Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.




Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.

ҮШІНШІ САБАҚ

Менеджмент дегеніміз не?

«Менеджмент» (ағылшын тілінде – manage) «басқару» деген мағынаны білдіреді. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.

Мағынасы бойынша менеджмент термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан менеджмент ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түрінде қолданылады. Мысалы, көлікті және басқа да неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару. Ал «менеджмент» термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процесстерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаныжәне қызметшілерді басқаруды сипаттайды.

Басқару (басқару процесі) - мақсатқа жетуге бағытталған іс-қыймылдарды ұйымдастыру. Менеджмент - өзіне міндетті элемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім аймағы бар адам қызметінің аясы. «Менеджмент»- бұл нарық жағдайындағы басқару.

Менеджменттің үш маңызды факторын байланыстырады - мақсат, тиімділік, адам.

Бәсеке жағдайында тиімділік - фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.

Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:

- Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;

- Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғары еңбекақымен ынталандыру және еңбекке жағдай жасау;

- Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру;

- Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;

- Нақты мақсаттарды анықтау;

- Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.

 

 

адамзат человечество
аңықтама справка
бағытталған направленный; нацеленный
бейімділік приспосабливание; адаптирование
дәйектілік постоянство; последовательность
еңбекақы заработная плата
жеңу өнері искусство побеждать
жетістік достижение
жүріс-тұрыс поступки и поведение
ішкі орта внутренняя среда
мағына значение
мақсат цель
өміршендік жизнеспособность
табыстылық успешность
тиімділік выгодность; эффективность
тұлға личность
тұтынушы потребитель
уәж повод; мотив
ұйым организация
шаруашылық хозяйство
ынталандыру стимулировать; заинтересовать

Мәтінгеберілгентапсырмалар.

Тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 180; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты