Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Менеджмент тарихынан. Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы - қазақтың ұлы ғалымы




  Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)  

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы - қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты - Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Ол ауыл мектебінде оқып, араб, шағатай тілдерін меңгереді.

Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда екі-үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын. Ол белгілі шығыстанушы ғалым И. Н. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның «Жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді.

Ш. Уәлиханов 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспедицияға катысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жонғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады.

Ол Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды ежелгі тұрғындары екенін тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған географ К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, тарих, география саласындағы данқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қоқан хандығының Қашқардағы консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқардың экономикалық саяси кұрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келеді. Бұл - Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік кұрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жүмысы еді. Ұзамай ол Германияда, Англияда жарияланады.

Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.

Мәтінге берілген тапсырмалар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 178; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты