Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Менеджмент тарихынан. Гаррингтон Эмерсон 1853 жылы 2 тамызда американың Трентон қаласының Нью-Джерси штатында дүниеге келді




    Гаррингтон Эмерсон (1853-1931)

Гаррингтон Эмерсон 1853 жылы 2 тамызда американың Трентон қаласының Нью-Джерси штатында дүниеге келді. Оның әкесі ағылшын әдебиетінің маманы, университет профессоры болды. Гаррингтон Франция, Германия, Италия, Грецияда оқып тамаша білім алды және 23 жасында Небраск университетінің лингвистикалық бөлімін басқарды.

1885 жылдан 1891 жылға дейін Эмерсон теміржолдың экономикалық және инженерлік істерін орындады. Содан кейін АҚШ, Мексика,Канадаға көптеген зауыттар мен кеніштерді біріктіру арқылы британдық синдикат қызығушылықтарын ұсынды. Бірнеше уақыт ол шыны шығаратын компанияны басқарды.

Ғылыми жұмыстың дағдылары мен талдаушының таланты Эмерсонға өз тәжірибесінде жинаған бай білім қолдануға көмектесті. Ол біртіндеп өз қағидасын тапты - «тиімділік» немесе «өнімділік». Бұл терминдерге ол жинақталған шығыстар мен экономикалық нәтижелердің қатынасын көрсетті. 1990 жылы оның «Өнімділік басқару мен еңбекақының негізгі ретінде» кітабы шықты. Ал 1912 жылы оның өміріндегі басты еңбек «Өнімділіктің он екі принциптері» дүниеге келді.

1901 жылы Эмерсонның менеджмент кеңесшісі қызметі басталды. Оның Санта-Фе теміржолында 1904-1907 жылдары енгізген жаңалықтарын атап айтуға болады. 1910-1911 жылдары теміржол тарифтері туралы сот ісінде басты куәгер болып Эмерсон осы теміржолда еңбекті басқару мен ұйымдастыру жүйелерінің өзгерістері барысындағы алған нәтижелеіне сүйенеді. Оның американдық теміржолдар, осы жолмен бір күнде миллионнан астам долларды үнемдеуге болатынын айтқан сөздері барлық елге жайылды. Ол алғашқы болып ғылыми іріктеу принциптері мәселелеріне және қызметшілердің оқытуға назар аударды, тіпті 1913 жылы осы тақырыпқа кітап шығарды.

Эмерсонның пікірінше, «Тиянақты жұмыс істеу-іске минималды күш жұмсау деген сөз». Осы принципке бағына отырып, ол қартайған шағына дейін кездесе бермейтін жұмысқа қабілеттілікті сақтайды. Эмерсон 2 қыркүйекте 1931 жылы Нью-Йоркте қайтыс болды.

 

Мәтінге берілген тапсырмалар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 141; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты