КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Тақырыбы: Бәсеке және монополияНарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке. Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы. Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар: а) жетілген бәсеке; ә) жетілмеген бәсеке. Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі. Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді. Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі. Жетілген жіне жетңлмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:
Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар: а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді. ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке. Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді: 1. Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру. 2. Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар. б) Монополия-жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері болуы керек: а) өнім өндіру масштабы; ә) құқықтық артықшылығы; б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия); в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы. Қосымша табыс алу мақсатында, монополия, өзінің нарықтық күшін пайдаланып, бірдей тауарларды әртүрлі нарықта әртүрлі бағамен сатады. Әртүрлі бағаларды қолдану баға алалаушылығы деп аталады. Оның 2 түрі бар: 1. сатылатын өнім бірлігі бойынша алалаушылық; 2. тұтынушылар арасындағы алалаушылық. Баға алалаушылығының пайда болуының 3 шарты бар: а) фирманың күшті монополиялық күші болуы керек, баға белгілеу мен өндірісті бақылайтын; ә) тауарды қайта сату болмау керек; б) нарықты сегменттеуге өндірушінің икемі.
|