КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз. ЖИЫРМА БІРІНШІ САБАҚ Қызметкерлерді басқару ұғымы және кадр саясаты
Қызметкерлер - кәсіптік немесе қызмет белгілері бойынша топ құрайтын мекеменің, кәсіпорынның жеке құрамы немесе қызметкерлері (аурухананың техникалық қызметкерлері, дәрігерлік қызметкерлері, қызмет көрсетуші қызметкерлері, әйел қызметкерлері). Кадрлар ұғымына кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың білікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы кіреді. Кәсіпорынның қызметкерлерін сипаттау үшін шешілген міндеттерге байланысты топтастырудың әр түрлі аспектілері пайдаланылады. Мысалы, кәсіпорынды немесе оның бөлімін сипаттау үшін тізім саны көрсеткішін, яғни штат және штаттық кесте бойынша пайдаланады; жұмыс күші қарқынын анықтау және еңбек өнімділігін, орташа еңбек ақысын есептеу үшін орташа арифметикалық шама ретінде қарастырылатын сол немесе басқа кезең үшін орташа тізім саны пайдаланылады. Мысалы, қызметкерлердің орташа айлық саны айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлінген қызметкерлердің айдың әрбір күнтізбелік күнінің тізім санына тең. Күнделікті бақылау үшін анық сан көрсеткішіне тең. Қызметкерлердің тізімдік немесе орташа тізімдік саны жұмыс күшінің қарқыны (динамикасы) туралы жалпы түсінік береді. Бұл ұғымдар кезең ішіндегі қозғалысты атайды. Қызметкерлерді басқару бес бағытты саясат жасауды талап ететін басқару қызметінің күрделі бағыты: қамту, оқыту, еңбек ақы, өндірістік қатынастар, денсаулықты қорғау және әл-ауқат. Кадрлар саласындағы саясаттық қорытынды ережелері мыналар болып табылады: - Жұмыспен қамту саясаты - нәтижелі қызметкерлермен (персоналмен) қамтамасыз ету және оны тартымды еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және мүмкіндіктерін жасауға қанағаттандыру; - Оқыту саясаты - қызметкерлердің өздерінің қазіргі міндеттерін орындауын жақсартуға және дайындалуға жағдай жасайтын тиісті оқыту қуатымен қамтамасыз ету; - Еңбек ақы төлеу саясаты - қабілеттерімен, тәжірбиесімен, жауапкершілікпен анықталатын құрылымға сәйкес, басқа жергілікті фирмаларға қарағанда, жоғары еңбек ақысы төлеу; - Өндірістік қатынастар саясаты - еңбек мәселелерін шешу үшін көрсетілген процедуралар белгілеу; - Әл-ауқат саясаты – басқа жолдаушыларға қарағанда, неғұрлым қолайлырақ қызмет пен жеңілдікпен қамтамасыз ету; әлеуметтік демалыс жағдайлары қызметкерлер үшін мүдделі және өзара пайдалы болу керек.
Мәтінгеберілгентапсырмалар. Тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
|