Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс.Тақырыбы:Экономикалық жүйелердің негізгі типтері мен олардың даму заңдылықтары




Экономикалық жүйе қоғамның ерекше құрылымы белгілі елдің нақты жағдайындағы шаруашылық практикасынан туындайды. Кез келген елдің экономикасы үлкен, дербес жүйе ретінде қызмет етеді, онда шаруашылық әдістері, салты, орын алған құндылықтары, өзіндік өмірді түсінулері бейнеленеді.

Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәңдік қасиетгері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының накты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше күрылымын бейнелеп көрсетеді. Бүнда халықтың шаруашылық дағдысы, дэстүр-салты, рухани қал-жағ-дайы, оның құрметгеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін модениетке сай келеді.

Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономи-каны реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, эконо-микалық жүйе сыртқы ортамен зат және куат айырбастасып оты-ратын ашык, жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементгерін жаңаландырып отырады, т.б. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени қүбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін үдайы өндіріуге максатталады. Сондықтан ол қатал, түйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі томен, шектелген болады. Бұл экономикалық жүйенің этникалық байла-ныстарын және оның өркениеттік түтастығын бүзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін-өзі үдайы өндіру қабілетін сақ-тауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет-ғүрыптары, сал-ты т.б. атқарады.

Қоғамдық өндірістің дамуы, экономикалық жүйелердің сырт-қы ортамен тұрақты байланысқа ашықтығы, осы жүйенің жаңа-шыл жағдайлармен толықтырылып жетіле беруіне кемектеседі. Бұл ішкіжүйелік өзгерістердің жүруі арқылы жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде экономиканың жаңарған үлгісі жарыққа келуі мүмкін. Экономикалық, ғылымда «экономикалық үлгі» де-ген түсінік қолданылады. Бұл нақты ақиқаттың көшірме бейнесі, белгілі бір дәрежеде түпнүсқаға сәйкес келетін танып білудің нәтижесі.

Ресейдегі (кешегі күнге дейін қазақ елі Ресей құрамында болғаны мәлім) өркениеттің Батыс оркениетінен айырмашылығы, осыларда қалыптаскан экономикалық үлгілер аркылы көрінеді. Батыс Еуропада таза капитализм үлгісі қалыптасқан. Ресейде таза капитализм дәуірі болмаған. Жалпыресейлік нарыкты аралас эко-номиканың ерекше типінің туындысы деуге болады. XX ғасырда осы екі өркениет тоталитарлық тәртіптің үлгісін - әкімшілік-бұйрық типті экономиканы сыйлады.

Енді осы үлгілермен танысайық. Бұл танысуды мына қасиет-термен есептесе жүргізейік: меншіктің басым формалары және түрлері, экономикалық үстемділік пен оны жүзеге асыру әдістері, нарықтың орны, релі және мемлекеттің экономикалық рөлімен есептесш.

Таза капитализмдеменшіктің көп тараған формасы - индивидуалдық жеке меншік: әр субъект іс-әрекеттерін өзінің мүддесіне сәйкес жүргізеді; әр экономикалық бірлік өзінің табыстарьш көбейту қызметтерін өз шешімдеріне сәйкес жүргізеді; өнімді сатушы мен сатып алушы өте көп болады. Бұл еркін бәсекелестікгі жанданды-рады, бірақ әр келісім көлемі үсақ болғандықтан, олар сүраныс пен үсынысқа әсер етпейді, соңдықтан нарықтың ешбір субъектілері экономикалық үстемділік жүргізе алмайды. Сөйтіп, экономика-лық үстемдік нарықтың тек өзіне тән элемент болып табылады. Осы жағдай нарыққа реттеуші рөл әпереді және баға дәрежесін белгілеудің езі соның қасиеті болып табылады. Мемлекеттің рөлі өте шектелген болады.

Әкімшілік-бұйрық экономикасықарама-қарсы приоритеттер ор-натады: экономикалық үкімет, үстемдік бір орталықтан жүргізіледі; нарық экономиканы реттеуші болмайды; нарық субъектерінің әрекеттері жалпы мақсатты орындауға бағыттандырылып, жеке адам мүдделері жалпыламалыққа жүгіндіріледі; өндіріс шарттары-на қоғамдық, немесе, жеке меншік болады. Орталықтан жүргізілетін экономикалық үкімет әкімшілік-бүйрық тәсілдері арқылы жүргізіледі, ал иеленуде бөлу қатынастары приоритетке ие болады: иеленуге айналым аркылы жету бағынышты рөл атқарады. Негізгі экономикалық субъект мемлекет болады. Бұл жағдайда экономи-каны басқаратын органдар иеленушілердің және өндірістік кәсіпорыңдардың қызметтерін өз қарамағына алады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 209; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты