Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Көрме шараларының түсінігі, түрлерін қарастырыңыз?




Халықаралық көрме бюросы «көрме» терминіне мынадай анықтама береді: «көрме – бұл көрініс, оның негізгі мақсаты адамзаттың иелігіндегі құралдарды қолдану арқылы қазіргі және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып халықтың санасын, білімін арттыру».Көрме іс-шаралары туристік маркетингте ерекше орынды иемденген. Көрмелер туристік кәсіпорынға бір уақытта лайықты қызметтер туралы ақпаратты алуға және таратуға көмектеседі. Көрмелердің көрсететін негізгі қызметтері: саланың дамуын бағалау, баға саясатында дұрыс бағдар көрсету, әріптестердің тәжірибесінен үлгі көрсету. Сонымен қатар көрмеге қатысу арқылы экономикалық жағынан келесідей әсер байқалады:

- туристік кәсіпорынның тұтынушылар базасының ұлғайюы;

- турагенттер мен дайын қызметтерді ұсынатын компаниялармен жасалған келісімдердің көлемі.

Қазір әлемде туризммен байланысты өткізіліп жатқан көрме шаралары жеткілікті. Сонымен, барлық көрмелерді мынадай түрлерге бөлуге болады:

1) салалық – бір істің бағыты бойынша. Бұлар ең алдымен маманданған туристік көрмелер, жәрмеңкелер, биржалар;

2) жанамалы – басқа салаға қатысты, бірақ туристік қызметпен байланысы бар;

3) жалпы, көрмеде бірнеше сала бойынша бағыттардың даму деңгейі анықталады.

Туристік өнімге деген клиенттердің қызығушылық деңгейі мамандандырылған көрмелерде жоғары болып келеді. Олардың ішінде нақты бір аймақтың турөніміне байланысты («Туризм және Саяхат»), сыртқа шығатын туроператорлар үшін (FITUR (Мадрид); BIT (Милан), POW WOW (АҚШ-ң бір қаласы) және тағы басқалар.Маркетингтің басқа құралдармен салыстырғанда тауардың шынында қандай мүмкіндіктерге ие екенін көрсете алатын көрменің айқын артықшылықтары бар. Көрмеде кәсіпорынның маркетингтік саясатының барлық жақтарын қамтитын әртүрлі маркетингтік зерттеулер жүргізіледі. Бұл өз өніміне де, бәсекелес тауарына да қатысты. Негізгі зерттеулер:

- өнімнің сапасы;

- brand essence (бренд маңызы);

- жаңа сауда маркалары;

- дайындау, қалыптастыру;

- баға құру саясаты, шикізат, материал және дайын өнімге баға құру:

- сату саясаты, өткізу каналдары және маркетингтік жүйе;

- тауарды жылжыту саясаты: жарнамалық және PR компаниялары, сату орнында жылжыту (промо-акциялар, мерчандайзинг), жарнамалық, POS материалдар және тағы басқалары.

15. Мерчендайзинг маркетингтік коммуникация құралының түсінігі ретінде нені қарастырасыз?

Соңғы кездегі бөлшек саудадағы жоғары деңгейдегі бәсекелестiк, нарықтың түрлі тұтынушылық тауарларымен қанығуы бөлшек сауданың сатып алушыларды ұстап қалуы үшін өз күшін арттыруды талап етеді. Дүкен саудасының нысандарына деген тиімділік талаптарының артуы, сөрелердің көрнекiлiгі, тартымдылығы, қызмет көрсетудегi ыңғайлылық саудалық маркетингтiң жақсартылуын табанды талап етедi, көрқырлылық, сатып алушының сатып алу динамикасы - клиенттерді тарту және оларға қызмет көрсету үшін жаңа әдістердің қолданысын талап етеді. Осы жерде аса назар мен көніл мерчандайзингке бөлінеді - басты мақсаты сауда орнында сату көлемін ұлғайту болып табылатын маркетингтің салыстырмалы жаңа саласы.

Мерчандайзинг принциптері сатып алушылар мен тауарлар арасындағы өндіріс инфраструктурасы мен сату бизнесіндегі басқа да элементтеріне әсер ететін маркетингтік қарым-қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді. Осындай жағдайда тек "бағалы" клиенттерге ғана емес әрбір клиентке және тауарға бағытталған қатынас маркетингі құрылады.

Осыған сәйкес, нарық үшін күресте мерчендайзинг жеңіске жетудің бірден-бір факторы болып табылады. Мерчендайзинг негіздерін білу бөлшек сауданы және қызмет көрсету жүйесін жаңа мәдени және іскерлік деңгейге шығарады. Мерчендайзинг мақсаттарына тек сату көлемін ұлғайту ғана емес, сондай ақ сауда-саттық процесін жетілдіру, сатып алушы үшін сатып алу мотиві болатын және сатып алушылар, сатушылар, тауар арасындағы ынтымақтастық шарттарын жасайтын тауарлардың тиімді тіркесі кіреді. Сауда орынындағы қоздырғыштардың азаюы сатып алушы үшін ынғайлы ортаны құрып оны достық көңіліне бөлейді.

Мерчандайзингті қолданған жағдайда мына қағидаттарды ескеру қажет:

дүкеннің ішінде жағымды атмосферасын және сату микроклиматын қалыптастыру;

саудалық орынды жоспарлау;

дүкенде сауда бөлімдерін орналастыру;

дүкеннің ішінде тауарларды кою;

сөрені безендіру және тақырыптық қойылу тәртібі;

сату орның жарнамалық безендіруі,дүкеннің ішіндегі ақпарат беретін сілтемелер;

мерчандайзинг іс-шара кешені болғандықтан, максималды сату көлемін жоғарлатуға бағытталғандықтан, негізгі мына бағыттарды қосады;

дүкеннің оңтайлы жоспарлануы және сату орнына ерекше көңіл аудару;

саудалық құралдардың ерекшеліктерін біліп және оларды сауда орнында орналасуы;

сауда орынның сыртқы көрінісін жасау;

қызықтыратын және ыңгайлы тауар тоғанағы;

сауда орның жарнамалық безендіруі;

Соңымен қатар мерчандайзингтің мынадай мақсаттары бар:

дүкеннің бәсекеге қабілетті болуы;

әсер тигізетіндей тауарды нарыққа шығару;

сатып алушыларға ақпаратты қамтамасыз ету; - дүкенге бұлжымастықты қалыптастыру ,жеке сауда маркаларына жылы көзбен қарайтын тұтынушылар санын көбейту және жаңа тұтынушыларды қаратып алу;

сатып алушының назарына тауарды қөрсетіп қызықтыру ,жаңа тауарға қөңіл аудартып,арнайы ұсыныстармен таныстыру;

тұтынушының сана-сезіміне тауар маркасы жайлы жақсы көзқарасын қалыптастыру;

тұтынушының қалауына әсер тигіздіріп әлеуметтік құқықты және этикалық нормаларды сақтау;

сатып алу туралы шешімді қабылдау деңгейін жоғарлату, тікелей сауда орнында,сатып алушының дүкеннің ішінде болу мерзімін жоғарлату және сатып алынатын тауар санын жоғарлату;

қызмет көрсету деңгейін жоғарлату,мерчандайзинг,басқада іс-шаралар сияқты фирманың бәсекеге қабілетті болуын камтамасыз ете отырып жағымды бедел бейнесін қалыптастырады.

 

 

 

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 242; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты