Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Останай жылқы тұқымы айғырларының селекциялық сипаттамалары




Қостанай жылқысының тұқымішілік типтері. Кез келген тұқымда сыртқы дене бітімінің формалары, жұмыс өнімділігі бойынша ерекшеленетін малдарды ажыратуға болады. Өздерінің экстерьері және жұмыс өнімділігі сипаттары бойынша ұқсас мұндай мал тобы тұқымішілік типті құрайды. Олардың басқа тұқымішілік топтардан биохимиялық және физиологиялық бірқатар ерекшеліктерін ажыратады. Сондықтан жылқы асылдандыру жұмыстарында бірінші кезектегі мәселе ретінде тұқымішілік типтерді, аталық іздер мен аналық ұяларды зерттеуге үлкен мән беріледі.

Қазіргі кезде қостанай тұқымында үш тұқымішілік типті ажыратады: негізгі, міністі және далалық. Олар жалпы алғанда біркелкілікпен сипатталғанымен, типтердің қалыптасуына жиі қолданылған жылқы тұқымы және оның доминатты ықпалы, сондай-ақ азықтандыру жағдайлары әсер етті. Барлық тұқымішілік жылқы типтері шаруашылық үшін пайдалы белгілеріне сәйкес жоспарлы түрде алынған. Негізгі және міністі тұқымішілік типтер жылқы тұқымын асылдандыру жұмыстарында және спорттық сынақтарда, ал үшінші далалық тип тебінді жылқы шаруашылығанда қолданылады.

Негізгі тұқымішілік тип. Салт және жегіс белгілері жақсы үйлескен. Осы тұқымішілік типтің жылқыларының бас мөлшері орташа, мойындары ұзын болып келеді; шоқтығы ­­– ұзын, биік; арқасы ­­– тегіс, кең; белі ­­– қысқа мығым; кеудесі ­­– кең, терең; қабырқалары жақсы иілген; жауырындары ­­– ұзынша қиғаш орналасқан.

Негізгі тұқымішілік типке Зевс, Тростник зауыттық іздерінің көптеген жылқылары, Забой ізінің кейбір жылқылары және 994 Левада, 415 Санжи, 178 Гренада аналық ұяларынан шыққан жылқылар жатады. Бұл тип тұқымның 25-30 %-ын құрайды.

Міністі тұқымішілік тип. Спорттық мақсаттар үшін бағалы және асылдандыру жұмыстарыда маңызды рөл атқарады. Жылқының осы тұқымішілік типінде міністік қасиеттер жақсы дамыған ­­– орташа ашаңдау келген бас, ұзын түзу мойын, ұзын желке, биік ұзынша шоқтық, қысқы мығым арқы мен бел, көбінесе түзу келген және бұлшық еттері дамыған сауыр. Аяқтары берік және құрғақ, бақайшығы ұзынша, буын-сіңірлері берік. Бұл жылқы тобының ұзындығы шоқтығының биіктігіне жақын немесе қысқалау болып келеді. Классикалық қашықтықтарға өткізілген жарыстарды дәл осы тұқымішілік тип тазақанды міністі жылқыларынан кейін өзінің қанына лайқы орынға ие болуда. Олар тебінді жылқы шаруашылығына нашар бейімделгендіктен қора-жайылымдық жағдайда өсіріледі.

 

а

 


ә

8-сурет. «Қазақ тұлпары» жылқы зауытындағы қостанай жылқы тұқымының айғыры: а – Реферат; ә – Флагман

 

9-сурет. Жирен түсті қостанай жылқысы

 

Бұл тұқымішілік типке Бурелом, Диктора, Забой, Неон және Форт аталық іздерінің, 102 Бретоника, 922 Доли, 976 Зозуля, 998 Ночка, 529 Сибирь, 1120 Терада, 622 Темза, 1122 Фаза анылық ұяларының ұрпақтары жатады. Тұқымдағы бұл типтің үлесі 50-55 %.

Далалық тұқымішілік тип. Бұл топ өзінің бастапқы тегінің жергілікті қазақ жылқыларының қасиеттерін көбірек сақтаған. Етті және сүтті жылқы шаруашылығы дамуы олардың маңызы зор және қостанай жылқысының 20-25 %-ын құрайды.

Қостанай жылқысының зауыттық аталық іздері. Жылқыларды аталық із бойынша сұрыптауды екі жақты қарастыруға болады ­– шаруашылық үшін және биологиялық. Шаруашылық үшін жағынан аталық із бойынша сұрыптау аса құнды жеке айғырларды тиімді пайдалану маңызды болады және тұқымның құрылымын ретке келтіруді қамтамасыз етеді. Аталық із бойынша сұрыптаудың биологиялық мәні сұрыптау мен жұп таңдау дұрыс жүргізілгенде жылқының тұқымқуалаушылық қасиеттерін сенімді бекітуге мүмкіндік береді [63, 64, 65].

Қостанай тұқымын жетілдіруде аталық іздерді асылдандыру жұмысы кросс және инбридинг әістері арқылы жүргізілуде, екі әдісте бірі-бірімен үздіксіз тығыз байланысқан және бірін-бірі толықтырады. Кросс аталық іздерді өара микрогетерозис байланыстырады және ұрпақтың генетикалық негізін кеңейтеді. Сонымен қатар ол аталық іздің әлсізденуіне және қасиеттерінің бытыраңқы болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл екі әдісті алма кезек қолданғанда кейбір аталық іздердің кросс пен инбиридингке икемділігін ескеру қажет. Қостанай жылқы зауытында асылдандыру жұмысы кросс әдісімен жүргізілуінде құнды қасиеттерді тұқымда бекіту мақсатымен аталық іздердің негізін салушы ­­– Терек 2, Сон ­­– Алтесаа, Чимо­­–да­­–Конельяно, Тапи­­–Вера, Багр іздерінен жалғастырушы айғырларға ІІІ-ІІІ, ІV-ІІІ, ІІІ-ІV дәрежесіндегі инбридинг қолданылады. Қазіргі кезде қостанай тұқымының кейбір аталық іздердің негізін салушылардың үшінші-төртінші ұрпаққа дейін қашықтауына байланысты кросс әдісі іздерді нығайту үшін Зевс, Диктор, Тростник, Бурелом ­­– аталық іздердің негізін салушыларға инбридинг кезек қолданылады.

Аталық іздерге жататын жылқа саны төмендегі кестеде берілген.

 

Кесте­­ – 1. Қостанай тұқымының негізгі зауыттық аталық іздері

 

№№ Аталық із n
Диктор (Диплом ­­– Деспот)
Бурелом (Браслет, Басик, Билитер, Бугор)
Неон (Наследник, Наигрыш, Норд)
Форд
Зевс (Залаг, Зафрен, Заневес)
Забой (Зигмунд, Закат, Задарный)

 

1-кестенің мәліметтерінен Забойдың ізін жалғастырушылардан басқаларда аталық іздердің жеткілікті мөлшерде екенін байқауға болады. Алғашқы төрт аталық із міністі, қалған екеуі негізгі тұқымішілік типке жатады.

Қостанай жылқысының аналық ұялары. Тұқымды тиімді жетілдіру үшін мал асылдандыру жұмысын аталық іздермен қатар аналық ұялармен де жүргізу керек. Аналық ұялармен дұрыс жүргізілген асылдандыру жұмысы жоғары өнімді малдардың санын көбейтуге және асыл тұқымды құнды айғырларды алуға мүмкіндік береді [66].

Аналықтардың генетикалық құндылығын бағалау дара селекцияны жүргізуде, аса құнды жеке малды алу мақсатына жетуде шешімді маңызға ие болады. Аналық ұяның генетикалық мүмкіндігі туралы ақпараттың болуы малды жеке бағалаудың сенімділігін көтереді және алдын-ала жоспарланған қасиеттері бар ұрпақты алуды қамтамасыз етеді. Демек, аналық ұя тұқымдың болашағына әсер етеді.

«Қазақ тұлпары» ЖШС мемлекеттік жылқы зауытында 100-ге жуық асыл тұқымды бие бар, олардың барлығы қостанай жылқы тұқымының талаптарына толық сәйкес келеді, сонымен қатар олар бір-бірінен тұқымішілік тип бойынша ерекшеленеді: 62 %-ы міністі және 38 %-ы негізгі типке жатады.

Өздерінің генеалогиялық құрыламы бойынша аналық жылқылар әр түрлі зауыттық аталық іздерге жатады. Аналық құрамның әр түрлі зауыттық аталық іздерге жатуына байланысты өсу көрсеткіштері 2-­­­­кестеде көрсетілген.

 

Кесте­­ 2 – Зауыттық аталық іздеріге жатуына байланысты аналық жылқылардың өсу көрсеткіштері

 

Зауыттық аталық із n Дене өлшемдері, см
Шоқтығының биіктігі   ± Тұрқының қиғаш ұзындығы ± Кеуде орамы   ± Жіліншік орамы   ±
Зевс 84 164,7±1,93 161,8±1,81 189,0±1,95 20,3±0,20
Забой 75 164,3±0,33 162,1±0,39 187,6±0,76 20,2±0,32
Диктор 56 163,3±0,33 162,1±0,87 183,5*±0,14 20,0±0,22
Бурелом 30 164,4±0,54 163,1±0,79 180,9**±1,98 20,2±0,24
Триумф 486 161,7±0,92 159,1*±0,97 185,2±1,67 20,5±0,26
Неон 464 160,3*±0,99 158,1**±1,02 182,9***±1,56 19,8*±0,35
Форт 494 163,9±0,25 160,5***±0,77 183,5****±1,62 20,1±0,25
Орта шамалар айрымының сенімділігі Р* 0,95 Р* 0,99 Р** 0,999 Р*** 0,95 Р* 0,95 Р** 0,95 Р*** 0,95 Р**** 0,95 Р* 0,95
Тазақанды міністі айғырлар тобы 160,1±0,74 156,9±0,89 182,3±0,96 19,5±0,19
             

 

Аналық жылқылар зауыттық аталық іздеріге жатуына байланысты өсу көрсеткіштері ішінде шоқтығының биіктігі және жіліншік орамы бойынша бірі-бірінен сенімді айырмашылықта болмайды, бұл көрсеткіштер бойынша көге түсерлік орта шамалар арасындағы айырымдардың өзі сенімсіз (Р < 0,95). Тұрқысының қиғаш ұзындығы бойыша Бурелом 30 аталық ізінен шыққан биелер Триумф 4786, Неон 464 және Форт 494 аталық іздерінен шыққан аналықтардан асып түседі, ал қалған аталық іздерден алынған биелерден сенімді айырмашылық байқалмады. Ал, Зевс 84 аталық ізінің анылықтары барлық басқа аталық іздердің аналықтарынан кеудесінің орамы бойынша ерекшеленеді (2-кесте).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 449; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты