Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Таратылатын материал. Көміртек {II) оксидін қанда анықтау жолы спектроскопиялық әдіс (Крамаренко В.Ф




Көміртек {II) оксидін қанда анықтау жолы спектроскопиялық әдіс (Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия.- Выша школа.-Киев.-1989.-С.415-424)

СО (II) мен уланғандардың қанындағы гемоглобин барлық мөлшерде карбоксигемоглобинге айналмайды. Уланудан өлім оксигемоглобиннің карбоксигемоглобинге түгел ауысудан анағұрлым ерте түседі..

Қандағы карбоксигемоглобинді спектроско­ппен анықтауға болады, бұл-бірқатар, соның ішінде карбоксигемоглобинді, заттарды спектральды визуальді анықтауға арналған прибор.

Қанды спектроскоппен қарағанда карбоксигемоглобинның бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік беретін сызықтар мен жолдар көрінеді..

Зерттеуге арналған қанды сумен ашық-қызыл боялған ерітінді алғанша сұйылтады. Бұл ерітіндіні спектроскопиялы зерттелетін кезде сәйкес спектралды жолдар көрінеді.

Қандағы оксигемоглобин ОНЬ спектрі 577-589 және 536-556 нм толқын ұзындығындағы Фраунгофер D және Е сызықтары арасында 2 жұтылу аймағына ие болады. Карбоксигемоглобиннің СОНЬ жұтылу аймағы 564—579 және 523—536 нм толқын ұзындығына сәйкес.

Зерттелетін қанның 4 көлеміне 1 көлем (NH4)2S немесе басқа тотықсыздандырғыштарды (дитионит натрия Na2S2O4 ) қосқан кезде оксигемоглобин (ОНЬ) дезоксигемоглобинге НЬ ауысып, спектрінде жұтылу аймағы 543—596 нм-ге сәйкес болады.Сондықтан да тотықсыздандырғыштарды қосқан соң карбоксигемогло­биннің жұтылу аймақтары жоғалып кетпейді.

Окси және карбоксигемоглобин бар қанға аммони сульфид ерітіндісін қосқанда НЬСО-ның 2 жұтылу жолы қолып, ОНЬ-ң жұтылу жолдары жойылады. Қандағы сәйкес жұтылу жолдары бойынша СО (ІІ)-мен улану туралы қорытынды жасайды.

Спектральды анализ зерттелетін қанда 10—30 % карбоксигемоглобин болса жүзеге асырылады.

Оптикалық әдіс (Калетина Н.И.-Метаболизм и определение токсиканто.-М.-ГЭОТАР-Медиа.-2008.-С. 753-759)

СО-ға объектіні зерттеуге негізінен уланған қан мен СО бар өндіріс ауасы алынады.

Қандағы НЬСО-ны зерттеудің үлкен диагностикалық мәнге улану алдында алынған қан ие болады, себебі науқасқа алғашқы дәрі-дәрмектермен көмек көрсеткен кезде СО мөлшері төмендеп, қандағы НЬСО мөлшері взаяды. СО-ны спектрофотометриялы анықтау кең таралған себебі гемоглобинды құрылымдар аймағында абсорбцияға ие.

Роке әдісі төмен концентрациялы НЬСО-ны анықтаудағы қолайлы әдіс болып табылады. Ол НЬ және НЬСОтотықсызданған натрий гидросульфит спектрінің жұтылу қабілетін салыстыруға негізделген.НЬ және НЬСО гидросульфит натриймен байланыспайды. Спетрлерді қанды (0,1мл) аммиак ерітіндісімен (50мл) сұйылтқаннан кейін түсіреді. НЬ және НЬСО абсорбциясын 420 және 432 нм-де өлшейді.Алдын-ала 420 және 432нм-дей экстинкцияның молялы коэффициенті анықталынып алынады. 420 нм-де НЬСО абсорбциясы НЬ-ге қарағанда 2 есе жоғары, ал 432нм-де НЬ абсорбциясы НЬСО-ге қарағанда 3 есе жоғары. Арнайы формула арқылы қан құрамындағы НЬСО-ны анықтағанда 420 және 432нм-дегі НЬ және НЬСО абсорбция айырмашылығы есептелінеді.Рооке әдісін өткізу және математикалық есептеулері қиын болғанымен алынған нәтижелері дәлірек анықталады.

Спектроскопиялық әдіс. Спектроскопиялық (микроспектральді) анализ гемоглобин және оның туындыларының белгілі бір толқын ұзындығында жарық жұту қасиетіне негізделген. Құрамында гемоглобин және оның туындылары бар сұйықтықтан жарық сәулесін өткізгенде спектрде қара жолақтар пайда болады. Гемоглобиннің әр туындысына тән спектрдің арнайы бөліктерінде жолақтар шығады.

Сот-медициналық тәжірибеде спектроскоп сияқты окулярмен қосылған микроспектроскоптарды қолданады.

Спектрде оксигемоглобиннің (НЬО) 2 жолағы λ 589— 577 және λ556—536 нм-де, қалпына келген гемоглобиннің (НЬ) λ 596—543 нм-де бір жолағы,ал НЬСО –ның λ579—564 және λ 536—523 нм-де 2 жолағы бар..

Зерттеуге қанды сумен сұйылтады. Сұйылтуды спектро­скопта Фраунгофердің О және Е жазықтарының арасындағы жасыл және сары аймақта 2 жолақ пайда болғанша жалғастырады. Бұл жолақтар НЬО сәйкес.Сұйықтыққа жаңа дайындалған (Гм'Н4) қосқанда, НЬО редуцирленген гемогло­бинге қайта тотығады. Біраз уақыттан соң алдында пайда болған 2 жолақтың орнына, екеуінің ортасынан 1 кең жолақ пайда болады. Құрамында СО бар қанды спетроскопиялық зерттегенде де, НЬСО-ға тән 2 жолақ көрінеді.. НЬСО және НЬО спектрлерін салыстырғанда олардың жолақтары сәйкес келмейді. НЬСО-ға аммоний сульфидің қосқанда, қайта тотықпайды және пайда болған 2 жолағы жоғалып кетпейді.

Уланған кезде қан СО толық қанықпайақ адам өліа кетеді.Сондықтан мәйіттің қан құрамында НЬСО мен қатар НЬО-да кездеседі. Аммоний сульфидін қосқанда спектроскоптағы НЬСО-ның 2 жолақтарының арасында күңгірттену- қалпына келген гемоглобин жолағы пайда болады.

Колориметрлік әдіспен қан құрамындағы НЬСО сандық анықтау. (модифицирленген Вольф әдісі). Бұл әдіс НЬО-ның НЬСО-ға қарағанда 15 минут ішінде рН 4,95. температура 55—60 "С болғанда тұнбаға түсуіне негізделген. Ал НЬСО-ның тұнбасына көбірек уақыт керек. Сөйтіп, осы 2 затты бөліп алып НЬСО-ны колориметриялық анықтайды. Құрамында гемоглобині анықталған қанды әртүрлі дәрежеде сұйылта отырып, колибрлі қисық құрады..Зерттелетін қанды 50— 100 есе сұйылтып, жарықты жұтылуына және калибрлі қисыққа қарай отарып, гемоглобин концентрациясы анықталады. Гемоглобиннің СО-мен қанығу пайызын тиісті формуламен анықталады.

СО-ны Вольфәдісімен анықтауды уланудан пайда болған өлімнен кейін тез арада өткізу қажет. Себебі, ұзақ уақыттан кейін молекулалардың белокты бөлігі өзгеріп, гемопротеиндермен НЬСО-ның ерігіштігі өзгереді..

Фревурст — Майнекенің спектрофотометриялық әдісі.

Бұл әдіс гемолизденген қанның белгілі толқын ұзындықтарында (X 575 немесе 578 нм). Жарық жұту қабілетіне негізделген. Ол НЬО гидросульфат натриймен тотықсызданғанға дейін және кейін өткізіледі. Қанның 100% СО-ға қаныққан кездегі жарық жұту қабілеті натрий гидросульфитін қосқаннан кейінде өзгермейді. Егер қанның құрамы СО-ға толық қанықпаса немесе СО болмаса, ол азаяда. Оның азаю дәрежесіне байланысты НЬСО-ның пайызын анықтайды.

Клинико-химиялық зертханалар автоматтандаралған дифферен­циалды спектрофотометрлермен жабдықталған. Олар біруақытта гемолизденген қанның 4 және одан да көп толқын ұзындықтарында жалпы гемоглобин мөлшерін, НЬО және НЬСО пайыздық қатынасын және метгемоглобинмен сульфагемоглобиннің оптикалық тығыздығын өлшейді.

Спектрофотометриялық әдіспенқандағы карбоксигемоглобинді анықтау.

Зерттелетін қанға тотықтырғыш (натрий тиосульфат) қосқаннан кейін окси- және мет-гемоглобиннен тотыққан гемоглобин түзіледі.Соңғысының жұту спектрі 8-16, Б суретінде көрсетілген..

Оттегіге қарағанда СО газы гемоглобинге ұқсас болғандықтан, НЬСО-кешені натрий тиосульфатқа бұзылмайды. Сондықтан НЬСО кешенін натрий тиосульфатпен өңдегенде өзіне тән 2 жұтылу жолағы көрінеді. (сурет. 8-16, А). А және Б спектрлерінің оптикалық тығыздығының максимальді ерекшелігі 540 нм толқын ұзындығында байқалса, ал 579 нм толқын ұзындықтарында олар шамалас тең келеді. Қан құрамындағы СО-ның пайыздық мөлшері ( 8-16. А сурет) анықтауға болады: құрамында НЬСО жоқ, сау оптикалық тығыздық мөлшерінің ( 8-16. Б суреті) мәні және натрий тиосульфаты қосылғаннан кейінгі зерттелетін үлгі (8-16. В сурет) қатынасымен:

где х — оптикалық тығыздығы..

8-16 сурет.А-НЬСО уф спектрлері, Б-қалпына келген гемоглобина, В-көміртегі оксидімен уланған паписта қаны.

Нәтижелердің интерпретациясы

• Қандағы СО деңгейі < 5%: қалыпты; темекі тартатындар 10% дейін.

• Қандағы СО деңгейі 10—20%: жеңіл дәрежедегі интоксикация.

• Қандағы СО деңгейі 20—30%: орташа дәрежелі интоксикация .

• Қандағы СО деңгейі 30—40%: орташа дәрежелі интоксикация , бірақ коллапс болуы мүмкін.

• Қандағы СО деңгейі 40—50%: орташа дәрежелі интоксикация , тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйесі зақымдалады, жиі колапс болады, қайтыс болуы мүмкін.

• Қандағы СО деңгейі 50—60%: ауыр дәрежелі интоксикация — кома, талмалар,қайтыс болуы мүмкін..

• Қандағы СО деңгейі 60—90%: қайтыс болады.

 

Әдебиеттер:

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қанда көміртек (II) оксидін анықтаудың оптикалық әдістері.

2. Қанда көміртек (ІІ) оксидін анықтаудың спектроскопиялық әдісі.

3. Қанда НbСО аз концентрациясын анықтау Рооке әдісі.

4. Қанда НbСО колориметриялық әдіспен сандық анықтау

5. Фревурста — Майнектің спектрофотометриялық әдісі.

Тақырып 4 –Көміртек оксидін талдауда газдысұйықтық әдісін қолдану. Сандық мөлшерін анықтау қорытындыларын бағалау. Талдау құжаттары.

Оқу мақсаты: Карбоксигемоглобиннің химиялық анализ әдістері жайлы білімді студенттерде қалыптастыру.

Өткізу түрі: топтық презентация өткізу, сабақ нәтижелерін талдау.

Тақырып бойынша тапсырмалар:көміртек оксидінің талдау жолы газдысұйық хроматография әдістің презентациясы


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 213; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты