Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ




ПІН тұрақтылығын зерттеу әдістемесі оның төтенше жағдайларда толық қорғалуын қамсыздандырылмайтынды-ғын ескереді, алайда оның жұмысының тұрақтылығын көтеру— мүмкін және қажет. Кәсіпорынның жұмыс істеу негізі мыналардан тұрады:

• өндірістік қызметшілер (жұмысшалыр, инженерлік-техникалық қызметкерлер, қызметшілер);

• өндірістік (станокгік), лабораториялық, технологиялық және өзге кондырғылар орналастыратын ғимарат пен құрылыс;

» электр-, су-, газ-, бу-, жылу-, отынмен жабдықтау жүйесі;

» басқа нысандармен өндірістік және кооперативтік байланыстар жүйесі;

» кәсіпорынды жинақтау үшін материалмен және оның қорымен жабдықтау.

Өндірістің осы элементтерінің кез-келгенінің қызметінің бұзылуы өнім шығаруға ықпал етеді, уақытша тоқтауға не-месе өндірістің бір жола тоқтауына алып келеді. Шаруашы-лық нысанына келтірілуі мүмкін зақым туралы айтқанда, олар өндірістік және өзге нысандар мен адамдарға ықпал ету сипаты бойынша былайша түрлерге бөлінуі мүмкін:

* қирау, зақымдану (адамдар мен хайуанаттардың жара-қаты, контузиясы);

* тұтану, өрт (күйік, адамдар мен хайуанаттардың көрмей қалуы);

* зақымдану (адамдар мен хайуанаттардың радиоактивтік, химиялық, бактериялогиялык, сондай-ақ әртүрлі өндірістік және табиғи газдармен зақымдануы);

* субасу.

Өндірістік авария, апат және зілзала пайда болған жағдайда зақымданудың бір түрімен қатар бірнеше түрі орын алуы мүмкін.

Нысан түрақтылығын бағалау негізіне нысанның және оның аумағындағы аудандардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің әртүрлі зақымдануының салдары қаланған.

Зақымданудың алғашқы факторы ретівде соғыс уақытын-дағы қазіргі зақымдау қүралдарының зақымдағыш факторларының өзін және бейбіт уақыттағы өндірістік авария, апат және зілзаланы санау қалыптасқан.

Қайталама зақымдау факторлары алғашқы факторлардың ықпалының салдары болып табылады.

Нысан жүмысының тұрақтылығын қарастыра отыра мыналарды бағалау керек:

» нысанның бастапқы зақымдағыш қүралының ықпа-лына төзімділік деңгейі;

* қайталама факторларының пайда болу мүмкіндігі және олардың ықпалынан зақымдану сипаты;

* ҚӘУЗ ықпалына нысан жұмысының төзімділік деңгейі;

» нысанның басқару жабдықтау мен өндіріс байланыстар жүйесінің сенімділігі.

Нысан келбетін талдау оның орналасқан ауданын зерттеуден басталады, ол карта (жоспар) және ТЖ аумақтық (қалалық, аудандық) органның мәліметтері бойынша зерттеледі.

Нысанның топографиялық орналасуына талдау жүргізіледі:

* аумақ құрылысының сипаты, қоршаған нысан (құрылыс құрылымы, тығыздығы мен түрі);

* осы аумақта қайталама зақьшдау факторларының пайда болуы ретінде қызмет ететін көсіпорындардың болуы (гид-роторап, химиялық өнеркәсіп нысандары);

* жапсарлас жердің табиғи жағдайы (орман алқабы— ықтимал өрт көзі, жер бедері);

* жолдың, ауданньщ метеорологаялық жағдайының болуы;

* жауын-шашынның көлемі, жердің бағыты, сондай-ақ топырақ сипаты мен топырақ астыңдаш жатқан су терендігі.

Бұдан кейін әрбір зерттеу тобы өзге мақсат етіліп қойылған міндеттерге тікелей қатысты мәселелерді зерттеп талдайды.

Мысалы, ғимарат пен нысан қүралысын зерттеу кезінде негізгі және көмекші өндіріс ғимаратына және төтенше жағдайда негізгі өнімдері өндіріске қатыспайтын ғимараттарға қысқаша сипаттама беріледі.

Олардың конструкциясының негізгі ерекшелігі белгіленеді, зақымдағыш факторлар мен ықтимал қайталама зақымдағыш факторлар ықпалына орай есептеме үшін қажетті техникалық мәлімет келтіріледі, атап айтқанда: қүрылғысы, қабаты, үзындығы мен биіктігі, каркас түрі, жарық ойығы, тебе, жа-бын; ғимараттың отқа төзімділігі бағаланады.

Жақын орналасқан баспаханадағы жүмысшылар мен қызметшілер саны керсетіледі.

Қайталама зақымдау факторларының ықпалын бағалау бойынша нақты міндеттерді шешу өндіріс ерекшелігі мен жеке алғанда әрбір нысанға тән белгілерге байланысты. Негізгілер ретінде ТЖ-да закымдағыш факторларының ықпалынан нысан элементгерінен қирау сипатымен деңгейін тал-даудан шығарылган қорытынды қабылданады.

Мысалы, ҚӘУЗ өңцірісінде қолданылатын зақымдағыш іс-әрекеттерінің сипаты мен келемін бағалау үшін олардың нысандағы ұстау жағдайы мен қирау деңгейін және коммуникацияны білумен қатар, олардың көлемін, улылығын нысандағы өндірістік қүрылыстың тығыздығын, АҚ қорғаныс ғимаратыньщ сапасын жөне ондағы адамдардың қамсыздандыруы, жеке қорғаныс құралдарының бар-жоғын және т.б. зерделеу қажет.

Қайталама факторлардың зақымдау ықпалын бағалау мына ретпен жүргізіледі:

* зақымдағыш факторларының кезінде жарылыс, өрт шығуы, атмосфера мен жер ластануы мүмкін нысан элементтері анықталады. Нысанның осы элементтері қайталама зақымдау факторларының ішкі көзі болып табылады;

» осы көзден қайталама зақымдау (қирау) факторларының түрі (сипаты) белгіленеді;

* орналасу жері мен метеорологиялық жағдайды ескере отырып зақымдау факторларының іс-әрекетінің басталу уақыты және нысанның әрбір цехындағы қайталама зақым-дау факторларының іс-әрекеті созымдылығы анықталады;

» талдау негізінде оның ықпалын болдырмау және төмендету бойынша шаралар әзірленеді.

Жұмыс баптарында барлық мөселелер пысықталып бас инженер топ басшыларымен бірге зерттеу қорытындысын алдын-ала шығарғаннан кейін:

* зерттеу нәтижесі туралы корытынды баяндама;

* төтенше жағдайдағы нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жоспары әзірленеді.

Қорытынды баяндамада мына мәселелер көрсетіледі:

» зерттеу тақырыбы, мақсат, міндеті мен жүргізу ерекшелігі;

* түрақтылықты бағалаудан шығарылған қорытынды;

* нысан жүмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар;

*жоспарланған шараларды өткізу үшін қажетті қаржы-лық және материалдық техникалық қүралдар;

* жоғары түрған органдарының көмегі қажет болатын шаралар;

» зерттеу барысында шешілмеген және ғылыми-зерттеу мен өзге ұйымдарда пысықталуға тиіс мөселелср.

Корытынды баяндамаға зерттеу материалдыры қоса беріледі.

Зерттеу барысында жасалынған қорытынды ТЖ-да нысан жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар-ды жоспарлауда негізі болып табылады.

Нысан тұрақтылығын арттыру бойынша жұмыс шараларының жоспары нысан жұмысын тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін барлық ұсыныспен нұсқауды іске асыруды қарастырады. Осы жоспар 3-5 жылға жасалып екі негізгі тарауға бөлінеді:

* бейбіт уақытта өткізілетін шаралар;

« ТЖ қауіпі кезінде және оның әсерінен кейін өткізілетін шаралар.

Жоспардың әрбір бөлімінің шаралары:

* нысанның өз күшімен;

* жоғары түрған ведомствомен;

* ғылыми-зерттеу және өзге үйымдар мен өткізіледі. Жоспарда және оның қосымшасында шаралардың көлемімен құны, күштер қаражат материалдар, жауапты тұлғалар мен орындаушылар, орындау мерзімі және басқа қажетті мәселелер көрсетіледі.

Нысан күштері өткізетін шаралар бөлігіндегі осы жоспарды техникалық кеңесте қаралғаннан кейін АҚ бастығы бекітеді, орындаушыларға беріледі, ал қалған үсыныстар жерттеу нәтижесі туралы баяндамамен бірге зерттеуді жүргізуге міндеттеген жоғары түрған ведомствоның қарауы мен бекітуіне ұсынылады.

Жоспарға тек сол нысанда өткізілетін шаралар ғана енгізіледі.

Кезекті жылдың жоспары болашақ (бесжыдцық) жоспар-дың негізінде сол нысан бойынша әзірленеді, алайда онда орындалу мерзімі тоқсан (ай) бойынша көрсетіледі.

Кейде түрақтылықты көтеру бойынша инженерлік-техникалық шараларды жеке жоспарға енгізіп, онда жүмыс көлемін, мерзімін, жауапты орындаушыларды, күш пен қар-жыландыру көзін нақты көрсеткен жөн.

Төтенше жағдайдағы жүмысқа шаруашылық нысанын тікелей даярлау нысан жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша шараларды өткізу-жоспар жүргізіледі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 143; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты