Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Энергетика проблемалары және энергия өндіру құрылымын сипаттаңыз




Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Электр энергиясы айнымалы токтың индукдиялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанында (жылу электр станциялары) немесе өзен-сулардың бойында (су электр станциялары) тұрғызылады. Жылу электр стандияларында отынның (мысалы, көмірдің) жылу энергиясы электр энергиясына түрленеді. Жоғары қысымда қызған бу ағыны бу турбинасының роторын айналдырады, сонда онымен бір оське орнатылған генератордың роторы да айналады. Су электр станцияларында судың механикалық энергиясы электр энергиясына түрленеді. Өзенді бөгеп, платинамен суды биікке көтереді. Биіктен гидравликалық турбинаның қалақшаларына құлаған су ағыны оныт генератордың роторымен қоса айналдырады. Қазіргі кезде дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының біраз бөлігі атом электр станцияларында өндіріледі. Мұнда ауыр ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлінген атомның ішкі энергиясы электр энергиясына түрленеді. Тізбекті реакция ядролық реактор деп аталатын қондырғыларда жүреді.

Энергетика ресурстарына: қара, қоңыр көмір, мұнай және табиғи газдар, жанармай материалдары жатады. Көмір қорларының шоғырлануы Екібатұз, Қарағанды, Майкүбен, Кендірлік, Алакөл аймақтарында. Републикалық дәрежеде Қарағанды және Екібастұз бассейндері жатады. Көмірсутек концентрациясының негізгі ауданына Батыс Қазақтан, соның ішінде Маңғыстау мен Эмба мұнайлы газ бассейндері жатады. Соңғы жылдары жаңа мұнай көздері ашылды: Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және т.б. Энергетикалық қорлардың жаңгырмайтын қатарына — көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне - фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады. Энергияның сан алуан түрлілігіне қарамастан, адамзат баласы, оның санаулы бөлігін ғана пайдаланады. Ғылым мен техника дамығанға дейін, негізгі энергия көзі ретінде, адамзат бүлшық етінің қимылы мен жануарлар қозғалысының энергиялары, жел энергиясы, ағашотынның энергиясы пайдаланылып келді. Мұнай-газ, көмір, гидроэнергияның пайдалана бастағаиына да біршама уақыт болып қалды. Соңғы жылдары, атом энергиясын жүйелі түрде пайдалану жолға қойыльш отыр. Сондай-ақ, жер қойнауындагы ыстық су көздерін пайдалану да маңызды болып отыр. Күн көзінің энергиясын тиімді пайдалану, оны сақтау — адамзат баласының алдында шешімін табар мөселелерге жатады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 249; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты