![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Айғырлардың ұрықтық өнімділігіМоцион (серуен) түрі, оның ұзақтығы және шиеленіс дәрежесі айғырдың ветеринариялық күйімен (жарақаттың болуы және жарыс түсу кезінен кейін созылмалы ауруларға душар болуы, т. б.) анықталады. Айғырлардың серуен түрлері бойынша сенімді айырмашылықтар байқалынбады. Ұрық концентрациясы (млн./мл.) бойынша орта шамалар арасындағы көзге түсерлік айырымның өзі (d = 37,73 млн./мл.) кездейсоқ болып шықты (р > 0,05). Эякулят көлемі тәжірибе тобында 22,6 мл-ден 55,0 мл-ге дейін ауытқиды, бұл өз кезегінде белгінің жоғары деңгейде өзгеретіне әкеледі (Cv = 65,38 %). Бақылау тобында да осындай жағдай байқалады. Демек, алынған мәліметтер зерттеліп отырылған белгінің үлкен ауқымда өзгеретінін сипаттайды. Айғыр ұрығының концентрациясы бойынша да осыған жақын заңдылық байқалады. Ал ұрықтың белсенділігінің өзгергіштігі орта деңгейден аспайды (тәжірибе тобында – Cv = 13,56 % және бақылау тобында – Cv = 11,45 %). Экономикалық тұрғыдан жаттығу қондырғысын (тренажер) пайдалану тиімді болып саналады, ол атбегінің жылқыға қарауға жұмсалатын уақытты едәуір деңгейде қысқартуға мүмкіндік береді.
Біз өзіміздің келесі зерттеу жұмысымызда «Қазақ тұлпары» жылқы зауытындағы мәліметтер бойынша әр түрлі жылқы тұқымына жататын айғырлардың жасының олардың ұрығының сапасына әсерін талдадық (5-кесте). Кестенің мәліметтерінен сақа жылқылар ұрығының көлемі бойынша жас айғырлардан 2,4 %-ға асып түсетінін, ал ұрық концентрациясы және оның белсенділігі бойынша жас айғарлар сақа жылқылардан басым келетінін байқауға болады, дегенмен орта шамалар арысындағы барлық айырымдар статистикалық тұрғыдан сенімсіз болып саналады (Р < 0,95). Кесте 4 – Айғырлардың ұрықтық өнімділігіне әр түрлі моциондардың әсері
Кесте 5 – Айғыр жасының оның ұрығының сапасына әсері
Ескерту: md мәнін дәлірек анықтау үшін көлемдері тең емес шағын іріктемелерге (n1 ≠ n2) сәйкес арнайы формулалар қолданылды.
10-сурет. «Қазақ тұлпары» жылқы зауытындағы тазақанды мініс жылқы тұқымының айғыры (Тотенхем)
11-сурет. «Қазақ тұлпары» жылқы зауытындағы араб жылқы тұқымының айғыры (Беспокойный)
Жылқы шаруашылығының өзекті мәселелерінің біріне жыл маусымының жылқының көбею қызметіне әсері жатады. Мұндай әсердің себебі болып жыл маусымымен қатар сыртқы орта факторларының өзгеруі саналады, олардың ішінде сыртқы ортаның температурасы, ауаның ылғалдылығы т.б. маңызды рөл атқарады. Осы мәселені зерттеу үшін біз «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында бұрыннан алынған мәліметтерді дисперсиялық кешен құрастыру арқылы талдадық. Бұл үшін жылдың төрт маусымын градация, ал зерттелетін айғыр ұрығын сипаттайтын мәліметтер фактор ретінде алынды. 6-кестеде жыл маусымының айғыр ұрығының көлеміне, оның концентрациясына және белсенділігіне әсері бойынша дисперсиялық кешен берілген.
Кесте 6 – Жыл маусымының айғыр ұрығының көлеміне, концентрациясына және белсенділігіне әсері бойынша дисперсиялық кешен Ұрық көлемі, мл
Концентрация, млн/мл
Белсенділігі, балл
Жыл маусымының (зерттеуге алынған фактор) айғырлардың ұрық көлеміне (нәтижелі белгі) әсер ету үлесі 30 %-ға тең болып шықты. Дегенмен жылдың барлық маусымы бойынша жалпы салыстырудағы айырмашылықтар Фишер критерийі бойынша статистикалық тұрғыдан сенімді емес (Fэмп < Fst), сол сияқты айғыр ұрығының орташа көлемі бойынша да байқалынатын айырмашылықтар сенімсіз, осы көрсеткіш бойынша көзге түсерлік айырымның өзі (қыз және жаз) мәнсіз болып саналады (Стьюдент критерийі tэмп = 2,14 болғанда Р < 0,95). Жалпы алғанда айғырлардың жаз және қыс айларындағы табиғи тұрғыдан әр түрлі қоректендірілуі олардың ұрық көлеміне әсер ету үрдісі орын алады деп тұжырымдауға болады. Ұрық концентрациясының мөлшері барлық жыл маусымы және орта жағдайлары әр түрлі қыс және жаз айларында бірқалыптылықмен сипатталады, жыл маусымы бойынша байқалынылатын айырымдар Фишер критерийі бойынша да Стьюдент критерийі бойынша да сенімді емес (Р < 0,95). Дегенмен бұл көрсеткіш ұрық көлемімен байланыста болатындықтан оның күз және қыс айларында көбейіп, ал көктем мен жаз айларында азаю тенденциясы байқалады. Жыл маусымы дисперсиялық фактор ретінде айғыр үрығының белсенділігіне едәуір әсер ететіні анықталды (Р > 0,95, Фишер критерийі бойынша). Жалпы алғанда қыс айында айғыр ұрығының жоғары деңгейдегі белсенділігі байқалады, осы айдағы ұрықтың орташа белсенділігі мен басқа айлардағы отраша көрсеткіштермен салыстырғанда айырымдар ықтималдылықтың әр түрлі деңгейде мәнді болып шықты (Стьюдент критерийі бойынша): Р < 0,95 (көктем), Р > 0,99 (жаз) және Р > 0,95 (күз). Жылқы тұқымына байланысты айғыр ұрығы сапасы көрсеткіштері 7-кестеде берілген. Зерттелген белгілердің жылқы тұқымына байланысты айырмашылық байқалмайды яғни талданылған белгілер зерттелген жылқы тұқымдары үшін ортақ болып саналады. 7-кестеден алынған мәліметтерден барлық айғыр тұқымында ұрық көлемінің қыс айынан жаз айына қарай едәуір деңгейде жоғарылайтынын байқауға болады: қыс – 20,7 мл (араб) және жаз – 52,3 мл дейін. Жылқы тұқымдарында айтылған жыл маусымдарындағы айғыр ұрығы бойынша орта шамалар арысындағы айырымдар барлық жағдайда сенімді (араб айғырлары үшін – P > 0,95; таза-қанды міністі – P > 0,999 және қостанай – P > 0,95. Араб айғырлары ұрығының концентрациясы күзде, ал таза-қанды міністі және қостанай айғырлары ұрығының концентрациясы қыста жоғарылайды. Ұрықтың белсенділігі жаз айларында азаяды.Сонымен жыл маусымдары спермаөнімділігіне едәуір деңгейде әсер етеді деп тұжырымдауға болады. Айғыр ұрығы сапасын сипаттайтын көрсеткіштер арасында корреляциялық тәуелділікті байқауға болады. Нақтылай айтқанда зерттеуге алынған малдарда ұрық көлемі артқан сайын оның концентрациясы және белсенділігі кемитінін аңғаруға болады. Ал, айғыр ұрығының концентрациясы мен белсенділігі арасында бір жақты тәуелділік байқалады. Осыған орай зерттеуге алынған айғыр ұрығы сапасын сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы корреляциялық және регрессиялық тәуелділікті зерттеу мәліметтері 8-кестеде берілген. Айғыр ұрығы көлемі мен оның концентрациясы арасында жоғары және ұрық көлемі мен оның белсенділігі арасында орташа деңгейдегі корреляция байқалды: r = – 0,79 және r = – 0,57. Алынған корреляция көрсеткіштері статистикалық тұрғыдан сенімді болып саналады. Кесте 7 – Айғыр ұрығы сапасын бағалаудың әр түрлі тұқымдарда жыл маусымында өзгеруі
Ескерту: жиындағы орта шамалардың мәні Ал, ұрықтың концентрациясы (млн/мл) мен оның белсенділігі (балл) арасындағы байланыс – 0,47-ге тең. Регрессия көрсеткіштері арасындағы жоғары абсолюттік тәуелділік айғыр ұрығы көлемі мен оның концентрациясы арасында байқалды, мысалы айғыр ұрығы көлемінің бір бірлікке артуы оның концентрациясының 4,59 млн-ға (Ryx) кемуіне әкеледі. Немесе, керісінше, айғыр ұрығы концентрациясының бір бірлікке артуы айғыр ұрығы көлемінің 0,14 мл-ге (Rxу) кемиді деп бағдарлауға болады.
Кесте 8 – Айғыр ұрығы көрсеткіштері арасындағы корреляциялық байланыс
Регрессия коэффициентін талдау арқылы айғыр ұрығы концентрациясының оның белсенділігі арасындағы тәулділік салыстырмалы тұрғыдан жоғары емес екенін пайымдауға болады, Мысалы, айғыр ұрығы концентрациясының бір миллион бірлікке артуында оның белсенділігі барлығы 0,0003 балға ғана артады екен (Ryx).
|