КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс.Тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның құрылымыӨндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктреді өндіру процесі. Игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратыни заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты, еңбек құралдарының өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменті деп атайды. Еңбек - бұл адамдардың материалдық рухани игіліктер өздерімен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты нәтижелі қызметі. Еңбек заты – адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат. Еңбек құралдары – бұл адамдардың еңбек затына әсер ететін қаруы. Өндіріс құрал жабдықтары - қандай да бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мен құралдарымен жиынтығы. Игіліктер өндірісі біріншіден адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін экономикалық қарым-қатынастар деп аталады. Өндіргіш күштер – қоғамның өндірісінің жеке және заттық факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші белсенді элементтері. Экономикалық қатынастар – адамдар арасында қызметтер мен материалды рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметтің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында 4 сатыдан тұрады. Олар - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғам-ң өнімнің қозғалыстағы орнына қарай экономистер әртүрлі бағыттар ұсынады. Біреулер бұл саты шешуші мағынаға ие дейді. Бөлу - өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді. Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбастау процесі. Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игілектерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмәмданушысы болып табылады. Тұтыну екі сипатта - өндірістік және өндірістік емес болады. Өндірістік емес тұтыну- жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Жеке тұтыну- бұл адамдардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру. Қоғамдық тұтыну- қоғамның ғылымға, мәдениетке, білімге, басқаруға және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру. Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады. Яғни, оларды ұдайы өндіріп тұру қажет. Ұдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші оның тиімділігі. Бұл оның шығындарына қатынасымен анықталады.
|