КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.Мәтінді оқыңыз. Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.
Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз. ЖИЫРМА ҮШІНШІСАБАҚ Басқарушының стилі Жетекшінің жұмыс стилі - басқару процесінде жетекшімен қолданылатын және оның іс-әрекеттеріне адамдардың қатынас ерекшеліктерін анықтайтын, қайталанатын әдіс пен басқарушылық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы. Жетекшіліктің стилінде жетекшінің ішкі мәдениеті, білімі, тәжірибиесі көрініс табады. Жетекшілік стилі ұжымның психологиялық ахуалға елеулі әсер етеді. Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста. Жетекшілік стилінің бірнеше классификациясы бар. Көбіне белгілі классификация - бұл авторитарлы, либералды, демократиялық стильдер. Авторитарлы (директивалы) стилі жетекшінің рөлін асыра пайдаланумен байланысты. Биліктің орталықтандырылуымен сипатталады. Жетекшіліктің бұл стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтін асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру әдістері, пайымдаумен емес күштеу әдістерімен іске асырылады. Бұл стиль үлкен біліктілі қызметкерлер ұжымында төмен нәтиже береді. Либералдық стилі басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындалмағаны үшін жауапкершілікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік арқалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулік деп аталады. Демократиялық стилі ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады.
Мәтінгеберілгентапсырмалар. Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз: 1) Жетекшінің жұмыс стилі деген не? 2) Жетекшілік стилінің қандай түрлері бар? 3) Жетекшілік стилінің түрлері немен ерекшеленеді? Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз Тапсырма. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз. Тапсырма. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІСАБАҚ
|