КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Менеджмент тарихынан. 2) Нарық деген ұғымды қалай түсінесіз?
Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз: 1) Басқару деген не? 2) Нарық деген ұғымды қалай түсінесіз? 3) Басқару теориясының негізін қалаушы кім? Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз Тапсырма. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз. Тапсырма. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз. ЕКІНШІСАБАҚ Менеджмент тарихынан
Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы. Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» трактатында қаралады. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады деген: «Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол – қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалалар мен халықтар» - дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай басқару-надандық басқару болып саналады. Ұлы ғұлама адам бойындағы бір өзіндік ерекшелік деп өзгеге өз айтқанын істете білетін адамдардың, яғни «басшылардың» басқару қабілетіне тоқталады. Егер адам бойында өз ойлағанын немесе іс-әрекетін өзгеге істете білетін қасиеті, яғни «ілестіріп алып кететін» ерекшелігі, я болмаса «итермелеуші» қасиеті болмаса ол басшы бола алмайды. Әл-Фараби басшылыққа бағынатын адамдарды қайрымды, абзал және бақытты адамдар деп санайды. Бұл адамдар халық болып құрылса, ондай халықты қайырымды халық деп, ал қоныстанып біріксе, қайырымды қала болып табылады деп көрсеткен. Ғұлама адам бойындағы өзі өмір сүрген ортаға жақсылық жасау қасиетін бағалай отырып, бұл қасиеттің басшының өн бойында болу керектігін дәлелдейді. Игілікті істерді біліп қана қоймай, оны іс жүзіне асыруға әрекет жасау керектігін және оған бағыттап отырудың қажеттілігін басты мәселе етіп қозғайды.
Мәтінге берілген тапсырмалар.
|