КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.Физикалық әрекеттесу - байланыс, өзара әрекеттесу және қозғалыс материяның негізгі атрибуттары. Дененің барлық қасиеттері өзара әрекеттесуден шығады және олардың құрылымдық байланыстарының нәтижесі болып саналады. Өзара әрекеттесу деген уақыт пен кеңістік шеңберінде бір объектіге материя және қозғалыс алмасуы арқылы әсер етуі. Әрбір өзара әрекеттесудің негізіне заттардың өздеріне ең басынан қатысы бар қасиеттер жатады. Бөлшектердің өзара әрекеттесуге қабілеттерін тасушы, әрі өзара әрекеттесудің сандық өлшемі заряд болып табылады. Зарядтың ең кіші дискреттік шамасын (квантты) жекелеген заряд ретінде қарастырады. Өзара әрекеттесу күші кез келген жағдайда әрекеттесетін екі бөлшектің көбейтіндісіне тура пропорционал, ал өте күрделі түрде бөлшектердің арасындағы қашықтыққа байланысты. Қазіргі көзқарастар бойынша, кез келген өзара байланыс түрінің өзіндік физикалық агенті бар, яғни онсыз өзара әрекеттесу болмайды. Заттардың бір-біріне тартылуы немесе тебілуі оларды бөліп туратын орта арқылы беріледі. Ондай орта - вакуум. Өзара әрекеттесу теориясын жасаған кезде процестің белгілі бір жобасы пайдаланылады: фермион - заряд бөлшектер маңында бозон-бөлшектерін тудыратын өріс қалыптастырады. Екі реальды бөлшек белгілі бір әрекеттесу радиусында бір-бірімен қозғалмалы бозондарымен алмаса бастайды, яғни бір бөлшек бозон бөлген кезде екіншісі оны жутып, өз бозонын оған береді немесе керісінше, бозондармен алмасу бөлшектердің арасында тартылу немесе тебілу қубылыстарын қамтамасыз етеді. Философияның методологиялық функциясы ең алдымен танымдық және практикалық әрекеттің жалпы, универсалды алғы шарттарын (ережелері мен принциптерін) қалыптастырумен байланысты болады және ол ең жалпы ұғымдардың - категориялардың көмегімен жүзеге асады. Категорияларға мыналар жатады: “бүтін” және “бөлік”, “жүйе”, “құрылым”, “элемент”, “байланыс”, “қатынас”, “форма” және “мазмұн”, “жалпы”, “ерекше” және “жалқылық”. Дәл осылардың көмегімен алуантүрліліктің тұтастығының философиялық принципі методологиялық дауысқа ие болады. Жоғарыда келтірілген категориялардың барлығы өзара байланысты. Біз талдауды олардың ішіндегі ерте кезден белгілісі “бүтін” және “бөлік” ұғымдарынан бастаймыз. “Бөлік” және “бүтін” ұғымдары екі жағдайды білдірді: 1) объективті заттар қарапайым, жай заттардан құралған; 2) адамдар бастапқы нәрсені бұзып, оны жай құрамдастарға (бөліктерге) бөле алады. Тарихи тұрғыда “бүтін” ұғымы күнделікті практикада ұшырасатын аяқталған, толған заттарға қатысты айтылуы қалыптасты. Ал бұл ұғымды шексіз объективті әлемге қолдану үлкен қиындықтарға әкелді. Және бұл жаңа заманнан бастап белгілі болды.
|