Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Осылыстың формуласы бойынша элементтiң тотығу дәрежесiн есептеу.




Читайте также:
  1. Азақ тілі пәні бойынша 2014-2015 оқу жылына арналған тест сұрақтары
  2. Анатомия модульі бойынша тест сұрақтары
  3. Вирусология пәні бойынша тест сұрақтары мен тапсырмалары 5В 120100-Ветеринарлық медицина
  4. Графиктік және симплекс әдістері бойынша есептің шешімі болмайтын жағдайды анықтау
  5. Давид бойынша)
  6. ЖБҚЖ ЖҮРПЗУ ЖӘНЕ ҮЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АҚ ҚҮРАМА КОМАНДИРЛЕРШЩ ЖҮМЫС МАЗМҮНЫ МЕН ЖАЛҒАСЫМДЫҒЫ
  7. Идеал газ молекулаларының жылдамдықтары және энергиялары бойынша таралуы туралы Максвелл заңы
  8. Кейбір медициналық процедуралар кезінде халық алатын шамамен алынған сіңірілген дозалары (Ушаков И.Б мәліметтері бойынша, 2004).
  9. Марганецтің тотығу формасының вольт-эквивалент өлшемдері
  10. оқу жылына «Математика 1» пәні бойынша тест сұрақтары

Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядтың сан шамасы. Бұл ұғыммолекуладағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады. Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп қарастыруға болмайтындықтан, Тотығу дәрежесу шартты түрде алынады. Тотығу дәрежесінің оң мәні (+) берген электрон санын, ал теріс мәні (-) қосып алған электрон санын көрсетеді. Элементтердің Т. д-н белгілегенде алдымен таңбасы, содан соң сандық мәні жазылады. Мысалы, Mn+7, S+6, S-2, Cl+5, O-2, H+1, т.с.с.

Заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін анықтау

Біз күкірттің бірнеше қосылыстарын білеміз: күкіртті сутек H2S, күкірт қышқылы H24, күкірт (VI) оксиді SО3, күкіртті қышқыл H23, күкірт (IV) оксиді SО2. Міне, осы заттардың әрқайсысының тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы атқарар рөлін тек олардың формулаларына қарап анықтауға болады. Ол үшін осы қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін пайдалануға болады.

Элемент ең төменгі тотығу дәрежесінде тек тотықсыздандырғыш, ең жоғарғы тотығу дәрежесінде тек тотықтырғыш, ал аралық тотығу дәрежесінде болса әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады.

Бөлшек (атом, молекула) электронды бергенде оның оң тотығу дәрежесі артса, қосқанда оң тотығу дәрежесі кеміп, теріс тотығу дәрежесінің абсолюттік мәні артады.

34. Валенттік электрон жұптарының тебісу теориясы негізінде көпатомды молекулалардың геометриялық пішінін дәлелдеңізБайланыс электрон жұптарымен іске асады, ал молекулалардың немесе иондардың гиометриялық құрылымы орталық атомды қоршаған электрон жұптарының санына тең деген болжамға Гиллеспи моделі негізделген. Сонымен қатар келесі ережелер орындалуы керек:



-Электрон жұптары бөлінген және бөлінбеген, олардың тебілуі минималды болатындай яғни бір бірінен максималды алшақтау болу үшін, орталық атомның айналасында орналасқан.

-Бөлінбеген электрон жұптары бөлінген электрон жұптарына қарағанда үлкен көлем алады.

-Электрон жұптарын байланыстыратын және алатын орны, көлемі аз болған сайын, атомның электртерістілігі жоғары және орталық байланысқан.

- Екі жұптасқан электрондар екі есе байланыспен байланысқан және үлкен көлем алады, бір электрон жұбының байланысына қарағанда.

Осы ережелердің негізінде молекулалардың ғана емес сонымен қатар иондардың да геометриясын болжауға болады. ICl-2 ионын мысалға ала отырып көрсетейік. Иодтың орталық атомы сыртқы электрондардың жалпы санына ие және онға тең ( 7- өзінің, 2- хлор және 1 электрон – ион заряды). Олар бес электрон жұптарын түзеді, оның екеуі соңғы бөлінген және үшеуі бөлінбеген электрон жұптары. Молекула типі Гиллеспи моделіне сәйкес АВ2Е3, мұнда А – орталық атом, В – бөлінген электрон жұптары, Е – бөлінбеген электрон жұптары. Бес электрон жұптары атом айналасында бипирамида шыңында орналасқан. Байланыс түзетін екі электрон жұптары бір біріне қарама қарсы орналасқан, ал бөлінбеген электрон жұптары экваторлық сызықта (4.7 сурет). Бөлінбеген жұптардыі мұндай орналасуы үлкен көлем алады және мұндай жағдайда бір бірне 900 емес 1200 бұрышта орналасады. Сонымен ионның реалды геометриясы – сызықтық, валенттік бұрышы Cl – I – Cl 1800 тең.



Гиллеспи әдісі тек молекуланың құрылымы мен р-элементтері иондарын сипаттайды және үлкен мөлшердегі бірлік байланыспен.


Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 38; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты