КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Менеджмент тарихынан. Француз ғалымы Анри Файоль басқарудың осы кезеңіндегі «классиктердің» көрнекті өкілі болып табылады
Француз ғалымы Анри Файоль басқарудың осы кезеңіндегі «классиктердің» көрнекті өкілі болып табылады. Оның әкімшілік теориясы 1916 жылы жарық көрген «Жалпы және өндірістік басқару» кітабында жарық көрді. Файоль Париждегі әкімшілік зерттеу орталығын басқарды. Ол өзінің тұжырымдалған қағидаларының әмбебап және тәжірибелік негізде де барлық салада: экономикада, басқару қызметінде және ұйымдарда, әскерде және флоттарда қолданылатынын дәлелдеді. 1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына қосып, өзінің көп жылғы бақылауын қорыта келе Файоль «әкімшілдік теориясын» құрды. Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы шықты, ал «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916 жылы жарық көрді. Файоль 1918 жылы жұмыстан босап өзі құрған әкімшілдік зерттеулер орталығын басқарды (бұл орталық Тейлордың француздық ұйым зерттеушілерінің келісімімен бірлесу арқылы құрылған). Ол өзі ашқан басқару принциптері тек қана экономикада ғана емес, сонымен бірге флот армиясында, құрылтайлар мен басқарма қызметтерінде де қолданылатын дәлелді, яғни жан-жақтылық сипаты бар. Осы орталықпен орындалған ең бір ірі тапсырмаларының бірі пошта-телеграфтық ведомствалардың жұмысының ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осы және мемлекеттік басқарулар, қоғамдық құрылтайлар және білім жүйелері мәселелерінің қайта құрылуына Файольдің көптеген жұмыстары арналды, ол алғашқы болып менеджмент пен басқаруды ұйымдастыру мәселесін қойды. Анри Файоль ұзақ өмір сүрді және сол өмірде қуана білді: тез тіл табыса алатын, қозғалыстағы адам болды, өз теориясын шаршамай дәлелдеуді, тіпті өзінің өмірінің ақырғы жылында ғылыми зерттеулерін тоқтатқан жоқ. Мәтінге берілген тапсырмалар.
|