Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кокран орталықтары




 

Кокран орталықтары Кокран Бірлестігі бөлімдерінің қызметін қолдап отырады. Әр бөлімдерінің бағыты олардың қатысушылары атқаратын қызмет түрі мен қаржыландыру деңгейіне байланысты айқындалғанымен, олар міндетті түрде өз жұмыстарын Кокран Бірлестігімен мақұлдап және оны қолдап отыруы қажет. Клиникалық медицинаның әр саласы мен жалпы денсаулық сақтау бойынша жүйелі шолу жасаушылардың барлығының жұмысының Кокран орталықтары жеңілдетеді. Бұл жұмыстың орындалуының бір шарты - компакт дискілер мен интернет жүйесінде таратылған жүйелі шолулар мәліметтерін Кокран қорында басылымға шығару. (The Cochrane database of systematic reviews, 1995). Мысалы, бұл мәліметтерді дәйектемелі медицина және фармакотерапияның Маскеу орталығының сервері: http://evbmed.fbm.msu.ru/ index-r.html мен Кокран Бірлестігі Ресей бөлімінің ресми сайты: http://www.сochrane.ru арқылы пайдалануға болады.

Кокран Бірлестігі жұмысын өзінің құрамында бар мына бөлімшелер арқылы ұйымдастырады:

 

  1. Жүелік шолу құрастыратын халықаралық тақырыптық топтар - Кокран шолуларын құрастыру және жаңартуымен айналысады. Топ жұмысында әр түрлі дерттер бойынша алдын-алу, емдеу, қайта бейімдеу салаларында кәзіргі уақытқа сай, өзекті және сенімді мәлімет аламын деуші зерттеушілер, дәрігерлер, тұтұнушы мекемелердің өкілдері қатысады.
  2. Тақырыпаралық топтар – медицина қызметі салалары бойынша әртүрлі клиникалық бөлімдеріне жататын мәліметтерді сараптау мен қорытындылау үшін құрастырылған.
  3. Шолуларды өңдеу әдістері бойынша Кокран жұмысшы тобы – шолуларды құрастыру барысында тексерістер нәтижесін біріктіру, бағалау және қорытындылау үшін арнайы тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдерді (жоғары тиімді бір жүйеге келтірілген қолмен іздеу әдісі, Review Manager-RevMan – компьютерлық бағдарлама – жоспарлау, дайындау, сараптау және жүйелік шолулардың қорытындысын шығару) жүйелі шолулардың туралығы мен дәйектемелігін қажетті деңгейде жасалуына жауапты Кокран жұмысшы тобының мүшелері өңдейді.

4.Әртүрлі сала бойынша топтар – бұл Кокран бөлімшелері дерт түрлері емес медициналық іс-әрекет түрлері бойынша біріктірілген: медициналық көмек көрсетудің жағдайы (мысалы, ауруханаға дейінгі), жеке аурулар тобына көмек көрсету (мысалы, егде жастағы науқастарға), медициналық көмек деңгейі (мысалы, медбикелік көмек), немесе белгілі бір іс-әрекет бойынша (мысалы, физиотерапия). Әртүрлі жұмыс түрлерін біріктіруші бөлім (мысалы, тұтұнушылар ұйымы).

5. Кокран электрондық кітапханасы - Кокран шолулары бойынша біртұтас әдістемелік негізі мен біртұтас электрондық жүйені қамтемесіз етеді. RevMan бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Барлық мәліметтер (бітірілген шолулар, барлық бөлімшелерден келіп түскен мәліметтер мен тексерістердің қорытынды хаттамалары) әрдайым Кокран Бірлестігінің негізгі мәліметтер қорына жіберіледі, осы жерде Кокран Бірлестігінің жұмысы туралы ақпараттар мен Кокран шолулары Кокран электрондық кітапханасында басылымға шығу үшін іріктеледі.Кокран электрондық кітапханасы 4 бөлек мәліметтер қорынан тұрады:

· Кокран жүйелік мәліметтер қоры – қорытындыланып біткен шолулар мен дайындыдалып жатқан шолулардың хаттамалары

· Бақылаулы тексерістерді тіркеу Кокран қоры – басылымға шыққан барлық бақылаулы тексерістер мәліметтерінің библиографиясы.

· Кокран реферативтік қоры – шолуларды құрастыру мен тарататын Йорк Орталығы ((Великобритания) немесе «American Collede of Physicians’Jounal Club» және «Еvidence-based medicine»журналдарықызметкерлерінің сынды бағалауынан өткен жүйелік шолулардың ғана әр түрлі сала бойынша рефераттары сақталады;

· Шолуларды бағалау әдістері бойынша Кокран қоры – клиникалық тексерістер нәтижелерін сараптау мен талдау әдістеріне арналған мақалалар библиографиясы сақталады;

Кокран Бірлестігінің шаралары дәйектемелі медицинаның қағидалары даму жолдарының негізін құрайды. Бүгінгі күнде өндірісті дамыған елдердің денсаулық сақтау басқарушы мекемелері мен сақтандыру ұйымдары көпшілігінде шешім қабылдауының басшысы ретінде Кокран Бірлестігінің қорытындылары мен деректемелеріне жүгінеді.

Кокран Бірлестігінің Ресей бөлімі - бұл Мәскеуде орналасқан Солтүстік-шығыс орталығы – ТМД елдерінің жалғыз орталығы. Бастығы - В. В.Власов.

2002 жыл – Ресейде ДМ Аймақаралық ұйымы құрылды - (www.osdm.org).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 192; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты