КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тапсырма.Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз. ОНЖЕТІНШІ САБАҚ Ұйымның сипаттамасы Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады. Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек: 1. Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы; 2. Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы; 3. Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы. Осы сипаттарды біріктіру арқылы анықтама аламыз:ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы. Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді.Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады. Бейресми ұйымдар ресми ұйымдардың барлығы болады. Бейресми ұйымдар- бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады. Күрделі ұйымдар- бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар. Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады. Ұйымның ортақ сипаттары: - Ұйымның ресурстары -көздеген мақсаттарға жету үшін қажетті ұйымның негізгі ресурстары және олар өндіріс қызметінің нәтижесінде құрылады: адамдар, капитал, технология, ақпарат. Ресурстарды қолдану аясындағы ұйымның басты міндеттері шығынының аз көлемінде және тиімділіктің жоғарғы дәрежесінде мақсатқа жету. - Сыртқы ортаға тәуелділігі. Ұйымның аз ресурстарына қатысы тәрізді тұтынушылар сыртқы ортаның факторларына - экономикалық жағдай, тұтынушылар, мамандық одақтар, билік актілері, заңдылық, бәсеке, қоғам байлықтарының жүйесі, қоғамдық көзқарастар, техника, жыл технологиясына қатысты қоршаған ортаға тәуелді. - Көлденең еңбек бөлінісі- еңбек процесіне қатысушылар арасында жұмысты құрайтын компоненттерге бөлу. Жұмыс маманды белгілер бойынша бөлінеді. Қол еңбек бөлінісінің өндірісті кәсіпорындағы классикалық үлгісі болып өндіріс, қаржы, маркетинг табылады. Олар фирма мақсатына жету үшін жетісті орындауға міндетті қызметтің негізгі түрлерін сипаттайды. - Бөлімдер (ұйым құрылымы)- ұйымның мақсатына тиімді жету формасында құрылған функцияларды аумақпен басқару деңгейінің өзара қарым- қатынастары мен байланыстардың жиынтығы. Барлық ұйымдардың қызмет сферасына байланысты біртұтастық беретін, өз мақсаткерлігін жүзеге асыруға ықпал ететін құрылымы болады. - Тік еңбек бөлінісі-жұмысты қозғалыстардын біріктіру бойынша және қозғалыстың өзіне бөлінеді. Басқа адамдардың жұмысын біріктіру қызметі басқарудың болуын қамтамасыз етеді.
Мәтінгеберілгентапсырмалар.
|