылысы және қасиеті 2. Пестицидтердің жіктелуі. 3. Пестицидтердің ағзада,өлік материалында және қоршаған ортада сақталуы. 4. Пестицидтармен жедел улану жағдайындағы симптомдар. 5. Пестицидтермен созылмалы улану жағдайындағы симптомдар. Тақырыбы 2.Пестицидтерді талдау әдістері: энзимді, химиялық, хроматографиялық Мақсаты: Студенттерді пестицидтерді талдаудың негізгі әдістерімен таныстыру. Оқыту мақсаты: Студенттердің қазіргі заманғы пестицидтерді талдау әдістері туралы білімдерін жетілдіру. Өткізу түрі:Презентацияны топ ішінде талқылау. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1. Пестицидтерді энзимді, химиялық, хроматографиялық әдістерін меңгере отырып,талдау схемасын құрастыру.
|