Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ




 

Еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастырылуын талдау

Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау» заңына сәйкес «ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» жылқы зауытындағы еңбекті қорғау жұмыстарына жауапкершілік жылқы зауыты төрағасына жүктеледі..

В 2015 ж. «ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» жылқы зауытында еңбекті қорғау жұмысына жоспар құрылып, ондағы шаралардың іске асырылуына жеткілікті деңгейде арнайы қаражат бөлінді. Бекітілкен жоспар бойынша жылқы зауытында барлық ветеринария-санитариялық талаптар, жұмысшыларды арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету қарастырылған. Жылқыны күту, баптау және сынақ кезеңдеріндегі қауіпсіздік шаралары толығымен ескерілген. Ат қорларды дезинфекециялау үшін нормаға сәйкес арнайы киімдер арнайы бөлмелерде жұмысқа жарамды күйде сақталады.

Жұмысқа қабылданған әрбір жұмысшыға алғашқы түсініктемелер беріледі, оның нәтижесі арнайы жорналға тіркеледі. Бұдан бөлек жылына екі рет еңбекті қорғау мәселелері бойынша қосымша түсніктеме­-ақпараттар жүргізіледі.

«ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» жылқы зауытында канализациялық жүйеге қосылған бірнеше тазалық орындары бар, онда санитариялық талаптар толықтай сақталады.

Жұмыс орындары арнайы үстелдермен жабдықталған және техникалық қауіпсіздік жұмыстары бойынша инструкциялар бар. Барлық қауіпті химиялық ертінділер, реактивтер арнайы жәшіктерге сақталады, олардың есікшелерінде сақталуға қойылған заттардың тізімі жазылған, ал химиялық заттар құйылған шыны құтылардың сыртындағы этикеткалары анық көрінілуі қарастырылған.

Лабораториялық жұмыстар берік үстелдерде жүргізіледі, газ тақтайшасы жеке бөлмеге орналасқан.

Жылқы зауытында аптасына бір рет дезинфекциямен қоса тазалық күні өткізіледі, ал бөлмерді санитариялық тазарту жұмыстары күн сайын негізгі жұмыс соңынан кейін әрдайым жүргізіледі.

Қолданылған материалдар (шприц, бинт, реактив қалдықтары, т. б.) үшін қоқыс контейнері бар. Оларды дер кезде жинап арнай орындарға жеткізіп, қажет жағдайда белгіленген нұсқауларға сәйкес жою мүмкіндіктері қарастырылған. Кейбір жағдайларда қалдықтар арнайы жою орындарына арнайы транспорт арқылы есепке алыну түрінде тапсырылады.

Жылқы зауытында еңбек ететін әрбір жұмысшының тазалық (санитариялық) кітапшасы болуы керек, онда жыл сайын өтетін медициналық тексеру (соның ішінде туберкулезге, бацил-гельминттік диагноз) нәтижесі белгіленеді.

«ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» жылқы зауытында жеке қауіпсіздік шараларына ерекше мән беріледі. Жазатайым оқиғаларды тексеру, есепке алу және талдау жұмыстары міндетті түрде ескерілген. Бұл шара «Өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу қағидаларына» сәйкес жүргізіледі. Қажет жағдайда жазатайым оқиғасына байланысты өтемақы тәртібі де қарастырылған.

Жылқы зауытында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қорғау қызметі бар, бұл жұмысқа арнай дайындықтан өткен, осындай жұмысқа қабілеті бар қызметкерлер қабылданады. Қажет жағдайларды атқораға кіру рұқсат қағазы қарастырылған. Олардың жұмысы нәтижесінде өткен жылы ешқандай тәртіп бұзушулық немесе қандай да бір келеңсіз жағдай тіркелген жоқ.

«ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» жылқы зауытында үзіліс кезеңіндегі жұмысшылардың демалуына жағдайлар жасалған. Қызыл бұрышта газет-жорналдармен танысуға болады. Шағын кітапханадан арнайы әдебиеттерді алуға болады.

 

Жұмысшылардың жеке гигиенасы

Жұмысқа қабылданатын жұмысшы немесе қызметкер жылқы зауытынының төрағасының қабылдауында болып жалпы еңбек міндетерімен танысады, онан соң жұмыс орнының ерекшеліктерімен арнайы мамандардыңың кеңесін алады. Жұмысқа қабылданар алдында міндетті түрде медициналық тексерістен өтуі керек. Бұдан бөлек барлық персонал жүйелі түрде медициналық тексерістен өтеді.

Жылқы зауытына жұмысқа патогенді микрофлора барлар және аллергиялық және тері аурулары байқалатын адамдар жіберілмейді. Инфекциялық кеселдермен аурулар немесе әр түрлі дәрежедегі терісі жарақатанғандар денсаулығы қалыпты жағдайға түспей уақытша жұмысқа жіберілмейді.

Қызметші денсаулығының жағдайлары мен жеке гигиенасының талаптарын белгілейтін нұсқауларды қатаң түрде сақтауы қажет.

Жылқы зауытының жұмысшылары және қызметкерлері өзінің дімкәстігі немесе денсаулығының ахуалы (тері, тыныс алу, аллергиялық жәене тағы басқа аурулар) туралы тікелей бастығына хабарлауы тиіс. Жұмысшы өз денсаулығын қалыпты жағдайда ұстауы оның басты міндеттерінің бірі болып саналады.

 

Қалдықтар

Жоюға жіберілетін қалдықтарды дұрыс және қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету керек. Қалдықтарға арналған ыдыс – құрылғылары арнайы бекітілеген орындарға жиналуы тиіс, ал оларды қайта өңдеуге немесе түпкілікті жоюға жүйелі түрде жеткізілуі керек.

Сұйық қалдықтарды жылқы зауытының лабораторияларында сақтауға тиым салынған. Оларды арнайы қабылдауларға жинап, түтікшелер арқылы лабораториядан аластатылады. Оларды аластату қауіпсіз болуы керек және белгілі мерзімдерде қажет санитария-гигиеналық жағдайларды сақтап, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

 

Өрт қауіпсіздігін алдын алу

Жылқы зауытының барлық жұмысшылары өрт сөндіру ережелерімен таныс. Жылқы зауытында өртке қарсы инвентарлар және құмға толтырылған жәшіктер бар.

Жылқы зауытының территориясында темекі қалдықтары үшін арналған урналар қойылған, бөлмеде не лабораторияларда темекі шегуге тийым салынған.

Өрт пайда болған жағдайда эвакуациялық жоспар бар, оның мағынасы барлық қызметкерлерге түсіндірілген. Өткен жылдары «ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» жылқы зауытында қауіпсіздік шаралары сақталуына байланысты ешқандай өрт жағдай тіркелмеген. Қазіргі кезде өртке қарсы қауіпсіздіктің жаңа жүйесі еңгізілді.

 

Еңбекті қорғау жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстыр

1. Жұмысшылардың жұмыс орындарының санитарлық жағдайын қатаң бақылауды өткізу керек.

2. Жылқы зауытының барлық бөлмелері мен лабораторияларында санитариялық талаптарға сәйкес қондырғылармен қамтамасыз ету керек.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 190; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты