Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жанармайдың дәстүрлі түрлерін өндіруде, өңдеуде, тасымалдауда және сақтауда химияның ролін анықтаңыз.




Өндіру және өңдеу:

Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға (дистиляттарға) бөледі.

Айдау дегеніміз — қоспаларды қыздырып бөлу процесі мен әдісі; ол сұйықтық құрамының одан түзілетін бу құрамынан айырмашылығына негізделген сұйық; сұйықтықты ауа қатыстырмай қыздырып, буға айналдырып, буды салқындатып қайтадан сұйылту; қоспадағы сұйықтықтарды бір-бірінен бөлу үшін қолданылады.

Мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин, құрамында С814 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С1218 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады. Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады.

Тасымалдау және сақтау:

Танк-контейнерлер (цистерналар) — сұйықтықтар мен сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған. Танк-контейнер арматурамен және салмақ күшімен де, қысыммен де түсіру құрылғыларымен жасақталған қаңқа (жақтау элементтері), цистерна түрінде болады. Танк-контейнерлер тасымалдауларды әлдеқайда жеңілдете түседі – олар тиеу және тасымалдау үшін өте қолайлы. 20 футтық контейнер (20’x 8’x8’6") негізгі көліктік модуль болып табылады, сондықтан танк-контейнерді автомобиль, темір жол және су көлігінде қолдануға болады. Танк-контейнерлерді пайдалану арқылы жүктерді тасымалдағанда олардың сақталуы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Танк-контейнерлерде тасымалдауға және сақтауға ұсынылатын азық-түліктер:

-Азық-түлік өнімдері– спирті бар сұйықтықтар (сыра, шарап, коньяк, арақ), тамаққа арналған майлар, тамақ дәмдегіштері, құнарландырылған жеміс шырындары, минералды сулар, сүт.

-Өнеркәсіптік өнімдер – мұнай және мұнай өнімдері, майлар және майлағыш заттар, сұйытылған газдар, химиялық заттар, бояулар, тұзды еріткіштер, майлы қышқылдар.

Танк-контейнерлер тасымалданатын өнімдер әсеріне төзімді материалдардан жасалған және оларға әсер етпейді. Олар жылу оқшаулағыш және бумен жылытқыш жүйемен жасақталғандықтан, қысқы уақыттта түсіруді едәуір жеңілдетеді.

Танк-контейнерлердің (цистерналардың) көбісі тот баспайтын 316 Ti (кейде 304 Ti) болаттан жасалады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 212; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты