Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс.Тақырыбы:Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік




Меншік — өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» күбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім — жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудщ сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте кұрделі өзара әсер етеді.

Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштык хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншікгің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуаддық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансүлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншікгің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.

Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың (дегейдің) объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың, тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен балық, аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке құн көрісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бұндай шарттар қол өнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте ұзақ мерзім бойы семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мұның орының ауылдың көршілес қауымы басты. Мұндай қауымға дуализм тән болады: егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші өзінің. отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып өңдейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып мындаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ, олардың рөлі мен мағынасы, коғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей болмайды.

Меншік - экономикалык категория.

Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затгы жеке пайдаланбаса , меншік туралы сүрақта тумайды. Меншік субъектін осы затты пайдалануға ерекше күқы барын сипатгайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет, халық қүрайды.

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.

Меншіктің формасына сәйкес фирмалардын. немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады

• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік

• серіктестік немесе партнерлік,

• корпорация (акциөнерлік қоғам)

Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады

Серіктестік (партнерлік) дегеніміз он және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады Артықшылығы ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:

• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшы-лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;

• фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүлікгерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағьш анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акциөнерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:

• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;

• акциөнерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акциөнерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер зандық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;

• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;

• корпорацияның тұрақты кызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акциөнердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:

• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі — корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;

• экономикалық бейәрекеттердін, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;

• меншіктену мен бақылау кызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ыңталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.

Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп.

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.

Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise — жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture — бел байлау, төуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 225; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты